Жас актриса: Тәуекелмен сүйісу "ұят емес" (фото)

Жас актриса: Тәуекелмен сүйісу "ұят емес"  (фото)

 «Қазақ аруы», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сериалдарында басты рөлді сомдаған жас актриса Гүлзада Тұрлаш NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында алғаш рет Баян Мақсатқызының кастингінен қалай өткені туралы айтып берді.

Сұхбат барысында жас актриса кастингте Есентаеваға қалай ұнағанын әңгімеледі.

"Алматы қаласында туып өстім, бірақ әкемнің туған жері - Жамбыл ауданы, Қарасай болғаннан кейін мен де өзімді сол жердің қызымын деп санаймын. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің 2 курс студентімін", - деп өзін таныстырған Гүлзаданың сұхбатын назарларыңызға ұсынамын.

- Жақында ғана тұсауы кесілген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сериалында басты рөлді сомдадыңыз. Актриса болу ойыңызда болды ма? Өнердегі жолыңыз қалай басталды?

- Ең алғаш рет "Қазақ аруы" сериалының кастингінде бағымды сынап көрдім. Ол жерде менің факультетімнің барлық қыздары қатысты, содан соң менің де құштарлығым артып, өзімді көрсеткім келді. 300-400 қыздың ішінен "өтіп кетемін" деген ой мүлде болған жоқ, алайда бағым жанып мені таңдады.

- Кастингтен өту үшін қандай да бір ерекше әдіс қолдандыңыз ба? Сіздің сыннан сүрінбей өтуіңізге не көмектесті?

- Негізі ешқандай әдіс қолданған жоқпын. Бірақ менің ойымша, өлеңді жақсы оқығаным, барлық марапаттауларымды көрсеткенім, одан өзге менің кішігірім өлең жазатыным бар, сол өлең жазған кітапшамды апардым. Сонымен қатар менің 16 жаста болғаным да кастингтен өтуіме себеп болды деп есептеймін. Өйткені, Баян Мақсатқызы да өзінің сұхбаттарының бірінде: «Он алты жастағы кішкентай қыз болғандықтан алдым, маған ұнады», - деп айтқан еді. Бірақ өзімді мақтағаным дұрыс болмайтын шығар, нақты қандай қасиеттеріме байланысты алғанын білмеймін, оны Баян Мақсатқызының өзінен сұраған дұрыс.

- «Қазақ аруы» сериалында сіздің Тәуекел Мүсіліммен сүйісетін кадрлар болды. Оған қаншалықты дайын болдыңыз? Ата–анаңыз қарсы болмады ма?

- Негізі түсірілім барысында ондай ешнәрсе болған жоқ. Ол тек кадрда солай көрінеді. Бірақ мен соншалықты қатты ұялатындай сахна деп ойламаймын, сол себепті ата–анам қарсы болған жоқ. Ол тек актрисалық образ болғандықтан "өнер" деп қарайды. Олар білімді, талапты адамдар болғандықтан оның барлығын түсінеді.

- Қазіргі таңда Баян Мақсатқызымен келісімшартқа отырдыңздар ма?

- Жоқ, менің жасым кәмелеттік жасқа толмағандықтан, келісімшартқа әлі отыырған жоқпыз.

- Кино саласында жаңа ұсыныстар түсіп жатыр ма? Сіздің актриса ретінде картинаға түсуіңіз үшін Баян Мақсатқызының рұқсаты керек пе әлде өз еркіңізде ме?

- Дәл қазіргі таңда мен екі сериалға түстім, оның екеуі де Баян Мақсатқызың продюссерлігімен түсірілген болатын. Қазір де түрлі сериалдарға шақыртулар болып жатыр және де олардың барлығы да Баян ханымның қолдауымен.

- «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» телехикаясының түсірілім барысында есіңізде қалған ерекше эпизодтар мен оқиғалар болды ма?

- Жалпы сериалдың түсірілімінің өзі ерекше болды. Себебі, «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» - қазақтың эпостық жыры, махаббат дастаны. Баян сұлудың рөлі маған бұйырғаны - мен үшін ерекше бақыт. Ол үшін мен бірінші Аллаға, екіншіден «Есентай» продакшнға, Баян Мақсатқызына алғысымды білдіремін.

Түсірілім барысында біз көптеген қиындықтардан өттік. Соның ішінде мен өзім қаланың қызы болғандықтан, маған атқа міну қиын болды. Сол себепті мен екі ай көлемінде циркқа барып атқа мініп, дайындалдым.

Дегенмен, циркта аттар басқаша болса, жайлауға шыққаннан кейін аттардың барлығы шапқысы келеді, ол да қиындық тудырды. Тағы бір айта кетерлігі, таудағы түсірілімдер барысында өте суық болды, киіз үйде тұрдық.

- Баян Мақсатқызы продюссерлік орталығындағы қыздарға қандай талаптар қояды?

- Баян Мақсатқызын барлығы қатал деп жатады. Негізінен иә, қатал, бірақ егер барлық талаптарға сай болсаң, ол кісі өте мейірімді, ашық жарқын жан.

Басты талаптарының бірі - қыздардың өзінің салмағына дұрыс қарауы. Екіншіден, әдемі болып жүру, ел арасында өзіңді дұрыс ұстай білу. Одан өзге Баян Мақсатқызы кешіккенді жек көреді. Сол себепті байқау барысында болсын, түсірілім барысында болсын 3 рет кешіккен қыз шығып кетеді. Тәртіп пен тәрбиені қатал ұстайды.

- Алға қойған қандай жоспарларыңыз бар? Оқуды бітірген соң қай саланы таңдайсыз?

- Барлығы бір Алланың қолыңда. Мен қазір нақты ешнәрсе айта алмаймын. Әрине, менің дәл қазірге сәттегі жоспарым ол – сабағымды оқып, жақсы бітіру. Оқуды аяқтаған соң журналистика саласына кетемін деген ойым бар. Себебі, мен өз мамандығымды сүйіп таңдадым.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста