Жақында ғана Алтынай Жорабаева күйеуімен ажырасқанын мәлімдеген болатын.
Әртіс бұл тақырыпты ұзаққа созған жоқ. Алайда, бірнеше уақыттан соң Жорабаева тұрмысқа шыққан әйелдермен бірге жүруге қысылатынын айтқан болатын.
Бірақ, Жорабаева барлық күшін жиып, мойымай ары қарай бақытты өмір сүріп жүр.
Әнші сол жағдайдан кейін тіпті халық алдында жиі көрінетін болып кетті.
Алтынай желіде де белсенділік танытып, әр кештердегі суреттерін жариялайды.
Әртіс желідегі оқырмандарының қолдауының арқасында өзіне күш жинап жүргендігін айтады.