Жанғали Жүзбай: Қазақ домбыраны сағынғанда тартқан

- Сізге өнер зерттеушілері, ел ішіндегі көзіқарақты қариялар «Шертпе күйдің шебері Сүгірдің мұрасын көзінің қарашығындай қорғап, сақтап келе жатқан бірден-бір жанашыр азамат» деп баға береді. Сүгір туралы аз-кем әңгіме айтып берсеңіз…
- Мен консерваторияға кел­ген­де Алматы Сүгірдің екі-ақ кү­йін білетін. Бірі -«Бозінген», екін­шісі — «Қаратау шертпесі». Одан кейін «Тоғыз тарау» мен «Қа­ратау шертпесінің» бірнеше нұсқасы бар екенін, «Бес жор­ғаның» бес, «Кертолғаудың» үш тарауы бар екенін тартып көрсет­тім. Көптеген күйлерін қайта жаңғырттым. Кітаптар жаздым. Егемендікті енді ала бергенде Төлеген Тоқбергенов, Таласбек Әсемқұлов, Мақсат Мұхитдинов сынды ағаларымыздың көмегімен Сүгірдің шығармашылығын та­ны­татын тұңғыш күйтабағын шығардым. Бірақ оның өзі көпке дейін даулы болды. Күмәнмен қарап, «Бұл күйлерді Сүгір емес, сен ойыңнан шығарған шығар­сың» дегендер де табылды.
- Не себепті?
- Мұны мен қоғамнан да, адамнан да көрмеймін. Кейде осыны орыстың отарлау саясаты­ның тигізген салқыны ма деп тұжырымдаймын. Өйткені кеңес­тік жүйе күйді қатаң бақылап отыр­ды. Ұлт-азаттық көтерілістер мен оның қолбасшыларын дәріп­тей­тін, халықтың еркіндікті көк­сеген туындыларын тұншықтырып, жойып жіберуге күш салды. Осындай тоталитарлық режим Сүгір күйлерін де айналып өткен жоқ. Басқа күйшілер сияқ­ты Алаш көсемдеріне арналған немесе халық батырларының аты­мен аталған күйлер Сүгірде де көп кездеседі. Мәселен, мұрағат­тан табылған, Ергентай Борсабаев орындаған «Амангелді батыр» деген күйі бар. Өздеріңіз білесіз­дер, Амангелді Иманов орыстың саясатына қарсы шыққан баһадүр. Сүгірдің бұдан бөлек әйгілі Созақ көтерілісіне арнаған туындылары да жеткілікті. Қаратаудың теріскей беті нағыз ұлтшылдардың жері. Беріге дейін насихатталмай, Ар­қа­ның күйшілік мектебі де орыстың жымысқы саясатының зардабын шекті. Себебі ол ала­шордашылардың орталығы еді. Сондықтан кеңестік идеология­ның кесірі күйге де тиіп, бұл өңір­лердің мәдениетін тізгіндеп, шек­теп отырды. Соның ішінде Созақ көтерілісі орыстың көзқарасында қара тізімге ілінетін болса, онда оның өнері де міндетті түрде бірге ілінетіні сөзсіз. Сол себепті, да­лада орындалған күйлер қалада қысымға ұшырап жатты. Тіпті бір кездері «Сүгір күйші емес. Ол ешуақытта күй тартпаған» деген зиялы адамдарды да өз көзімізбен көрдік.
- Сүгірдің күйшілігі бүгінгі таңда өз дәрежесінде мойындалды ма?
- Жасыратын несі бар, әлі де Сүгірге ықылас білдіретіндей адам­дар біздің қоғамда аздау. Қа­зақ күйшіден кенде емес. Әріден алсақ, 13- ғасырда Кетбұғы, Но­ғай­лы заманына келсек, Асан қай­ғ­ы, одан кейін Махамбеттердің дәуірі бар. Алтайдың, Бөкей орда­сының, Маңғыстаудың күйшілері бір төбе. Осы күйшілердің орта­сында Сүгір ерекше орын алады. Оны Ахмет Жұбанов та мойын­даған. Бірақ әлі күнге Сүгір мұ­раларының тартылуы аз. Мен өз шәкірттеріме үйретуге тырысып жүрмін. Дегенмен шертпе күйдің шеберіне бұл құрмет әлі де жет­кіліксіз. Бір кездері туған жері Созақта Сүгір атындағы музыка мектебі бар еді, сол белгісіз себеп­тен жабылып қалды. Сүгірге еш­қандай ескерткіш орнатылған емес. Қара бура әулиенің қасында кішкентай ғана қорым жатыр. Қаңылтырдан жасаған мүсіні бар. Оған үлкен ескерткіш орнатып, Құрманғазы, Тәттімбет байқау­ла­ры сияқты күйшінің конкурстары дәстүрлі түрде өтуі керек. Сүгірдің күйі ең көп тартылатын жер Жез­қаз­ған облысының, Жаңарқа ау­даны. Өйткені Сүгір жаз жай­лау­ға шыққанда Арқаға дейін барып күй шерткен. Әкесі Әлінің сүйегі Жаңарқада жерленген. Мәселен, Ықылас Дүкенұлына өзі тел өмір сүрген Жамбыл, Қарағанды об­лыс­тарында екі ескерткіш қойыл­ды. Сүгірге де осындай көзқарас қажет.
- «Сүгір күйлерін қызғанып, жұрт алдында тартпай қояды екен» деген әңгімелер бар. Бұған не айтасыз?
- Бұл жайлы үлкен кісілерден түбегейлі сұрадым. Сүгір ешуа­қытта күйін қызғанған адам емес. Той-томалақтарда, күйді түсінетін ағайын-туыстың арасында көп­ші­ліктің көңілін қалдырмаған. Мұхтар Әуезовтің алдында таң атқанға дейін шешіліп күй тарт­қан. Мұхаң «Бір Тәттімбетті тап­тым» деп қуанып кеткен. Рас, арнайы ұстаз болып, шұқшиып отырып, шәкірт тәрбиелеген адам емес екен. Бір тартады, қағып алса, қағып алды, қағып алмаса, домбырашының өз кінәсі. Оның күйлері әртүрлілеу болып кетіп тұратыны сондықтан. Дегенмен түпнұсқасы бір. Бұл қызған­шақ­тыққа байланысты емес, жоғарыда айтып кеткендей, кеңестік жүйе идеологтарының шығарған әңгі­месі. Әйтпесе, ол кісі 1961 жылы техниканың бар уақытында қай­тыс болды. «Сүгір күйлері жет­пе­ді» дегендер сол кезде неге жазып алмапты?! Ахмет Жұбановтың отызыншы жылы шыққан үнтас­пасы бар. Ал алпысыншы жылдар дыбыс жазудың дамыған кезі емес пе? Оның шығармаларын аудан­ның, облыстың, не Алматының радиосы неге жазбаған? Бұл ой­ланатын мәселе.
- Кейбір күйлерінің Төлеген Момбековке телініп кеткенін қалай түсіндіресіз?
- Төлегенді бір кісі жақсы көр­се, мен жақсы көрер едім. Өй­ткені мен оған туыспын, ағайын­мын. Бірақ әркімнің дүниесі, мүл­кі өзіне тиесілі болуы керек. Сүгірдің заманындағы әуен мен оның мақамы бөлек. Ол қобыз бен домбыраны қатар тартқан. Туындылары қобыздай күңіреніп тұрады. Төлегеннің заманына үш қайнаса, сорпасы қосылмайды. Төлегеннің күйлері ойнақы, со­ғыстан кейін туған «Дариға, сол қыз», «Тос мені, тос», «Сен берген ақ жібек орамал» сияқты дәуірлік әндерге ұқсас. Сүгірдің күй­лері­нсіз де Төлегеннің өз мұралары өзіне жетіп жатыр. Әрірек шыққан күйлерді аңғаруымыз керек. Бізге осындай әңгімелерге нүкте қоя­тын, «мынау мынаныкі» деп та­нып, айырып алатын, музыкалық материал ретінде кімге тиесілі екенін қолмен қойғандай анықтап беретін білікті сарапшылар қажет. Бұдан басқа да бір-біріне телініп кеткен күйлер өте көп. Музыкант ретінде төрелегімді айтып отыр­мын. Ел арасында кикілжің ту­дыру маған мақсат емес. Мен күй тартсам болды.
