Зарина Омарова өзгенің күйеуіне көз салатын "жас тоқалдар" туралы айтты (видео)
Танымал әнші Зарина Омарова елдің күйеуіне көз салып, шаңырағын шайқалтатын бойжеткендерді ақылға шақырды. NUR.KZ порталының Oybai Life порталына берген сұхбатында әнші "жас тоқалдар" туралы айтты.
Әншінің айтуынша, қазіргі таңда біреудің бақытты жанұясының шырқын бұзып, өмірін қиындататын жас қыздар аз емес.
Алайда Омарова бақыт табу үшін сүйген жарыңның ақшасына емес, адамгершілігіне көз салып, қиындықты бірге көрген абзал екенін айтады.
"Қазіргі қыздар бір нәрсені түсінбейді. Егер жақсы өмір сүргің келсе, күйеуіңмен жақсыны да, жаманды да бірге көру керек. Сол кезде ғана бақытты бола аласың Ал қазіргі қыздар дайынды жақсы көреді", - дейді Зарина.
Oybai Life бағдарламасының толық нұсқасын YouTube каналынан көре аласыздар.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу