Қазақстандық жас актриса Айым Сейтметова өзін бір топ жігіт ұрып кеткенін жайып салды. Данагүл Темірсұлтанованың қызы мейрамханада ер адамдардан таяқ жегенін жасырмай, еш бүкпесіз айтып берді деп жазады Youtube желісіндегі Salem Beauty бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Актерлар жанұясында дүниеге келген Айым бірнеше отандық фильмге түскенімен, блогерлік қызметіне көбірек ауып кеткен.
Алайда, танымал Yuframe командасының құрамында болу бойжеткеннің денсаулығына кері әсерін тигізіп те үлгерген.
Тамақтануға келген Айым Сейтметованы белгісіз жігіттер соққыға жығыпты. Оқыс оқиға орын алған күні туралы актрисаның анасы өзі айтып берген.
"Бір мейрамханада жігіттер одан "Айымсың ба?" деп сұрап, артынша басынан бір қойған" , - деді Данагүл Темірсұлтанов.
Отандық актрисаның сөзін Айымның өзі де растады.
"Бірінші рет бутылкамен басымнан салып жіберген. Екінші рет кәдімгідей соқты. Мен бұл әрекетке вайнға түсетінім себеп екенін түсінбеймін. Себебі, мен қандай рөл сомдасам да, ешкімге зиян нәрсе жасаған жоқпын. Мен тіпті, өзімнің негативті рөл сомдағанымды да білмейді екенмін. Бұл жағдай түнде орын алды" , - деді Сейтметова.