Сиви Махмуди өзін жасанды деп айыптайтындардан шаршаған. Әнші өмірінде тек бір рет пластикаға жүгінгенін айтады. Оның өзінде, ісік болғандықтан, амалсыздан барыпты. Ал Жарқынай Ханайым өз еркімен пышақ астына түспек.
Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды.
"Мен мүлдем жүгінбеймін, шыны керек. Қатты боянмаймын да, мысалы қазір бетімде тонна жоқ. Кореялық кушоннан аздап жақтым. Күнделікті тон да жақпаймын. Косметологқа да бармаймын. Массажға барып тұрамын. Себебі бетті тарту үшін, қан айналым жақсы болу үшін массаж керек", - дейді Сиви.
Ал Жарқынай Ханайым болса саналы түрде ота жасатуға әзір. Актриса бала кезден, пұшық мұрынын түзетуді армандапты. Тіпті, қазіргі таңда қаражатын да түйіп, дайындап қойған екен.
"Кішкентай кезімнен мұрнымның пішіні ұнамайтын. Енді бізде қазақша мұрын ғой. Актриса болғандықтан, мен оның бәрін камерадан көремін және де барлығы жақсы. Бірақ мұрным дөрекі деп айтады. Жақында бір сұхбаттың астына "мұрныңды өзгертуің керек" деп жазып қойыпты. Сосын бір кісі инстаграмға жазыпты. Өзім сол мұрын туралы ойланып жүрмін", - дейді актриса.
Жарқынай ота уақытын осы желтоқсан айының ортасына белгілепті.
stan.kz