Жат жұрттың табағына қашанғы телміреміз?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазақтың ыдыс-аяғы бүгінде төрден ығыстыры­лып, босағада қалды. Олай деуімізге негіз де жоқ емес. Үйде болсын, дәмханада болсын алдыңызға келген асыңызды салатын ыдыс-аяққа бір мезет көңіл аударып көріңізші. Тәрелкеңіз – Ресейдікі, кесеңіз – Бельгияныкі, «тамақ тасымалдаушы» қасығыңыз – Қытайдікі, самаурыныңыз – тағы да Ресейдікі. Кезінде тайқазан жасаған аталарымыздың бүгінгі ұрпағы қасық та шығара алмай отырғанына қарның ашады осындайда.
Алтынмен апталып, күміспен күптелген небір ыдыс-аяқтар дастарқанымыздың төрінен орын алғаны рас. Құдалық күтуге арналған топтама ыдыс бағасының тіпті миллион теңгеден асып-жығылатыны бар. Көз­дің жауын алардай жалт-жұлт еткен сол ыдыс-аяқтардың төркіні Қазақ­стан емес. Теңіз асып, тау асып, шетелден келе­ді. Жа­пон­ның, қала берді неміс пен бель­гиялық­тардың ыдыстары бүгінде төрден орын бер­мейтін болған. Ұятты қонағына қашан­да әсем ыдыспен ас ұсы­ну­ды ұна­татын ұл­ты­мыз үшін, әрине, жар­қыраған дүние ке­рек. Ал ұлттық жарқы­рауық ыдыс, табақ­тар өзі­мізде өндірілмей­тіні белгілі. Сол себеп­тен де өзгеге өңеші­мізді созуға мәж­бүрміз. Жат жұрттың та­бағына тел­мірулі­міз. Ұлт­тық ыдыс-аяқта­рымыз қайда кет­кен деп Асан қайғының зарын қағуға да болмас. Бүгінде ағаштан ойып жасалған астаулар сәнге ене бастады. Қымыз ішетін ағаш аяқ­тар, ағаш қасықтар да сатылымға шық­ты. Бірақ олардың басым бөлігі көрмеге қоюға арналған. Ал бірді-екілі сатып алуға ниет еткендер болса, бағасы удай қымбат. Бір астауыңыз кемі 15 мың теңгеден баста­лып, 75 мың теңгеге бір-ақ жетеді. Мұны тұ­тынушылар да рас­тайды.
Айнұр ҚҰЛЫШБЕКОВА, Тараз қаласының тұрғыны, мұғалім:
– Үйге құдаларым келетін болып, ұлттық нақыштағы ыдыс-аяқтарды іздеп шықтым. Мен іздеген дүние орталық ба­зарда болды. Бірақ өте қымбат бағада тұр­ды. Мысалы, тамақ араластыратын ағаш қасықтың құны – 1800 теңге. Сол себепті оған қаржым жетпегендіктен, қажетті ыдыстарды үйдің жанындағы супермаркеттен сатып алдым.

Өздеріңіз байқағандай, мұндай бағаға ыдыс сатып алатындай елдің бәрі шыл­қыған бай емес. Демек, қолдан жасалған, эксклюзивті ыдыстар тек қалтасы қалың­дарға ғана арналатындай... Қолөнер ше­бер­лерінің ұлттық ыдыс-аяқтарына қызы­ғушылар саны артуда. Расында, бүгінде қонағы үзілмейтін, тойханасы көп оңтүстік өңіріндегі тойларда астаумен ет тарту «мо­даға» айналды. Қазақы етке арналған үл­кен астауларыңыз расында әсем-ақ. Ағаш­тан ойып жасалған, ою-өрнегі көзді ар­байтын мұндай астауларды жасайтын ше­берлер аз, расында. «Ағашы көп ел ой­ып жасайды, ағашы жоқ ел жонып жа­сай­ды» дегендей, оның үстіне бұл астауға жарай­тын ағаш та табыла бермейді. Егер осы са­лада бәсекелестік болса, әрине, баға да түсер еді...