- Кезінде Сүгірдің «Бозінген» күйі кең көлемде талқыланып, авторға тиесілі екендігі дәлелденді. Бірақ неге әлі күнге Қазақ радио­сында бірде Сүгірдің «Бозінгені» болып, келесі жолы Төлеген Мом­бековтің «Бозінгеннің бүлкілі» болып келе жатыр?
- Өз басым осы дау-дамайға қатысқан емеспін. Бірақ білгіңіз келсе, айтып берейін. 20 жасымда Алматыға алғаш келгенде «Бозін­ген» Төлегендікі болады да, ауыл­ға барсам Сүгірдікі болып шыға келетін. Екі ұдай күй кештік. Шындығына келсек, «Бозінгенді» өте сұлу тартқан әрине Төлеген. Бірақ Генерал да одан кем тартқан жоқ. Файзолла да осал емес. Атабек Асылбеков те, менің әкем де, мен де жаман тартпадық. «Бо­зінгеннің бүлкілін тартшы» дейді созақтықтар еркелетіп. Бала ке­зім­де құлағым шалған бір аңызға назар аударайық. Сүгірді әкесі Әлі бір рет сынап оған «құлыны өліп қалған биені иіте аласың ба?» деген екен. Содан бірнеше күн булығып жүріп бір күй шығарады. «Телқоңырды» тартқанда жыл­қының иіп тұрғанын өз көзімен көріп, «не деген құдірет» деп ел таңданыпты. Бұл Тәкен Әлім­құловтың кітабында да жазылған. «Бозінген» де солай. Домбыраның дауысын естіп, ботасы өлген аруа­на алыстан айналып келетін кө­рінеді. Осындай деректерді тиісті азаматтар оқып, ескере бермейді. Дәйекті түрде жұмыс істемейтін сияқты.
Мұндай көзқараспен қазақтың дәстүрлі күй өнерінің тарихына қиянат жасаймыз. Төкеңнің «Ұс­та­зымның күйі» деп тартқанын көрген куәлер бар. Тағы да айтам, сүйек жағынан келгенде Төлегенді қорғаштайтын бірден-бір азамат мен болуым керек. Бір рудың баласымыз. Төкеңнің алдында арым таза, адал болған адаммын. Ұстазының күйін аман алып-қалу үшін өз атынан тартқан уақыттары да болуы мүмкін. Мәселен, Үкілі Ыбырайдың «Гәккуі» Мәскеуде өткен онкүндікте Евгений Бруси­ловскийдікі болып, әлі күнге өз иесіне қайтарылмай келе жатқан жоқ па? Брусиловский ешуақытта «Гәккуді» шығарған адам емес. Менің айтарым осы, өмір бақи осы ұстанымда келе жатырмын, сол пікірімде қаламын.
- Күйшінің мінезі күймен қан­шалықты астасып жатады?
- Мен тартатын күйлердің іш­ін­де көңіл көтеретін бірде-бір күй жоқ. Қайғылы, мұңлы. Мен соны тартып, өмірбақи дәстүрін ұста­нып келе жатсам, менің бойымда қайбір көңілшектік болуы керек. Аздап өкпешілдігіміз бар.
- Машықтануға қанша уақыт бөлесіз?
- Менде арнайы машықтану де­ген жоқ. Қазақ күнде машық­танып күй тартты дейсіз бе? Қазақ домбыраны сағынғанда тартқан. Сол сияқты сағынғанда ғана қо­лы­ма домбыра ұстап тұрамын.
Әңгімелескен Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ,
«Айқынның» мұрағатынан ықшамдалып алынды 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста