Жарты ғасыр шежіре шерткен...

Жарты ғасыр шежіре шерткен...

Елу жылдық шығармашылық ғұмырында 70-тен астам деректі фильм және 300-ден астам киножурнал шығарған Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ораз Әбiшев – қазақ деректі киносының шын мәнісіндегі қара нары іспетті. Мазмұнды да мағыналы кадрларында республика өмірінің талай онжылдықтары қамтылған қазына қарттың шығармашылығын еліміздің кино тіліндегі бай шежіресі десек, артық айтқандық емес.
«Елге адал қызмет ету керек!» деген ұс­та­­нымды өмірлік қағидасына айналдырған Ораз Әбішев кино өнеріне өткен ғасырдың 30-жылдарының орта шенінде аяқ ба­сып­ты. Ол астанада оқыту мақсатымен ел-ел­ден талантты жастарды жинап жатқан кез-тұғын. Әдемі қоңыр даусы бар Ораз Әбі­шев те сол мезетте Семейден Алматыға, му­зыкалық театр жанындағы екі жылдық ак­терлік мектепке оқуға жіберіледі. Көп ұза­май жас талапкер Мәскеуде өткен қазақ онкүндігіне хор айтушылар құрамында қа­ты­сады. Соның артынша-ақ ол белгілі ән­ші Қанабек Байсейітовтің дублері ре­тін­де Е.Брусиловскийдің «Жалбыр» опе­ра­сында өнер көрсетеді.
Кім біледі, егер де дәл солай жалғасып кете бергенде опера өнерінде талай же­тіс­тіктерге қол жеткізер ме еді? Бірақ қат­ты суықтап қалып, кенеттен даусын жо­ғал­тып алған Оразға Құрманбек Жандарбеков: «Дауыс деген – сенімсіз нәрсе. Дәл қазір кино мамандарын даярлау туралы әңгіме жүріп жатыр. Сенің қабілетің бар. Мүмкін, осы салаға ауысарсың?», – деп кеңес береді. Сөй­тіп, екіойлы болып жүрген 22 жастағы жі­гіттің негізгі мамандық етіп кино өнерін таң­дауына аңызға айналған бір фильм се­беп­кер болады. Бұл жөнінде ре­жис­сердің өзі: «Ол уақытта еліміздің экран­дарында «Ча­паев» фильмі зор табыспен жү­ріп жат­қан болатын. Сол фильм менің жа­нымды ерек­ше тебірентті, қатты қы­зық­қа­ным сон­ша­лық, тіпті әлденеше рет көр­дім», – дей­ді. Содан арнайы жолдамамен ба­рып, ВГИК-тің режиссерлік факультетіне оқуға қа­былданады. Кино әлемі ертегідей еліт­кен Ораз институт қабырғасында жүрген ке­зінде-ақ М.Әуезовтің сценарийі бо­­йынша «Ленфильмде» түсірілген «Рай­хан» фильмінде режиссерге ассистент бо­лады. Ар­тынша соғыс басталып кет­кен­дік­тен, Ал­ма­тыға қоныс аударған «Мос­фильм», «Лен­фильм» киносту­дия­ла­рын­да жұ­мыс іс­тейді. Эйзенштейн, Пу­довкин, Трау­берг, Пы­рьев тәрізді атақты ки­но май­тал­­ман­да­ры­мен қатар, ки­но­сту­дия жа­нынан ашыл­ған актерлік мектепте ұстаздық етеді. Со­ны­мен қатар болашақ ре­жиссер «Советтік Қа­зақстан» ки­но­жур­на­лына сю­жет­тер жа­сай жүріп, танымал кин­о­ше­бер­ле­рінен мон­таж жұмыстарының қыр-сы­рын, кино тү­сіру шеберлігін мұқият үй­ре­неді. Ке­йін­нен, яғни 1944 жылы Ал­маты ки­ностудиясы құ­рылған уақытта Ораз Әбішев алғашқы күннен бастап сонда қыз­мет істейді.
Өзі айтпақшы, режиссердің шығар­ма­шы­лық ғұмыры ұлы тұлғалармен біте қай­на­сып кеткен. Бұл ретте ол тұлғалар бейнесі ұр­пақтар жадынан еш уақытта өшпесін де­ген мақсатты көздегенін айтады. Қалай бол­ғанда да, Ораз Әбішев – өзі көзін көр­гені, көрмегені бар, халқымыздың ұлы тұл­ғалары – поэзия пірі Абай, аты аңызға ай­налған Қажымұқан, даңқты ұшқыш Тал­ғат Би­гелдинов, өнер дүлдүлдері Дина Нұр­пе­йі­сова, Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұ­ба­новтар жайлы деректі фильмдер түсіріп, қа­зақ мәдениетіне айтулы үлес қосқан су­реткер.
Жуырда ғана 95 жасқа толып, мер­ей­то­йын күллі өнерсүйер қауыммен бірге атап өткен майталман режиссер талапкер жастарға: «Адам өз мамандығын шексіз сүюі, бүгінгі күн тынысын сезіне білуі тиіс. Ең бастысы, әрбір істе шынайылық болсын, өмірді өзінің күллі бояуымен барынша айқын, дәл көрсете біліңдер», – деген тілек айтты. Олай дейтіні, ғұмырының жартысын кино өнеріне арнаған біртуар режиссердің өзі бұл ұстанымнан ешқашан тайған емес. Ораз Әбішев фильмдері арқылы еліміздің өт­кенінен ой түйіп, сан қырлы тарихтан сыр аңдауға болатыны да содан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста