Ел тарихында ереуіл туғызған Жаңаөзен оқиғасының 20 жылдығына орай Маңғыстау өңірінің талантты жастарының басын біріктірген «Жанартау» жастар шығармашылығы қоғамдық бірлестігі Ақтау қаласында жас ақындардың жыр кешін ұйымдастырды.
1989 жылдың шілдесінде орын алған осынау оқиға жергілікті тұрғындар мен кавказдық ұлт өкілдерімен қақтығыстан туындаған еді. «Сұрағандарың сөз болса...» деп аталатын әдеби кешке маңғыстаулық жас ақындар қатысып, қазақы рухты өршіл өлеңдерімен өрнектеуге тырысты. «Бұл шараның мақсаты – жастардың бойындағы патриоттық рухты шыңдап, әртүрлі ұлттар арасындағы толерантты қарым-қатынастарды дамыту болып табылады», – дейді бірлестік төрайымы, белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Анар Шамшадинова.
Жалпы, мұндай шараларды «жанартаулықтар» жиі өткізіп тұрады. Бұған дейін «Жанартаудың» көмегімен бірнеше дарынды қыз-жігіттің шығармашылық кештері ұйымдастырылып, бірқатарының тұңғыш жыр жинақтары да жарық көрген. Бұл жолы да жергілікті әкімдік басшылары жастар шығармашылық бірлестігіне қолдау көрсетіп, алдағы уақытта қанаттасып жұмыс атқаратынын атап айтты.
«Жанартауда» жыр оқылды
Последние статьи автора