«Жанардың еркеліктеріне көз жұма қарадық»: Кәмшат Жолдыбаева Жанар Дүғалованың мінезі туралы айтты
Gakky телеарнасындағы «Шыны керек» бағдарламасында қонақта болған танымал отандық әнші Кәмшат Жолдыбаева КешYou тобының бұрынғы құрамы жайында сөз қозғап, өнердегі әріптесі Жанар Дұғалованың мінезі туралы айтты.
Кәмшат бұрынғы КешYou тобында болған қыздардың бүгінде ешқайсысымен арқа-жарқа араласпайды екен. Бәлкім мінездері жараспаса керек. Өйткені, Жанар Дұғалованың еркелігіне Кәмшат әзер шыдаған секілді.
«Оның мінезі, болмысының басқаша екені ешкімге де құпия емес. Ең бастысы Жанардың бойындағы өнері, таланты, ерекшелігі маңызды. Бізде Айдана екеуміз соны білетінбіз. Бізге ешқандай да ауыр тиген жоқ. Иә, көп нәрсеге көз жұма қарадық. Еркеліктерін өзінің ерекшелігі ретінде қабылдады», – дейді Кәмшат Жолдыбаева.
Бұдан басқа әнші «КешYou»-дегі қыздардың қазір ғана емес, бұрын топ болып тұрған кезде де бір-бірімен жақсы араласпағандарын айтады.