Жас ұрпақтың жан азығын байытамыз десек…

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Балаларды кішкентай кезінен кітап оқуға тәрбиелеу – ұлт мәдениетін көтерудің ең негізгі алғышарттарының бірі. Өкінішке қарай, жас жеткіншектеріміздің әдебиетке құштарлығын оята алмай келеміз. Кезекті оқу жылы басталысымен сабақ оқудан қолы босамайтын балалардың көркем әдебиетке мойын бұруға мұршасы болмай кетеді. Ал демалысты кітап оқумен ұштастырудың қолайлы уақыты – жаз мезгілі. Мысалы, енді бір санаулы күндерден кейін мектеп жанындағы және мектептен тыс жерлердегі лагерьлердің жұмысы басталады. Біздің білуімізше, лагерьлерде көбінесе балаларды киноға, театрға, бассейндерге, басқа да мәдени-көпшілік, демалыс орындарына апару жағы ойластырылады да, кітапхана мүлде есепке алынбайды. Тіпті кітапханаға апармаған күнде де лагерьлерде кітапқұмарлар күнін өткізіп, балалардың көркем әдебиетке сүйіспеншілігін арттыратындай шараларды ойластыруға болар еді. Бір қарағанда бұл жеңіл-желпі, сөз етуге тұрмайтындай нәрсе болып көрінуі мүмкін. Бірақ кітаптың қашаннан-ақ баланы жеке тұлға етіп қалыптастырудың Темірқазығы болып келгендігін және солай бола беретіндігін ескерсек, баланы кітаппен достастырудың соншалықты маңызды екендігін аңғарамыз.
Осы орайда мәселенің екінші жағы да бой көрсетеді. Мысалы, біздегі кітап өнімдерінің бағасы жалпыға бірдей қолжетімді емес. Тіпті кейбір ата-аналардың көркем әдебиет түгіл, балаларын қажетті оқулықтармен әрең қам­тамасыз ететіндей жағдайда екендігін жоққа шығара алмаймыз. Осы тұрғы­дан алғанда, кітапханалар айтарлықтай көмектесе алар еді. Бір нәрсені істемес бұрын жеті рет өлшеп барып, бір-ақ кесетін прагматик америкалықтардың өзі кітапхананы баланы өмірге дайындау орны деп атайды екен. Және соны терең түсіне отырып оны мәдениет орталығы, жан азығын байытудың іргетасы ретінде пайдаланады. Осы орайда, балаларды кітапханалар арқылы оқыту тәжірибесі көптеген елдерде жүзеге асырылуда. АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Ресей, Нидерланды, Франция және басқа да бірқатар Еуропа мемлекеттерінде кітап оқуды қолдау тұрғысында арнайы мемлекеттік бағдарламалар да жасалған. Ал бізде керісінше, соңғы 20 жылда балалар кітапханаларының қатары мүлде сиреп кеткен. Яғни мамандар пікіріне жүгінсек, 1990 жылы елімізде 825 балалар кітапханасы болған болса, бүгінде соның 251-і ғана қалған. Оның өзінде де, қаржыландырудың нашарлығынан көпшілігінің кітап қоры жылдан-жылға селдіреп, күйі кетіп бара жатыр.
Жас ұрпақтың білім бұлағынан біртіндеп алыстап бара жатқанын, оған кино, теле-радио, интернеттің де ық­палы артып отырғанын көре-біле тұра, қарекетсіздік танытудамыз. Бұл ретте жағдайды өзгертетіндей нақты іс-әрекет қажет. Мысалы, АҚШ-та әдебиет пен әлем мәдениеті курстары қазір техникалық жоғары оқу орындарында да оқытылады екен. Сондай-ақ студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін жаз айларында көркем әдебиет оқу лагерьлері ұйымдастырылатын көрінеді. Осындай шаралар біздің елімізде де қолға алынып жатса, артықтық етпес еді. Өкінішке қарай, бұған бас қатырып жүргеніміз шамалы. Бәріміз кітапқа назар аударуды қойдық. Газет-журналдар мен радио, телеарналар да оның насихатын ұмытты. Дәл қазіргі жағдайда көркем әдебиет тек соның айналасындағы азғантай топ пен кітапханашыларды ғана қызықтыратын сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста