Жас ұрпақ кітаптан неге қол үзді?

Жас ұрпақ кітаптан неге қол үзді?

Өскелең ұрпақтың кітап оқымайтыны мені қатты алаңдатады. Әрине, қазір ғаламтор арқылы ақпараттар ағыны толассыз келіп жатқан заман. Өркениет жетістігін пайдаланғанымыз дұрыс-ақ. Бірақ сонымен қатар ақыл-ой азығынан, рухани байлықтан айырылып қалмауымыз керек.
Бір өкініштісі, қазіргі жастарымыздың көбі қазақтың классиктерін оқымайды, тіпті білмейді. Мұхтар Әуезовті, Сәбит Мұқановты, Ғабит Мүсіреповті, Ғабиден Мұс­тафинді, Әзілхан Нұршайықовты, Шер­хан Мұртазаны оқымайды. Біз солар­дың кітаптарынан сусындап өстік. Әлбетте, біздің кезіміздегідей болыңдар деп тұрған ешкім жоқ. Өйткені өмір тоқтап тұрмайды. Өскелең ұрпақ ұлттық қазынамыздан нәр алуы қажет. Жастардың патриоттық сезімі ұлттық құндылықтарын білу, дәріптеу ар­қылы оянады. Шерағаның «Қызыл жебесі», Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романдары қай кезде де оқырмандарын баурап алады. Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы қандай, шіркін! Естай мен Қорланның арасындағы махаббаттың құдіреттілігін жырлаған Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ғалама­ты» поэмасын оқыған адамның жан-жү­регі тебіренбей тұрмайды. Студент шағы­мызда Әзілхан ағаның «Махаббат, қызық мол жылдарын» оқыған әрбір адам кітаптан өз бейнесін көргендей болатын. Біздің жастар осындай шығармаларды оқуы керек деп ойлаймын.
Мектептерде «Абай күндері», «Пушкин оқулары», «Мұқағали апталығы» өтетіні дәстүрге айналған. Мүмкін, алдағы уа­қытта мектептерде Әуезов, Мұқанов, Мү­сі­репов, Мұстафин, Нұршайықов, Соқ­пақбаев, Мұртаза апталығын өткізуді қол­ға алу керек шығар? Мектепте оқыған ке­зі­мізде белгілі бір тақырыптарға пікір­талас­тар өтіп тұрушы еді. Оған оқушылар арнайы дайындалатын. Мәселен, жазу­шы­ның бір шығармасын алып, оның өмір­шеңдігін түсіндіріп, туындының тілі, көр­кем­дік жағы, кейіпкерлерді сомдағаны туралы әр оқушы өз ойын айтып беретін еді. Сол шығармадан шағын көріністер қо­йылатын. Мұндай пікірталасқа барлық оқу­шы қатысып, шығарманы талдап, ойларын білдіруі өзге балалардың да ерекше қызығушылығын тудыратын.

Мәселен, Ілияс Есенберлиннің «Көш­пен­ді­лер» романын алайық. Жазушы оны жан-дүниесімен, ішкі толғаныстарымен бір­неше том етіп жазып, тарихи оқиғалар­ды сөйлетті, небір көріністерді суреттеп берді. Ал енді осы шығарма желісі бойынша кино түсірілді. Мәселен, екі сағаттық «Көшпенділер» фильмін көре салып, кі­таптың мазмұны солай екен деуге әсте болмайды.
Кітап оқу әр адамды ерте есейтеді, жан-­жа­ғы­на ойланып қа­рау­ға үй­ретеді. Сол кітап­тардағы кейіпкерлерге ұқ­сап батыр болғысы келеді. Махаббат дастан­да­рын­дағы жігіт пен қыздың се­зім­деріне терең бойлап, өзі де ғашық болғысы келеді. Кітап – тәрбие құра­лы.
Қазір барлық ауылда кі­тап­хана бар. Нарық зама­ны­ның қиын кезеңі­нің өзін­де кітапханаларды сақтап қал­дық. Өкі­ніш­тісі сол – кі­тап­тарды барып оқитын оқыр­ман аз. Соңғы жылдары кітап қорлары көбейіп келеді. Бюд­жеттен арнайы қар­жы бөлі­ніп, классик­те­рі­міздің еңбек­тері қайта­дан том-том болып жа­рық көрді.
Бүгінгі жастар ертеңгі күні елдің тізгінін ұстай­ды. Өзінің құндылықта­рын білмесе халыққа қалай ықпал етеді, шетелге шық­қан кезде мемлекеті, халқы, елдің руха­ни байлығы туралы не деп жауап береді?
Әдетте, патриоттық тәр­бие туралы жиі айтып жатамыз. Бірақ патриот­тық се­зімді сондай әдеби мәні те­рең туындылар қа­лып­тастырады емес пе? Елді сүю, Отанды құрметтеу, патриот­тық сезімдердің бар­лығы балаға жас кезінен берілуі тиіс. Осы орайда мектеп ұжымы мен ата-аналар нақ­ты бастамалар көтергені жөн болар еді. Өйткені мектепте әдеби көркем шы­ғар­маларды оқымаған адам кейін оқып жарытпайды. Осы жағына біз идео­логия­лық тұрғыда жеткілікті мән бере алмай келе жатқан сияқтымыз. Үгіт-насихат жұ­мыс­тары кенжелеп қалды. Қанша қар­жы бөліп жатсақ та, жастарымызда рухани бай­лық болмай, ішкі патриоттық сезімі оян­бай, ұлттық құндылықтарды қадір­лей­тін елдің келешегін қалыптастыруымыз өте қиын.
Осы мәселе төңірегінде сіз не дейсіз, қадірлі оқырман?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста