Жанар Дұғалова қызықты оқиғаларын айтып берді (видео)

Биылғы шоу-бизнестегі басты жаңалықтардың алдынғы қатарында тұрған Жанар Дұғалованың Баян Есентаева иелік ететін Shine Productionнан кетуі. Оның себебі, келісім-шарт мерзімінің аяқталуы болатын. Сол жаңалықтан соң Жанар Gakku.kz сайтындағы «Жұлдызды редактор» айдарында басты қонақ болды. Ондай ол өзінің қызықты оқиғаларын айтып берген еді.

Белгілі әнші Жанар Дұғалова Turkvizyon байқауынан соң ешқандай ән жазып, бейнебаян түсірмеген еді. Енді міне, араға уақыт салып өз шығармашылығын қолға алған Жанар жаңа бейнеклип түсіруге көшті. Алайда, бұл әні бұрынғы әндерінен өзгерек дейді әнші қыз. Себебін, өзі айтып берсін.

"Ырғақты ән, билейтін ән. Көбінесе менен сұрайды ғой: "Жанар неге ылғи мұңды, жылататын әндер айта бересің? Қазір жігерлі, нағыз билейтін ән", - деп, айтты Жанар Дұғалова.

Әннің сөзін жазған белгілі ақын Ринат Заитов. Ал, әннің авторы Жанардың өзі. Алайда, жаңа туындыны Дұғалова бұрыннан бері ойластырып жүрсе керек. Себебі, әнші бұл шығармасын өткен жылы жазып енді жарыққа шығарып жатыр. Бір жыл көлемінде ойластырылған әнге түсіріліп жатқан бейнебаянның да сюжеті ерекше. Ал, ол жердегі Жанардың рөлі қызықтырып тұрса онда тыңда.

"Бұл жерде үш оқиға көрсетіледі. Ал, мен болсам сол оқиғаларды көрермендерге баяндап берушімін. Яғни өзім",- дейді Жанар.

Тұсаукесерлер мен эксклюзивті жаңалықты назарларыңызғабірінші болып ұсынатын Гәкку арнасы мен GAKKU.KZ сайты да әдетінен танбады. Оны әншінің өзі баяндап берсін.

"Жаңа әнімді Gakku.kz сайтынан жүктей аласыздар. Ал, бейнебаянның тұсаукесерін Гәкку арнасынан көресіздер", - деді Жанар.

Естідіңіздер ғой? Ендеше, бізбен бірге болыңыздар. Ал, Жанарға шығармашылық табыс тілейміз. Жаңа бейнебаянды біз де асыға күтеміз.
gakku.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста