Жас қаламгерлердің республикалық байқауы өтті

Жас қаламгерлердің республикалық байқауы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында «Шырайлым-Шұбайқызылым» атты республикалық жас қаламгерлер байқауы өтті.
Табиғаты әсем, санаңды сергiтер сарғалдағы, бұдан өзге де саналуан гүлдердiң Отаны Түлкiбас өңірінде үшінші жыл қатарымен өткізіліп келе жатқан «Шырайлым-Шұбайқызылым» жас қаламгерлер республикалық байқауы жоғары деңгейде өтті. Жас жазба ақындар байқауына республикадан 15 үмiткер қатысты. Жиын Т.Рысқұлов ауылындағы М.Дулати атындағы аудандық мәдениет сарайында жалғасын тауып, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма бастығының орынбасары Жанарбек Әшімжан, ақын, Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың иегері Мархабат Байғұт, ОҚО жазушылар одағы филиалы басқармасының басшысы Әбілда Аймақ, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ө.Маткеримов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жиынға аудан тұрғындары қатысты. Республикалық «Шырайлым - Шұбайқызылым!» атты жас қаламгерлер байқауына жабық түрде өткен байқау қазылар алқасының шешімі бойынша Отырар ауданынан келген Жансая Құттыбекова І орын, Қытай халық республикасынан келген Бақбер Алтайұлы мен Түркістан қаласынан Сәрсенхан Батырхан ІІ орын, ІІІ орынды Шымкент қаласынан келген Дәурен Айманбетов, Алматы қаласынан келген Әріби Дауыл және Оңтүстік Қазақстан облысынан Әлімжан Әлішер иеленді. Жеңімпаз болған жас жазба ақындарымыз жүлделі арнайы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды. Байқауға қатысушылар қызғалдық мекені саналатын Шұбайқызылым шоқысана барып, табиғаттың әсем көркін тамашалады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста