Жас балет әртістеріне арналған тұңғыш театр

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Таяуда қазақ балеті тарихында алғаш рет жас балет әртістеріне арналған театр ашылды. Театрдың ашылуы еліміздегі балет бишілерін даярлайтын бірден-бір оқу ордасы А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 75 жылдық мерейтойына үлкен тарту болды.

Училищенің түлектері еліміздің екі бірдей опера және балет театрында, сонымен қатар АҚШ, Австрия, Франция, Германия, Ресей сияқты ірі мемлекеттердің балет сахналарында өнер көрсетіп жүр. Бүгінгі ашылып отырған театр оқушылар мен ұстаздардың шығармашылық ізденуіне, балет өнерінің одан әрі дамуына ықпал етуге мүмкіндік бермек.

Қарлығаш МЫРЗАХАНОВА, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры:
– Жаңа театрдың ашылуы – біз үшін, біздің оқушыларымыз үшін үлкен қуаныш. Мұндай театр баяғыда-ақ ашылу керек еді, оған әртүрлі проблемалар себеп болды. Биылғы жылы Білім және ғылым министрлігінің, демеушілеріміздің арқасында көптен бергі арманымыз орындалды. Ендігі уақытта көпшілік көрермен біздің талантты балаларымыздың өнерін тек есеп беру концерттерімізде емес, өзіміздің театрымызда жиі-жиі тамашалауға мүмкіндік алды. Театр қазіргі заманға сай жабдықталған. Мамандар да жеткілікті. Себебі балет мектебі ашылғаннан бергі 75 жылда қаншама білімді түлек түлеп ұшты.

Мектеп басшысының айтуынша, аталған театр ешкімнен қаражат сұрамай, мектеп ұжымын қамтамасыз етуімізге септігін тигізбек. «Аз да болса қаражат жинап, керекті заттарымызды ала аламыз және би қоюшыларын өз елімізден, шетелден шақыртуға мүмкіндік туады», – дейді Қарлығаш Мырзаханова.

Қуаныш ЖАҚЫПОВА, Білім беру ісінің үздігі, ұстаз:
– Өзім осы А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде ұзақ жылдар еңбек етіп,
құрметті демалысқа шықтым. Оқу орнында кішкентай өнер иелеріне арналған театр ашылғанына қуаныштымын. Балет – бұл сахналық өнер. Балалар жай жаттығулар жасауға қарағанда театрда өнер көрсетсе, олардың биге деген махаббаттары артады. Бұрын балаларға би үйреткенде олардың ынтасын ояту үшін жаттығу дегеніміздің концертке дайындық екенін алға тартатынбыз. Ал ендігі уақытта балалар апта сайын өз мектептерінің театрында өнер көрсетіп, бір-бірінің өнерін тамашалап әрі көрермен жинайтын болды.

Керек дерек
360 бала білім алатын
А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің жанынан ашылған театр труппасы жыл сайын ауысып отырады және онда жылына 100 оқушы өнер көрсететін болады. Театрға кіру бағасы – 300 теңге, ал балкондағы орын – 200 теңге. Спектакльдер аптасына бір рет қойылады. Ұстаздарға жалақы сыйақы ретінде төленіп тұрады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста