Жас ақындар жырлайды

Жас ақындар жырлайды

1 Желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай облыста түрлі іс-шаралар қолға алынып жатыр. Сондай мәдени іс-шараның бірі Өскемендегі орталық қалалық кітапханада ұйымдастырылды. Мұнда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналып жыр мүшәйрасы өтті.
Шараға 20-ға жуық жас ақын қаты­сып, бақтарын сынады. Сайыс шарты бойынша әр ақын екі өлеңнен оқыды. Он­ың бірі Ел­ба­сын жырлауға арналса, екін­шісі еркін тақырып еді.
Жыр бәсекесінің қорытындысында бірінші орынды облыс орталығының ірге­сіндегі Шығыс ауылындағы №33 мек­тептің ұстазы Мұратхан Месейхан иеленсе, екінші және үшінші орындарды С.Аманжо­лов атындағы ШҚМУ-дың студенттері Қас­тер­бек Сайлауғазы мен Қызырбек Дәр­гін­байұлы қанжығаларына байлады. Ал мү­шәйраға қатысқан басқа ақындар ба­ғалы сыйлықтармен марапатталды.
Жыр додасында үздік болып танылған жас ақындар «Нұр Отан» ХДП-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен Қазақ­стан Жазушылар одағының облыстық фи­лиа­лы бірлесе ұйымдастырып отырған 1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні ме­ре­кесіне орай өтетін «Елі сүйген, елін сүйген Нар тұлға» атты облыстық жыр мү­шәйрасына жолдама алды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста