Жамбыл облыстық филармониясының әншісі халықаралық фестивальде бас жүлде алды

Жамбыл облыстық филармониясының әншісі халықаралық фестивальде бас жүлде алды

Қырғыз еліндегі Чолпон-Ата қаласында өткен «Маking Asia» танымал музыка орындаушылардың ІІІ Халықаралық Ыстықкөл фестиваліне К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Айна Қалмағанбетова қатысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Үш күнге созылған музыкалық таланттар байқауында Қазақстан, Қырғыз, Өзбекстан, Әзірбайжан, Венгрия, Түркия, Солтүстік Кипр сынды елдерден 18 бен 35 жас аралығындағы 17 жас орындаушы бақ сынады. Айна байқаудың алғашқы күні Төлеген Мұхамеджановтың «Құс жолы» әнін, екінші күні Эрик Карменнің «All By myself» әлемдік хит әнін жоғары деңгейде орындап, үлкен қошеметке ие болды.

 

Байқау қорытындысында Айна Қалмағанбетова бас жүлдені жеңіп алып, 5000 доллардың сертификатын иеленді.

 

 

Айна Қалмағанбетова әнші, композитор ретінде бұған дейін де өнер жобалары мен халықаралық конкурстардың лауреаты атанған. ҚР Президентінің «Құрмет» мемлекеттік наградасымен марапатталған.

 

Айта кетейік, 2013 жылы өткен «Маking Asia» бірінші музыкалық фестивалінде Димаш Құдайберген еліміздің намысын қорғап, бас жүлдені иеленген болатын.

 

Бұған дейін Жамбыл облысындағы Президент резиденциясы оқу-сауықтыру орталығы болып қайта ашылғанын жазған болатынбыз.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста