Жас әншілер сахнада бірнеше рет құлап, масқара болды (видео)

Жас әншілер сахнада бірнеше рет құлап, масқара болды (видео)

Кілең бұрымдылардан құралған поп стилінде ән айтатын оңтүстіккорейлік топ аяқ астынан төрткүл дүниеге танымал болып шыға келді. Енді ғана танылып келе жатқан бойжеткендердің бір күнде атақты болуына ғаламторда жарияланған видео септігін тигізген, деп хабарлайды rg.ru.

Желіде пайда болған видеодан GFriend тобының сахнада өнер көрсетіп жатып, бірнеше рет құлап қалғанын анық көруге болады. Жас қыздардың шалынып-сүрініп өнер көрсетуіне қолайсыз ауа райы себеп болған. Өткен сенбіде Сеулде музыкалық фестиваль өтіп, аталған топ ашық алаңда өнер көрсетеді. Жас әншілер сахна төріне көтерілер алдында жаңбыр құйып өткен екен. Амалсыздан дымқыл сахнаға шыққан бойжеткендер ән айтып жүріп, бірнеше рет құлап қалады.

Осылайша өнер жолын енді бастап жатқан солистер шалынып-сүрініп ән айтып, қалың көрермен алдында күлкіге қалды. Жас қыздардың «ерекше» өнерін тамашалап отырғандар олардың қанша рет құлағанын да ерінбей санап шыққан. Төрт минут ішінде алты рет жерге «отыра кеткен» қыздар түк болмағандай, өнерін жалғастырды.

5 қыркүйекте ғаламторда жарияланған видео бүгінге дейін екі миллион рет қаралыпты. Езуіңе еріксіз күлкі үйіртетін видеоны қарап шыққандар өз пікірлерін де жазып қалдырған.

bnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста