Жақсылықтан қалған сөз...

Жақсылықтан қалған сөз...

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы мен халықаралық «Жанашыр» қайырымдылық қоғамдық қорының қолдауымен қазақ прозасының көрнекті өкілі, жазушы Жақсылық Сәмитұлының 70 жыл­дығына арналған еске алу кеші болып өтті.  Қазақстан Жазушылар одағында өткен еске алу кешіне жазушының қаламдас достары, туыстары жиналды.

Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Берік Шаханов: «Жақаң шын мәнінде үлкен қаламгер еді. Тағдырының көбісі шетелде өткен, басынан талай тауқымет тартқан азамат. Қазақ әдебиетіне онға тарта повесть, отызға тарта әңгіме, очерк және мақалалар жазған жазушы еді» деп қаламдас досын еске алды. Жақсылық Сәмитұлының жұбайы Мәкила Солтайқызы да аяулысымен өткен 34 жылын бақытты жылдарым деп есептейді. Жақаңның өмірдегі әділеттілігі мен біреудің көңіліне қаяу салмай өткен тұстары, ешкімге жа­мандық ойлап, ешкімді ренжітпейтін мінезін жұбайы жоғары бағалайды. Қазақ­станның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділов : «Жақсылық Сәмитұлы – қазақ көркем сөзінде өзіндік орны бар үлкен суреткер. Ол әдебиетке өз тақырыбымен келді де, сол әлемді жеріне жеткізе жазып кетті. Шығармаларымен бірге жасайтын жазу­шының екінші өмірі оның пенделік ғұмы­рынан әлдеқайда ұзақ» деп қаламдас досын есіне алды. Жазу­шының 70 жасқа толуына орай, халық­аралық «Жанашыр» қайырымдылық қоғамдық қоры «Сөзі жеткен Алашқа» атты Жақсылық Сәмитұлы туралы естеліктер кітабының да тұсаукесерін өткізді. Кітапта Жақаңмен көп жылдар қыз­меттес, әріптес, сапарлас болған қалам­дастар, өмірдегі достары мен ізінен ерген іні, қарындастарының жазушының адам­гершілік қасиеттері мен шығар­машылық дарынын сөз етеді.
 Жаңыл ӘПЕТОВА, Халықаралық «Жанашыр» қайырымдылық қорының төрайымы:
 – «Жанашыр» қоры 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы қордың негізін салған Жақсылық Сәмитұлы болады. Қытай елінен келген оралман жазушылар Жақсылық Сәмитұлы және Ғалым Қалибекұлы бір тудың астына жиналып бір-бірімізге көмек көрсетейік деген мақсатпен осы қорды ашқан болатын. 2000 жылдан бастап «Жанашыр» қорына еларалық «Шалқар» газетін тіркеп, осы қордың аясында шығарып келеміз. Жақаң екі жыл бұрын дүниеден өтті. Биылғы 70 жылдығы ескерусіз қалмасын деген мақсатпен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасымен біріге отырып, жазушыны еске алу кешін ұйымдастыруды ұйғардық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста