Жекеменшік киностудиялар жетістікке жете ала ма?

© easyflic // Flickr

 Соңғы он жыл ішінде ұр тоқпақтың астына алынған қазақ киносы енді-енді  ес жиып келеді. Күні бүгінге дейін біріміз киноның тақырыбын талқыладық, біріміз идеологиясын құптамадық, біріміз жанрларын жаратпадық, енді біреулеріміз актер, режиссерлерімен алыстық, әйтеуір айналып келіп, «Қазақфильмді» жерден алып жерге салдық. Енді елдің назарына «Қазақфильмнен» өзге жеке киностудиялар да іліне бастады. Өйткені кейінгі кезде жеке студиялар түсірген фильмдер еліміздегі кинотеатрларда, телеарналарда көрсетіліп, көрермен арасында түрлі пікірлер туғызуда. «Алаш айнасы» осы жеке киностудиялардың тынысын тыңдап көрген еді. 

Бұрынғы одақтас республикалардың ішінде Ресей мен Қазақстан өзінің киноөндірісін және ұлттық киностудияларын сақтап қалды. Алайда Ресейде кино әлдеқашан бизнеске айналып үлгерген. Бүгінде Ресейдің картиналары лық толы зал жинай алады. Олардың фильмдері, телесериалдарыТМД елдерінің барлық арналарында шетелдік фильмдерді ығыстырды деуге болады. Әрине, Ресейдің аудиториясын бізбен салыстырған 20 есе артық және көршіміздің кино саласына бізден 30 есе артық инвестиция салынады. Сондай-ақ олардың кино саласында жетістікке жетуіне 1996 жылы қабылданған кино туралы заң да себепші болды. Ресей билігі жекеменшік киностудияларды инвестиция салу арқылы ынталандырды, олардың арасында бәсекелестік тудырды.
Ия, кеңестік кезеңде қазақ киносына қаржы аямай салынды. Тіпті режиссерлеріміз кино эпизоттарын шетелдерге барып түсіріп келетін. Әйтеуір жақсысы бар, жаманы бар, фильмдер түсіріліп жататын. Кейіннен егемендікке қолымыз жеткен тұста жаппай жекеменшік киностудиялар ашылды. Кейбір дереккөздерінде ол тұстағы киностудиялар саны 50-ге жуық десе, кейбір жерлерде 30-ға жуық болды деп көрсетіледі. Кейбіреуін атап айтсақ, «Катарсис» «ХХI ғасыр», «СКИФ», «Кадр», «Кадам», “Елімай”, “Кино”, т.б.  Алайда осы  студияларды жекеменшік деп айтуға да келіңкіремейді. Өйткені олар сол уақытта банктерден несие алып әрқайсысы өзінше кино түсірумен айналысты. Алайда ол уақытта кино өз шығынын өтей алмағандықтан, студиялар салық төлей алмағандықтан, көбі жабылып қалды. Осы себептен де біраз уақыт қазақ киносы көшке ілесе алмай жатты.   
Ал қазіргі Қазақстандық кино, оның ішіндегі жеке меншік киностудиялар өнімдері  әлі де демеушілерге зәру, соларға тәуелді. Қазақ киноларының бір ғана демеушісі ол – мемлекет. Осы уақытқа дейін біздің елде, кино бюджеттің қаржысына түсірілуі тиіс деген түсінік болды. Алайда жеке студиялар өздігінше фильмдер түсіруге талпына бастап еді, қатып қалған сең бұзылып, тек бюджетке телмірмей-ақ тіршілік жасауға болатынына көзіміз жетіп келеді. Әрине, әзірге жеке студиялардың кино өнімдері қаржыны қырып тауып жатыр деуге келмейді. Өйткені кинодан табыс табу үшін соған лайық қаржы салу керек. Әйтпесе оның деңгейі де, сапасы да сын көтермейді, прокатқа да шығып жарытпайды. Қазіргі таңда мемлекеттің киноға бөлінген қаржысына тек «Қазақфильмге» қатысы бар деген киностудиялар ғана қол жеткізіп отыр. Ал мемлекет бүгінде тарихи фильмдерге басымдылық беруде. Яғни, халықтың қаржысына түсіріл¬ген-дік¬тен, картиналаркөпшіліктің көңілінен шығуы үшін біз ол фильмдерден ең алдымен адамгершілік, имандылық, патриоттық рухты көтеретін өнім болуын күтетініміз рас. Алайда бюджеттің қаржысына түсірілген картиналар көркемдік кеңестік сүзгісінен өтіп жатса да, біршама сынға ұшырап, тіпті көрермен қабылдай алмай жатады. Өйткені олардың арасына белгілі бір көрерменге ғана арналған авторлық фильмдер де еніп кеткен еді. Мұндайда  ешқандай көркемдік кеңестің талқысынан өтпейтін жеке меншік студиялар түсіретін фильмдердің сапасы жөнінде сөз қозғаудың өзі артық секілді. Бірақ осы жекеменшік студиялар түсірген фильмдердің кейбір кемшілігіне қарамастан халықтың көретіні, талқылайтыны шындық. Өйткені қарапайым халық кинодан шынайылықты күтеді, өзін көргісі келеді. Сондықтан қазіргі таңда жекеменшік киностудиялар жандана түсу үшін өркениетті елдерден өзімізге қажетті үлгі алғанымыз артық болмайды. Айталық Египетте қалталы азаматтар ұлттық көркем фильмдерге инвестиция салады, ал балалар фильмін Үкімет қаржыландырады. Сондай-ақ қазіргі заманда кино державаларына айналған Фран¬ция, Қытай Ко¬рея және Үндістан ұлттық фильмдеріне арнайы кво¬та бөледі.Француздар өз елдерінде шетелдік фильмдерден түскен қаржыны ұлттық киноны дамытуға жұмсайды. Олардың шетел фильмдерінен көретін жылдық табысы 250 млн доллардан асады. Сондай-ақ кейбір елдерде телеарналар тек телесериал түсіріп қана қоймай, жекеменшік киностудияларды жарнамалап, оларға инвестиция тартуға атсалысады, отандық режиссерлердің фильмдеріне қаламақы төлейді. Ал бізде, керісінше, телеарналар режиссерлерге ақша төлеуі былай тұрсын, өздері ақы сұрайды. Егер киномызды алға сүйрейміз десек, кино өндірісінің барлық механизмдерін іске қосып, жұмыла жұмыс істейтін уақыт келді. Ол үшін еліміздегі бірден-бір киностудия  «Қазақфильм»  жекеменшік киностудиялармен сәтті бастаған жұмысын одан әрі дамытып, мемлекет пен кино өндіруші арасында өз пайызын ғана көксейтін делдал  ғана емес, шын жанашырға айналғаны жөн деп есептейміз. Ал еліміздің мәдениет басқармасы отандық жекеменшік студияларды көбейту үшін ең болмаса салық жағынан жеңілдіктер жасауға мұрындық болса нұр үстіне нұр болар еді. Сондай-ақ отандық режиссерлерімізді, телеарналарымыз  ынталандыру үшін белгілі бір марапаттар ұйымдастырса, киномыздың  көсегесі көгере түсер еді.   
Ермек Аманшаев, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті. –Осыдан 3-4 жыл бұрын «Мәдениет туралы» Заңға толықтырулар енгізілгенде киноиндустрия саласына қатысты 20-ға жуық түзетулер мен толықтырулар ескерілді. Алғаш рет заңға  «копродукция», «продюссерлік», «ұлттық фильм», «прокаттықкуәлік» секілді ұғымдар енді. Осы базаны әлі де толықтыра түсу керек. Киномотограф туралы жеке заң қажет. Ең болмаса киноиндустрия саласын белгілі бір уақытқа салықтан босату жайлы  кинокомиссиялық қарарлар керек. 
 
Ки¬но өнері бірде шыңға шығады, бірде өрден құлыдарайды, кейде қайта жанданады. Кейде өз заманында сынап-мінеп сілікпесін шығарған фильмдер уақыт өте келе жоғары бағаланып, шедеврге айналып жатады. Ол үшін қазақ киносы әлемдік кинода үнді, кәріс, француз фильмдері секілді өзіндік стилін қалыптастырып алса дұрыс болар еді. Ендеше алдымен фильмдерімізді көбейтейік, саннан сапаға ауысайық, сападан шедеврлерге жетейік!  
 
Керек дерек: 
Өткен жылы Қазақстанда 22 толық метражды фильм жарыққа шықса, оның жетеуі халықаралық кинофестивальдарға қатысты. Отандық картиналардың 14-і кинопрокаттан өтті. Кіno.kz статистикасы көрсеткендей біздің  отандық фильмдер прокаттың 3,9 пайызын құрайды. Фильмдердің 50 пайызға жуығын «Қазақфильм» киностудиясы түсірсе, қалғаны жекеменшік студияларда түсірілді. Киносыншылардың шешімі бойынша жылдың ең үздік фильмдерінің тізіміне "Асланның сабақтары" ( "Уроки гармонии" ) Эмир Байғазин;"Құрылысшылар" ("Строители") Әділхан Ержанов,"Бауыр" Серік Апрымов,"Нағима" Жанна Исабаева"Кітап" ("Книга" ) Ербол Жұмағұлов" енді. Жекеменшік студияларда түсірілген үздік картиналар қатарында Фархат Шариповтың «Бөгдеғаламшарлықтардың қатысы жоқ», Талғат Жәнібековтің «Джокер», ерболат Беделханның «Тиым салынған билер", Сәкен Жолдастың «Жігіт пен қыз»атты фильмдері бар. 
Сондай-ақ өткен  жылы көрерменге "Бір кем дүние",  "Препод""Елесті аулау", "Күн сақшылары", "Олимп шыңы", "Ат жүрісі", "Жол", "Тракторшының махаббаты", "Ер Төстік пен Айдаһар", "Жеңіс семсері", "Бапкер", "Көк тарландары", "Бауыржан Момышұлы", "Елбасы жолы" тағы басқа фильмдер ұсынылды. 
 
Алдағы уақытта «Алаш айнасы» жекеменшік киностудиялардың басшыларымен, жекелеген актерлермен сұқбаттар ұсынады.
 
Бауыржан, Күләш, Қасым қайтып келгендей болды
 
Билік бұдан былай түрік, кәріс телесериалдары телеарналарда көрсетілмейтін болады деп мәжбүрлей бастағаны сол еді, өзіміздің қазақ телесериалдары көбейе бастады. Айдаладағы Ананди, Хюремдер қуанса, бірге қуанып, жыласа бірге жылайтын көрермендер енді өз сериалдарымыздан сүйікті кейіпкер табуға мүмкіндік алды. Отандық сериалдарымызд көріп отырып, кейбір тұстарында күйіп-піссек те, әйтеуір өзіміздікі ғой, болашақта кем-кетігіміз түзелер деп үмітпен қараймыз.
Жекеменшік киностудиялар, телеарналар қазақ тілін енді үйреніп келе жатқан қазақтар секілді қазақ киносын түсіруге енді машықтанып келеді. Осының айқын дәлелі өткен жылы қазақтың маңдайына біткен үш тұлғасы Күләш Байсеитова, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов туралы телесериалдар түсіріліп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 
Қазақстанның атын әлемге танытқан бұл-бұл әнші Күләш Байсеитова жайлы сериалды белгілі продюссер Баян Есентаеваның «Shine Production»киностудиясы жарыққа шығарды. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы туралы фильмді белгілі режиссер Ақан Сатаев түсірді. Қазақстан, Ресей, Украина бірігіп түсірген Қасым Қайсенов туралы телесериалдың өндірісімен "Қазақстан" РТРК, КТК, "Бірінші арна Еуразия" телеарналары мен INTRA Communication (Ресей) және FILM UA (Украина) компаниялары айналысты. Негізгі түсірілім жұмыстары Украинаның Чернигов облысында жүргізілген.
Аталған телесериалдар көрерменге тарихи тұлғалар туралы біршама мағлұмат берді. Қазіргі таңда көрермен үшін фильмнің арзан-қымбаттығы, продюсерлердің табысы, шетелден алған жүлделері маңызды емес, ең бастысы кинодан алған жақсы әсер, рухани ләззат қымбатырақ. 
Өзге жобалардан ерекше бөліп көрсетіп отырған бұл сериалдарды Қазақстанға есімдері белгілі болып қалған кәсіби продюсерлер, режиссерлер жасады. Орынды, орынсыз айтылған сындарға төтеп беріп, өздерінің сапалы өнім шығара алатындарын дәлелдеуге тырысып келе жатқан жекеменшік киностудиялар нарықты заңын игере бастағаны қуанарлық жағдай. 
 
Жаңалықтар 
«Елес қуған сайыпқыран» көрерменге жол тартты 
Түсірілімі 2011 жылы басталған қазақстандық режиссер Марина Кунарованың "Елес қуған сайыпқыран" фильмі жуырда прокатқа шығатынын бұған дейін хабарлаған едік Фильмді қазақстандықтардан кейін америкалық көрермендер көретін болады. Фильм продюсері Ернар Мәліков қазірдің өзінде бірнеше кинопрокаттаушылармен келісімге отырып үлгергенін, алдағы мамырда әлемдік прокатқа шығатынын да мәлім етті.
Фильмнің Алматыда өткен премьерасына басты рөлдерде ойнаған Санжар Мәдиев пен Никита Пресняков та келді. 
Фильм сюжеті жақын болашақта Ғаламдық корпорацияның жер бетіндегі қылмыс атаулыны толықтай жоюға бағытталған GS-кодты іске қосқанда орын алуы мүмкін өзгерістерді баяндауға негізделген. Алғашында бұл жаңалықты адамзатқа берілген сый ретінде қабылдаған қоғам қолданысқа жаппай енгізуге кіріседі. Алайда адамдар ол уақытта GS-код қауіпсіздіктен бөлек қандай мақсатта жасалғанын білмеген еді. Ал негізінде корпорация "Елес" бірегей қауіпсіздік жүйесін жер бетіндегі барлық адамды бақылауда ұстау үшін құрған болатын. Шынтуайтында "Елес" жүйесі іске толықтай қосылған уақытта жер бетіндегі жағдай бұрынғыдан да күрделене түседі. Адамдардан маза қашып, түсініксіз жайттар жиі-жиі орын ала бастайды. Фильмдегі тергеуші-полиция қызметкері Тимурдың рөлін – Санжар Мадиев сомдаса, ал ғаламдық құйтырқы жобаның бел ортасында қалған күдікті-хакер Зак рөлінде – Никита Пресняков ойнайды. Фильмдегі екі кейіпкер әлемді «жаңа технологияның» құрсауынан тезірек шығармаса, көп ұзамай өздерінің де торға түсетінін білді. "Елес қуған сайыпқыран" фильміндегі көріністердің 40 пайызы компьютерлік графикалармен жасалғанына қарамастан, барлық трюктарды актерлардың өздері жасаған.
Түсірушілер фильм бюджеті туралы айтуға құлық танытпады. Алайда фильмді түсіруге бөлінген қаржының негізгі бөлігі голливуд актерлары  Арманда Ассанте мен Кристаны Локенге, сондай-ақ, Әсел Сағатова, Камила Ермекова, Игорь Бабичев пен Владимир Толоконников секілді қазақстандық актерлерге берілгенін айтты. Естеріңізге саламыз, "Елес қуған сайыпқыран" фильмінің орыс тіліндегі саундтрегін Әли Оқапов айтқан болса, ал ағылшын тілінде нұсқасын Никита Пресняков орындап шықты. 
Фильм "Қазақфильм" киностудиясы мен MG Production кинокомпаниясының бірлескен жобасы болып табылады. Фильм қазақстандық прокатқа қазақ және орыс тілінде қатар шығатын болады. 
 
«Асланның сабақтары» гран-при жеңіп алды 
Режиссер Эмир Байғазиннің "Асланның сабақтары" фильмі үстіміздегі жылдың 17-26 қаңтар аралығында Францияда өткен Premiers Plans 26-шы Халықаралық кинофестивальде Гран-приді жеңіп алды. 
Эмир Байғазин Францияда фильмді дамыту мен таратуға сіңірген еңбегі үшін 15 мың евро көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. "Алғашқы еуропалық үздік фильм" марапатын Эмир Байғазинге актриса Мария де Медейруш табыстады.Халықаралық қазылар қатарында Мария де Медейруштен басқа режиссер Катрин Корсини, актриса Элиза Ласовски, сценарист Анна-Луиза Тривидик, режиссер Надир Мокнеш және актер Бруно Тодескини секілді кино майталмандары болды.Premiers Plans Халықаралық байқауы 1989 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталмыш байқауға негізінен еуропалық киномотографистердің дебюттық фильмдері қатыстырылады. Осы жылғы фестиваль аясында әлемнің әр елдерінен 80-нен астам дебюттық фильмдер байқауға қатысты. Эмир Байжановтың "Асланның сабақтары" дебюттық фильмінің қанжығасында 25 халықаралық байқаудың жүлдесі бар. Олардың арасында Берлиндегі "Күміс аю" кинофестивалінің жүлдесін, Сиэтлде өткен халықаралық кинофестивальдің Гран-приін, Нью-Йоркте өткен Трайбек кинофестивалінде қазылардың ерекше марапатын, Базель кинофестивалінің Гран-приін, Словакияда өткен халықаралық кинофестивальдің Гран-приін, Лозанда өткен халықаралық кинофестивальдің Гран-приін ерекше атап өтуге болады.
 
«Алаш айнасы» болашақта жекеменшік дыбыс жазу студиялары туралы, бейнеролик, клип түсірудің қыр-сыры жайлы материалдарды назарларыңызға ұсынбақ. 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста