Қазақ эстрадасында жарасымды жұп атанып, тыңдарманды құлаққа жағымды әндерімен қуантып келе жатқан Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова студент кездегі суреттерімен бөлісті.
Осыдан 23 жыл бұрын түсірілген сүгіретті Жазира желіге жүктеген. Жанболат екеуі дәл осы 1994 жылы жатақханада танысып, көңіл жарастырады.
Екі жыл қол ұстасып жүріп, үйленген жұптың қазір Қазбек есімді ержеткен ұлы бар.