Жазушының сүйікті бес кітабы - Бейбіт Сарыбаймен "Бірге оқимыз"

Жазушының сүйікті бес кітабы - Бейбіт Сарыбаймен "Бірге оқимыз"

 ERG компаниясының қолдауымен Тengrinews.kz сайтында "Бірге оқимыз" жобасы басталған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. Осы мақсатта Тengrinews.kz тілшісі алдағы уақытта жазушыларымыздың бес кітабын оқуға ұсынып отырады. Бұл жолы танымал жазушы Бейбіт Сарыбайдың сүйікті бес кітабын ұсынамыз.

"Жеті ғасыр жырлайды"

 "Бұл кітапты тұтас оқып шығу керек деп ойлаймын. Себебі жыраулық поэзияны бойға сіңірмейінше ұлт руханиятын терең түсіндім деп айта алмайсыз. Біздің тамырымыз тереңде жатыр ғой", - дейді жазушы. "Жеті ғасыр жырлайды" аталатын екі томдықтың бірінші кітабына толғауымен тоғыз ханды тоқтатқан Сыпыра жыраудан бастап, шамамен XIII-XV ғасырлар, қазақ сопылық поэзиясының ірі өкілі Кердері Әбубәкірге, яғни XIX ғасырға дейінгі қырық екі ақын-жыраудың таңдамалы шығармалары жинақталған. Екінші кітабына қазақ жазба әдебиетінің негізін қалауда орасан зор еңбек еткен ағартушы, демократ Ыбырай Алтынсариннен бастап, XX ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүріп, соңына соны сүрлеу қалдырған дарынды қалам иесі Бернияз Күлеевке дейінгі қырықтан астам жазба әдебиет өкілдері мен ақын-жыраулардың таңдаулы шығармалары енгізілген.

Абайдың Қара сөздері

Жазушы кез келген адам оқуы керек кітаптің бірі Абайдың Қара сөздері дейді. "Абай шығармаларын бала кезде оқыған бір бөлек, есейіп, ес жиған кездегі оқу бір бөлек. Жалпы Абайдың шығармаларын араға уақыт салып, бойға сіңіріп оқу керек. Ең міндетті шығармалардың бірі ғой", - дейді Бейбіт Сарыбай.

Бейімбет Майлинның әңгімелері

Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға қойып, "Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын", "Күш" - сауаты нашарларға арналған оқулықты шығарған.

Бердібек Соқпақбаевтың әңгімелері
 

Автордың бір шығармасын оқып болып, одан үлкен әсер алған адам келесі бір туындыларын іздеп тұрады. Балалар әдебиетінің классигі ˗ Бердібек Соқпақбаев шығармаларының тілі баланың жас ерекшелігі мен танымына сай. Қарапайым қазақ баласының танымын суреттеп, қазақ балаларының жиынтық образын жасап, кішкентай оқырмандарының жүректеріне жол таба білген қалам иесі. Шығарма жазуда әсерлі де айшықты тіл мен ұтымды тәсіл қолданған. Баланың қоршаған ортаны қабылдауын суреттеуде қаламгер үлкен шеберлік танытып, көркем тілмен сурет сала білген.

Мұхтар Мағауин шығармашылығы

Бейбіт Сарыбай жазушы Мұхтар Мағауинның шығармашылығы туралы сөз қозғаған кезде "Өмір жыры" кітабын ерекше атап өтті. "Мұхтар Мағауинның әңгіме, повестерін ерекше атап өткім келеді. Себебі қазіргі кезде кез келген адам оқуы тиіс міндетті кітаптардың бірі деп айта аламын", - дейді Бейбіт Сарыбай. "Өмір жыры" повесі замандастар тағдырындағы махаббат атты ұлы сезімнің алатын орны жайында негізінен сыршыл да көркем дүние болып шыққан дейді ақын. Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. "Бірге оқимыз" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірге "Талантты балалар", "Жеңімпаздар", "Батырлар арамызда" жобалары қолға алынған.
 

Tengrinews.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста