"Жататын жерім болмай, өзбектермен вагонда жаттым": Танымал жүргізуші Алматыға келгенде тап болған қиындықтары туралы

"Жататын жерім болмай, өзбектермен вагонда жаттым": Танымал жүргізуші Алматыға келгенде тап болған қиындықтары туралы

Барлық коммерциялық радиоларда орыстілді диджейлердің дәуірі жүріп тұрғанда әдемі қоңыр әуенімен тыңдарман қауымды бірден жаулап алған Аяна Ғабдуллина - бүгінде ең танымал радиодиджейлердің бірі. "Русское радиодағы" қызметімен "Алматы" арнасындағы "Таңғы студия" эфирін қатар алып жүр. Жас буын біздің қателіктерді қайталмаса екен, білген-көргенімді, тоқығанымды соларға үйретсем деген ниетпен шәкірт те тарбиелеп жүрген жайы бар. Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Аяна республикалық радиотолқынға қалай келгені, "ағалар мен көкелер", үлкен шаҺардың дайындап қойған сынағы мен эфирді жылап отырып жүргізген күндерін еске алады.
- Былтыр "Астарлы ақиқаттан" кейін саған тіл тигізген көрермендермен соттасам деп едің?

- Шырын Нарчаевавамен болған бағдарламаны айтып отырсың ғой? Ол бағдарлама өтті де кетті. Бағдарламаға рейтинг жасаймыз деп, кейбір сөздерімді қиып тастағаннан кейін, сөзім түсініксіз шықты. Халық соған наразы болды, ренжіді. Мен шешінсең шешіне бер, білгеніңді істе, бірақ біздің ұлттық нақыштағы киімдерімізге тиіспе деген болатынмын, бірақ редакторлар білгеніңді істе, шешінсең шешіне бер деген сөзімді ғана алып қалған. Содан түсініспеушілік туындады.

- Хейтерлермен қалай күресесің?

- Мүлдем оқымаймын. Басында оқып, кәдімгідей соған ауырып, жылап, күйзеліске түсетінмін. Қазір мүлдем оқымаймын, жаныма жақын алмауға тырысам.

- Жалпы, радиоға қалай келдің, Аяна? Бірден тікелей эфирден бастап кеттің бе?

- Иә, мен тек тікелей эфирде шығамын, өйткені тікелей эфир қателікті кешірмейді, айтылған сөз атылған оқпен бірдей, сосын адреналині ұнайды. Колледжде программистің оқуын оқып жүргенде, 16 жасымда микрофонмен таныстым. Сол кездері республикалық деңгейдегі, Азия біріншіліктерінде елдің атынан күресіп жүрген спортшы болғанмын, Олимпиада чемпионы болу арманым болды. Бірақ әр нәрсеге деген қызығушылығым осы радиоға алып келді, микрофонға сөйледім, өз дауысымды естігеннен кейін қызығушылығым арта түсті.

- Дауысың ұнады ма? Әдетте бәрі бірінші рет өз дауыстарын естіп шошынады...

- Ұнады деп айта алмаймын, менде азарт болды. Келесі жолы осыны айтам, мынаны қосам деген ниет болды. Ары қарай арман пайда болды, жергілікті «Тандем» радиосында жұмыс істедім, дауысымды қойдым. Ол кезде Ақтөбеде радионың дәурені жүріп тұрған кез еді, даусыңнан халық танып жататын. 19 жасымда Ақтөбенің деңгейінен өстім деп шештім, сөйтіп Алматыға келдім. Ол кезде шашым ұзын, қарапайым қазақтың қызымын. Алматы мені қатты сынады, нешетүрлі қара жұмысты істедім, сағатына 1-2 мың теңгеге стройкада жүрдім, сыпырдым, даяшы болдым. Тіпті бүтін нан алуға ақша жетпейтін кездер болды. Үш жыл маған үш ғасырдай көрінді маған. Ақ пен қара бірдей жүреді ғой, үнемі жеңісті күндер ғана болмайды. Менің өмірімде бәрі күшті болады деп айта алмаймын, дегенмен бәріне дайын боламын. Қазір көп нәрседен қорықпаймын, жүрегімді ауыртпайды, мен көрген нәрсені ешкім көрмей-ақ қойсыншы. Жататын жерім болмай, тіпті өзбектермен вагонда жаттым. Бағыт-бағдар беретін қасымда ешкім болмады, өз күнімді өзім көруім керек болды.

- 16 жастан бастап өз күніңді өзің көресің?

- 13 жастан бастап жұмыс істеп келе жатырмын.

- Ал өзіңді танымал қылған «Русское раддиода» қанша жылдан бері жұмыс істеп келесің?

- Алты жылдан бері. Оған дейін «Қазақ радиосында» жұмыс істедім. Ол жерде қатал тәртіп бар, тек дайын мәтінмен шығуың керексің. Міндетті түрде алдын-ала дайындаласың, мәтініңде тексереді, оған мөр басады, содан кейін бір-ақ шығасың. Президент тыңдайды деп үлкен жауапкершілік артатын. Кейін импровизациямен жалынып жүріп шықтым, мүмкіндік беріңізші, дайын мәтінмен табиғи шықпайды, тыңдармандарды алдауға болмайды, олар бірден сезеді деп. Білесің ғой, радиода жұмыс істейтін адам өзінің басынан өткен нәрселерді сөзіне қосып отырады, сол кезде тыңдарманға дұрыс жеткізу үшін кейде жазамын. Кейде шабыт келіп жатса, жазбаймын. Радио қызметкерлерінің арасында мәтел бар: Айтарың болмаса, шықпай-ақ қой деген.

- Аяна, радиожүргізушілер үшін көңіл-күй үлкен роль ойнайды. Жан-дүниең құлазып тұрғанда не істейсің?

- Мен тікелей эфирде құттықтау-сазды бағдарламасын жылап тұрып жүргізгем. Әкем қайтыс болған, көз жасымды сүртіп тастап. Құттықтау бағдарлмасы болғасын тыңдарман әкесін құттықтап, хат жолдапты. Содан мен көз жасымды тыя алмадым. Алты жыл ішінде нешетүрлі жағдайлар болды, кейде жылап жүріп жүргізесің. Бірақ мен радио табалдырығын аттаған сәттен бастап барлық проблемаларымды артта қалдыруға тырысамын. Жұмысымды жақсы көретіндігім соншалықты, микрофон алдында демаламын. Микрофон менің серігім сияқты, іштегі шерімды сол арқылы шығарамын.

- Әдетте радиожүргізушінің образын тыңдармандар өздері елестетіп, шын өмірде басқа екенін көріп таңғалып жатады...

- «Слухы мықты» адамдар, мысалы, таксиде келе жатсам, жүргізушілері танып жатады. Біреулері тележүргізуші ретінде таниды. Мен сені кішкентай қыз екен деп жүрсем дейді. Кейбірі мені 40-тан асқан үлкен әйел ретінде елестетеді.  

- Жалпы, журналистикада артық әңгіме, ингригалар көп болады. Сондайларға тап болдың ба?

- Мен дипломат адаммын, ондайдан қашуға тырысамын, ұрыс-керістен, өсек-аяңнан алыс жүремін. Қазір сыйлас, жақын адамдарымның шеңбері де азайып бара жатыр, кімнің кім екенін танисың. Бір әңгімеге ілінсең, өмір бойы соңына дейін жүреді. 

-    Әншілікке бет бұрамын депсің өзің берген сұхбаттардың бірінде? Әншілер жеткіліксіз деп ойлайсың ба?

-    Өзімше көрейін дегенмін, неге айтып көрмеске?! Бір нәрсені тыңдырмайынша тынышталмас едім, айтып көрдім. Тынышталдым (күледі ред.).

-    Қазір телеарналар да рейтинг әкелетін хайп-тақырыптарды таңдайды, бірден көрерменнің назарын аудара алатын жұлдыздарды жүргізуші ретінде шақырады. Көрерменнің жайын ешкім ойлап жатқан жоқ. Сенің көзқарасың?

-    Қазір жүргізуші, жұлдыздарға ғана емес, көшеде келе жатқан адамға да хайп керек сияқты, өйткені қазір заман мүмкіндіктері басқа, бәрінің гаджеттері бар, атын шығаруға мүмкіндігі бар, диванда отырып алып ақша жасай алады. Ал отандық арналарда бір тақырып, бір формат, бір-екі бағдарлама рейтинг ұстап тұрған. Бір-бірін балағаттап, төбелес шығарып тұрған. Мұны бәрі біліп алған, сондай сценариймен жұмыс жасайды.

-    Көрерменнің деңгейінің төмендігі емес па?

-    Жалпы халықтың менталитеті сондай ғой, бір студияда отырып алып бір-бірімізді жамандауды, балағаттауды жақсы көреміз. Өз-өзімізден қырыламыз. Мысалы, Ұлыбританияда ондай бағдарлама жоқ. Бәлкім елу жылдан кейін біз де өзгеріп, мынандай бағдарламалар шықпайтын болар. Соған үміттенемін. 

-    Студияға жұлдызды қонақтар жиі келеді. Ерекше есте қалғандары қайсы? 

-    Шыны керек, әншілер түк таңғалдырмай кетті, сұрақты айналдырып әкеп қойсам да, сөйлей алмайды, ашыла алмайды. Қатты таңғалдырған қонақтарымның арасында Қайрат Нұртас бар. Оны бәрі пір тұтады, идол санайды. Мен "Түнгі life" бағдарламасын ашқанда, бір қоңырау шалып, бағдарламамды ашып берші деп бұйымтайымды айттым, болды, қай уақытта деп, түнгі 12-де студиямызға келіп, қолында сыйлығы бар, көңілімді бір серпітіп тастады. Сондай қарапайым, кешкі уақытқа қарамастан сұхбатымызға келгеніне риза болдым. Одан кейін Ақан Отыншиев бар, өзі – досым, бірінші студияда таныстық. «Шудың бойында» әні дүркіреп тұрған кез. Ақан, кітап оқисың ба деген сұрақ қойдым. Сөйтсе, иә, қиналғанда Құран кітабын оқимын, басқа оқымаймын деп жауап берді. Не жыларымды, не күлерімді білмейм. Қазір өзі күледі, қайдан білейін, сұхбат беріп үйренбегенмін, ауылдың әңгімелерін жіберіп жатырмын деп. 

-    Елдегі соңғы саяси өзгерістерге, қозғалыстарға, наразылық шараларына қатысты ойың?

-    Мен оған қарсымын. Тыныш, тәуелсіз елімізде өмір сүргім келеді. Бәріне шүкір деп өмір сүретін адаммын, бәріне разымын, жалақымның аздығына да, Алматыда баспанамның жоқтығына да ешкімді кінәлай алмаймын. Бәрінің өз уақыты бар. Наным бар жейтін, жұмысым бар, халқым бар, бауырларым бар. Осы 30 жылда біраз арманым орындалды. Қазақстанда барлық жағдайлар жасап қойған, әрекет етсең, берекет бар. Стив Джобстың жақсы сөзі бар ғой, «Жамбас пен диванның ортасынан доллар ұшпайды» деген. Бірақ әрекет еткісі келмейді, көбісі - еріншек. 

 

Сұхбатты жүргізген: Жанар Жансейіт

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста