Жақсы да, бақсы да – бір өзі...

Жақсы да, бақсы да – бір өзі...

Тұрақан Садықованың бүкіл өмірі қазақ сахна өнерінің қара шаңы­рағы  М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтіп жатыр. Киелі сахнада жүргеніне 40 жылға жуықтаған біртуар актрисаның өзге әріптестерінен ең үлкен артықшылығы – қобызда керемет ойнайтындығы. Теңдессіз өнерінің арқасында ол мейлі кинода, мейлі театрда болсын небір айтулы рөлдерде ойнады, Қорқыт болып зарлады, Кетбұғы болып толғанды, талай-талай абыз аналар бейнесін кейіптеді, сахнада жақсы да болды, бақсы да болды, жындының да, саудың да табиғатына терең бойлап, көрерменге шы­найы ойын өрнегін көрсете білді. Франция, Польша, Бельгия, Ресей, Қыр­ғызстан киностудияларының көптеген фильміне түсті.
Әйтсе де бұрын жыға тани бермейтін қалың көпшілік актрисаны Е.Тұрсыновтың «Келін» фильмі арқылы жадына мықтап жаттады. Аталған фильмде Ұмай ана обра­зын сомдап, актерлік шеберліктің өзгеше үлгісін көрсеткен Тұрақан апай – негізі, өмірде де, өнерде де өзінше соқпағы бар дара адам. Мұндай ерекшелік актрисаға қазақтың Қарасаздай құйқалы жерінің көркем табиғаты мен киелі топырағынан дарып, табиғи таланты арқылы даралана түскен. Бұл және байқалмай қалмаған. Сол өңірдің тумасы әрі болашақ актрисаның Нұрмұхамбет атты ағасымен жақын жолдас болған Мұқағали ақын оның кішкентай кезін­де-ақ: «Мына қыздың көзі ерекше өткір, бір ғажап от бар. Осыдан бір нәрсе шығады», – деп көтеріп алып, мойнына мінгізіп ойнатады екен...
Тұлымшағы желбіреген сол кішкентай қыз өмірдің талай өткелінен өтті. Жетімдікті де, зорлық-зомбылық пен әділетсіздікті де көп көрді. Бірақ кезінде Мұқағали ағасы тамыршыдай тап басып таныған көзіндегі от сөнген жоқ. Сол қайсарлығы мен еңбек­қор­лығы актрисаны күні бүгінге дейін құ­лат­пай да, жылатпай да, талай сындардан абыроймен алып өтіп келеді. Өзі айтпақшы, қандай жағдайда да Тұрақан апайдың үлкен бір сүйеніші – киелі қара қобызы. Қарабайыр тірліктен шаршап, әлдебір та­рыққан, торыққан сәттерде қобызын қо­лы­на алса, өмір ғажайып түске, бүкіл ар­ман-ойы, қиялы ақ періште құсқа айналып, актрисаның жан сарайын керемет бір күйге бөлейді.
Еркіндікке, кеңдікке жаны құштар Тұ­рақан апай Алматының шетінен салдырған жер үйінде тұрады. Қаланың ақсаусақ әйелдеріндей бейнеттен қашпайтын ол қыста от жағады, күл шығарады. Арықпен келіп тұрған судың жоқтығына қарамастан, жер аяғы кеңісімен үйінің айналасын бау-бақшаға айналдырып, жемістің түр-түрін егеді және солардың әрқайсысын суды шелектеп тасып жүріп суғарады. Гүл атау­лының 70-тен астам түрін өсіріп, әрқай­сы­сын балаша күтіп мәпелейді. Ең ғажабы, көп адамға таза бейнет болып көрінетін осын­дай жұмыс­тар­дан Тұрақан апайдың жаны кіріп, табаны жерге тиген са­йын ерек­­ше рахаттанады. Кей­де осы еңбекқор­лықтың пай­дасы молынан тиетін кезі де болады. Мысалы, «Сталинге сыйлық» филь­мінде Тұрақан апай қобызбен отыра­тын бақ­сының рөлін ойнағаны бар. Тура жазда түсірілген сол фильм­ге актриса на­ғыз бабында, яғни дайын күйінде  барыпты. «Қолымның бәрі  тілім-тілім, бетім күнге әбден күйген. Оны көріп бәрі «грим салудың қажеті жоқ» деп күліп жатты», – дейді өзі.
Актрисаны қазақ көрермендеріне кеңінен танымал еткен «Келін» фильміндегі ене бейнесі екендігін жоғарыда айттық. Мейлінше шынайы сомдалған осы образ­ды актрисаның өзі қалай қабылдады, қа­лай түсінді және фильмнің түсірілуі бары­сында қандай тосын жайттар кездесті? Бұл жөніндегі әңгімені Тұрақан апайдың өзінен тыңдағанды жөн көрдік.
Ене рөлі табиғатыма жақындау болды
...«Келінде» мен Ұмай ананың рөлін ойнадым. Ермек Тұрсынов ол рөлге менен бұрын біраз әйелді байқап көріпті. Ең соңғы актрисаны сынап болған соң, «енді ешкім қалған жоқ па?» деп сұрапты. Сонда біреу мені айтыпты. Шақырған соң барып едім, Ермек амандасты да: «Апай, маған қараңызшы», – деді. Сосын: «Көзіңіз қан­дай өткір! Мен осы рөлді сізге арнап жазғандаймын», – деп ерекше қуанды. Содан киноны түсіру басталып кетті. Бәрімізге де оңай болған жоқ. Тізеден қар. Қақаған аяз. Үстімізде – қалың киізден киім. Тауға қарап жүгірерде қатты қиналдым. Қара терге түсіп, өкпем күйіп кетеді. Жуас деп әкелген қодастары асау болып шықты. Үш-төрт жігіт ұстап тұрып, мені әрең мінгізеді. Үзеңгіге аяғымды саламын да, әрі қарай қодаспен «алысып», бар өшімді содан аламын. Жасымнан атқа мініп үйренгенмін, байқамай тақымын қысып жіберемін. Таудың биігіне шығу оңай да, қайта құлдилап еңіске түсу қиын. Шалқа­йып отырмасаң, қодастың салмағымен ұшып кетуің мүмкін. Киноға соның көп жері сыймай қалды.    Фильмдегі оқиғалар – шаманизм заманында, яғни мұсылман­дық әлі келмей тұрған шақта болған жағ­дайлар. Ұмай ана – аруақты, көкке табын­ған арқалы адам. Шыны керек, рөл менің табиғатыма жақындау болды. Өйткені мен де табиғатпен тілдескенді, гүлмен, аңмен, құспен сөйлескенді жақсы көремін. Үйім­дегі иттерім де мені түсінеді, айтқанымды екі етпейді.
Қасқыр маған көмектесті
«Келіндегі» ерекше бір кадр – Ұмай ананың қасқырды сауатын сәті. Алғашында бұл көрініске мені өзі түседі деп ешкім ойлаған жоқ. Қасқыр екеуміз бір айдай бір-бірімізге үйренісіп жүрдік. Екеуміздің алғашында көзбе-көз арбасқанымыз, менің ұлығаным, оны сауғаным – осының бәрін қасқыр қабылдай білді. Қайта ол маған көп жерде көмектесті. Әбден ет жеп қалған неме алғашында саяқтанып, жаны­на адам жолатпады. Бір кезде мен даусым­ды шығарып ұли бастап едім, ол жақындай түсті. Енді оны сауу ғана қалды. Жанына барып, ішін біраз сипап едім, төрт аяқтап, екі көзін жұмып тұра қалды. Сөйтсем, буаз екен. Кейін күшіктеген соң қайта түсірді. Шелекті алып барып, борпылдатып тұрып сауғанда... қыңқ етпей, тұра берді. Шелек­тің жартысына жуық сүт берді.
Бізде ешқандай дублер болған жоқ, бәрін өзіміз жасадық. Кино екі ай түсірілді. Қандай ауыртпалық болса да шыдадым. Тіпті мен сол кемпірді жан-тәніммен рахаттанып ойнадым. Алғашында фильмде аздап айтатын сөзіміз болды. Кейін әлгі аңшымен төбелесетін жерінен бастап: «Ермекжан, осыны бастан-аяқ сөзсіз жа­сауға болмай ма? Тілсіз, көзбен ұғындырып жасай білсек, керемет емес пе? Нағыз шеберлік сол ғой!» – дедім. Шынында да, фильм сонысы­мен ұтымды шық­ты. 
«Келінді» жұрт бекер даттайды
Фильмдегі кемпірдің бар арманы – артында ұрпақ қал­дыру. Келінінің аңшымен әуейі болғанын кемпір сезіп қояды. Сонда да оны сыртқа жібергісі келмейді. Сөйтіп, келінін тыр­ жа­лаңаш күйде оттың ішіне тұрғызып қойып аластап, бо­йы­нан жын-шайтанын шыға­рады, бақсылық күшімен тәнін тазалап, баласына қосып, не­мере сүйгісі келеді. Өкінішке қарай, сынап-мінеушілер осы жалаңаштанудың мәнісін тү­сін­бей-ақ қойды.
Алғашында келіннің жа­ла­ңаштана­тынын білмеппін. Рө­лі­ме беріліп, ешкіммен ісім болған жоқ. Түсіру алаңына кел­ген соң қарасам, қызым тырдай жалаңаш тұр! Жасырмаймын, «апыр-ай, мынаусы несі?» деп шошып кеттім. Қанша дегенмен, мен де әйелмін, қазақпын... ауырлау тиді. Бір-екі минуттай сасқалақтап қалдым. Бірақ лезде есімді жиып, әрі қарай өз міндетімді атқара бердім. Киноға бесеуміз түстік. Аңшы мен бақташының рөліндегі жігіттер – шебер актерлер. Рөлдерін жақсы алып шықты. Бәрі де мені сыйлап, құрметтеді. Әсіресе әлгі «кіші балам» өзімнен аумайды. Ол да рөлін табиғи алып шықты. Жас бала ғой, қиналды, жылады, кей тұстарында «мамам ұрсады» деп те ыңғайсызданды.
Кемпірдің бойында ыза, өмірден көрген қорлық, үміт – бәрі астасып жатыр. Енді бір сәтте келінін буындырып өлтірмек те болады. Сонда тізесі келіннің ішіне тиіп кетеді де, ішіндегі дем жетпей, бұлқынып жатқан шарананың қимылын сезеді. Сосын дереу есін жиып алады. Келінін орнынан тұрғызып су береді, таудан шөп теріп әкеліп, оны дәрі ғып ішкізіп, босандырады. Келінінің емшегінен сүт шықпай қалған­дықтан, қасқырды сауып әкеліп, балаға со­ның сүтін беріп, аман алып қалады. Міндетін толықтай атқарып болған соң, асатаяғын келініне тапсырып, өзі өлімге бет алады. Ондағысы – «Мен де осы ша­ңы­раққа сен сияқты келін болып келіп, кемпір болып кетіп бара жатырмын» дегені. Өлімге беттегенде де кеудесін тік ұстап кетіп бара жатады. Бұл да – кемпірдің ерлі­гі...
«Келін» фильмінің көрермендер ара­сын­да түрлі пікір мен дау-дамай туғыз­ғаны жұртқа мәлім. Мен оның бәрін білім­сіздік­тен туған нәрсе деп ойлаймын. Негі­зінде, режиссердің ойы, дүниетанымы ма­ған ұнады... 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста