Отандық танымал әнші Зарина Омарова әкесі Марат Омаровтың екінші жұбайына қатысты бар шындықты айтты. Эстрада жұлдызы ол кісімен қандай қарым-қатынаста екенін жасырмады деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Зарина Омарова әкесінің басқа отбасын құруы өзіне аса ауыр тигенін жеткізді. Әнші асқар тауын өзге әйелден қызғанғанын мойындады.
"Әрине, араласып тұрамыз. Қалай араласпайсың? Әкеміздің таңдағаны, не болса да жары. Бәрі дұрыс. 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Сол себепті, таңғаларлық жағдай емес.
Маған әкеңді қызғанасың деген түрлі пікірлер айтылады. Әрине, мен кішкентайымнан әкемнің қасында жүрдім, гастрольден гастрольге бардық. Сондықтан, әрине қызғанасың "қандай екен" деп.
Бірақ, өмір өте келе өзің балалы болғанда бәрін түсінесің. Кімнің кім екенін, қандай қателік жібергеніңді ұғынасың.
Менің анам бұл жағынан аса ақылды. Ол кісі бізге "ол сендердің әкелерің, араласуларың керек" деп айтып отырады. Меніңше, әке-шешенің тірлігіне, істеген ісіне баласы жауап бермеу керек деп есептеймін. Тағдыр солай болған шығар" , - деп ағынан жарылды өнер иесі.