Жануарлар адамдардан әлдеқайда мейірімді (видео)
Күнделікті ғаламтордағы ақпараттарды ақтарып отырып, небір жантүршігерлік оқиғаларды көзіміз көреді. Әсіресе адамдардың кішкентай ғана қорғансыз сәбилерге зәбір көрсетуі жиілеп кетті. Өзге емес, өзінің баласын туған анасы өлімші етіп сабауын, өмірге деген барлық өшпенділігін баласынан алуын қалай түсінуге болады. Аң екеш аң да, кез келген мақұлық та баласына деген мейірімін төкпеуші ме еді. Адамдардың зұлымдығын, қайырымсыздығын бұрын жыртқыш аңға теңеп жатушы едік. Сөйтсек, адамнан гөрі мақұлықтар мейірімдірек секілді. Бүгін «Алаш айнасы» адамдардан әлдеқайда мейірімді жануралардың бейнежазбаларын жинақтап көрді.
Даун синдромымен ауыратын балаға мейірімін төккен ит.
Балаларды құтқарған жыртқыш аңдар
Кезінде өзін құтқарған әйелді аң патшасы арыстан 4 жылдан кейін танып, құшақтап, ерекше мейірімділігін көрсетті.
Қайтыс болған иесінің қабірінен кетпейтін ит.