Тасқа басылған тарихымыздан білеті­німіз, қазақтың күнбе-күн қолданатын ыдыс-аяқтары – ағаштан жасалған тоста­ған­дар, табақтар, астаулар, ожаулар, қа­сық­тар, жез құмғандар, теріден жасал­ған тор­сықтар болған. Ағаштан жасалған­дары күні бүгінге дейін қолданыстан шық­паға­нымен, жезден, теріден жасалғандары жет­кен жоқ. Болған күннің өзінде де олар мұражайлардың төрінде тұр. Мәселен, қымыз­ға арналған теріден тігілген саба мен мес бүгінде қымыз бизнесімен айна­лы­са­тын ауылдарда арагідік болса да бар. Осы са­баның да түр-түрге бөлінетінін көп­шілік біле бермейді. Мысалы, «бес биенің саба­сы», «тай жүзген» деген екі түрі бол­ған. Сүй­ретпе аттысын қымыз ашыту үшін ақ түйенің мойын терісінен тіккен. Қонақ күтудің мәнісін білетін қазекем құрметті мейманына қымызды мес пен сүйретпеден құюды аса үлкен айып көрген. Сондықтан да тек сабадан ғана құйып берген. Бүгінде кәдесый ретінде жасалып жүрген торсық­тар­дың неше түрі бар. Оны эксклюзивті ұлттық қолөнердің қайталанбас үлгісі деу­ге де болады. Мұндай ыдысты өзге халық­тардың ұлттық ыдыс-аяқ коллекциясынан таба алмайсыз. Тек бізде ғана бар. Саба аяқ, піспек, астау, табақ, тегене, шара аяқ, тос­таған, ожау, қасық, күбі, ағаш шелек, келі, келсап дегендерің бүгінде тарих па­рақ­тарында ғана бар. Ата-бабаларымыз­дың күміс ыдыс аяқтарды да қолдан жаса­ғаны белгілі. Күмістің адам ағзасына пай­дасы зор екенін білген халқымыз күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тақ­қан. Оның бәрін, әрине, Ресейден алды­рып отырған. Ең алғашқы күміс ыдыстар сервизі 1711жылы І Петрдің жарлығымен арнайы Қару-жарақ палатасында жасал­ған екен. Жәңгір хан өмірден озғаннан ке­йін Орынбор генерал-губернаторы арна­йы адамдар жіберіп хан үйінің тұтынған заттарын тізімге алған. Олардың көбісі кү­міс ыдыс-аяқтар болған. І Петр патшаның тұ­сында фаянс ыдыстарын шығаратын им­ператорлық зауыт құрылады. Осылай­ша, ыдыс-аяқ дәуірі басталады. Атағы алыс­қа кеткен Гарднер-Кузнецов зауыты 250 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда 1766 жылы фарфор шы­ғаратын орыстың тұңғыш жеке кәсіп­ор­ны құрылған. Қазақстанда фарфор, фаянс ыдыстарын Ақмола облысындағы «Цел­фар» АҚ фарфор зауыты мен Қапша­ғай фарфор зауыты шығарады. Бұл зауыт­тарда шығыстық үлгідегі шыны-аяқтар, та­бақтар, құмандар, кеселер, кофе сер­виз­дері шығарылады. Орал қаласында өткен ғасырдың 70-жылдары қыштан ыдыс жасап шығаратын кәсіпорын жұмыс іс­теген. Бүгінгі күні пластмассадан жасал­ған табақтар шығаратын «Пластик» за­уыты жұ­мыс істейді. Өзге аймақтарда да ыдыс-аяқ әлеміне үлес қосып отырған шағын-ша­ғын ғана цехтар бар. Алайда олардың өнімі шетелдік тасқынның астын­да қалып отыр.
Ал шайды баптап қайнататын самау­рын шір­кін де Ресейдің Тула қаласынан әке­лі­неді. Бүгінде ең арзаны 10 мыңнан бас­та­латын самаурыныңыз да оңайлықпен қол­ға түспейтін болған. Тек самаурын шы­ға­ра­тын ресейлік «Штамп» зауыты жыл са­йын 1,5 миллионнан астам өнімін экс­порт­тайды екен. Демек, қаншама қаржы өзге­нің қалтасын қомпайтуда деген сөз... Им­порттық өнім өкшелеп тұрған шақ­та бұл салаға тыңнан түрен салатын адам табыл­майды-ау... Тек астау жасай­тын қолөнер ше­берлері болмаса. Әлде оған да шүкір дейміз бе?..
Ізәлі НАУРЫЗБАЕВ, «Мұра» ұлттық өнер салонының директоры:
– Бүгінде, расында, қолдан жасалған ұлттық ыдыс-аяқтарға сұраныс артып келеді. Оның ішінде әсіресе ағаштан ойып жасалған астауларға тапсырыс бе­ретіндер көп. Бағасы қымбат болғаны­мен, алушылар да баршылық. Астаудың ою-өрнек салынғаны да, лакталғаны да бар. Аларман өзінің талғамына сай келгенін сатып алады. Тапсырысты кө­бей­тіп отырғандар – әсіресе ұлттық на­қышта безендірілген мейрамхана, дәм­ханалар. Тойхана иелері де бүгінде көп­теп сатып алуда. Осылайша, қолөнер ше­берлерінің жұмысы көбейіп отырғаны қуантады. Қандастарымыздың ұлттық қолөнерге деген қызығушылығының ар­қа­сында бабадан балаға беріліп келе жат­қан ұлттық ұстынымыз ұмытылмайды деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста