Заманына сай маманы

Өмірде өз орнын тапқан адамдар – жар таңдау мен мамандық таңдауда адаспаған жандар деседі. Рас, отбасындағы және қоғамдағы өзінің рөлін сезінген адамның, шын мәнінде, өмірге деген құштарлығы, өзіне деген сенімі ерекше болатыны шындық. Ендеше өмірімізде аса маңызға ие заманымызға сай мамандықтар жайлы оқырманмен аз-кем бөлісуді жөн көріп отырмыз. Дәлірек айтсақ, шығармашылық мамандықтарды тақырыбымызға арқау еттік.

Шығармашылық мамандық иелері дегенде біздің ойымызға түсетіні – өнер адамдары, ақын-жазушылар, суретшілер, журналистер... Сүйікті ісіне маңдай тері­мен, уақытымен қоса, жан-жүрегінің бір бөлігін арнайтын шығармашылық маман­дық иелерінің бойына жаратылыстан да­ры­ған дарын жалпыға рухани азық болуы­мен бағалы. Бүгінгі техникасы қарыштап дамыған заманда, өркениетті қоғамда жоғарыда аталған мамандықтардың тізімі күннен-күнге көбейе түсуде. Тек әрқайсы­сымыз қабілет-қарымымызға, қалауы­мыз­ға қарай мамандықты дұрыс таңдай білсек болғаны.

Мамандық таңдай білесіз бе?
Психолог мамандардың айтуынша, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннан гөрі, алға өмірлік мақсат ретінде қойып, жоспар құра білгені жөн. Мамандық таңдау – белгілі бір деңгейде моральдық мәселе. Сондықтан әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек. Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар. Өз ісінің бүге-шігесін толық меңгерген кәсіби маман болу үшін икем, қабілет және мінез қажет.

Сондай-ақ енді-енді өзін тұлға ретінде сезіне бас­таған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар. Міне, адам­ның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы, тұлғаның қабілеті, осы үш фактор мамандық таң­дауда бірін-бірі толықтырады.

Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сүйенсек, былтырғы жылы «Ме­недж­мент», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Халықаралық құ­қық», «Дизайн», «Кадастр» және «Әлеу­мет­тік жұмыс» мамандықтарына сұраныс көп болған. Байқағанымыздай, жастар мамандық таңдауда табысқа басымдық береді.

Себебі беделі алатын жалақысына қарай бағаланатын қазіргі заманда мем­лекеттік қызметтер, қарапайым мұ­ғалім мен дәрігер, заңгерлер ортаңқолды ма­ман­дық болып қалды. Ал шығармашылық мамандықтарға келер болсақ, біздің елде өнерпаздар да, он саусағынан өнері тамған шеберлер де, таңдайы тақылдаған шешендер де жетерлік. Тіпті сөзге, өнерге, суретке, сахнаға қатысы жоқ, басқа саланың мамандарының арасында да небір таланттар жүр. Тек біздегі ең үлкен мәселе, кейбір ата-аналардың балалары­ның бойындағы дарынды көре тұра, «Селкілдеп билегенің саған ертең нан бола ма?» немесе «Андағы шимай-шатпақ суретің кімге керек?» деген секілді сөздері балалардың ынтасын тұншықтырады.

Біз әлі күнге баламыз бастық болса, қолында қаржысы, астында тағы болса деген шолақ түсініктен арыла алмай келеміз. Ал егер баламыз шығармашылық мамандықты таңдаған күннің өзінде оның сахнадан түспей, ел алдында жүргенін қалаймыз. Қалай десек те, біз атақ-даңқты, мақтауды, лауазымды жақсы көретін халық екенімізді мойындамасқа болмайды. Айналамызға болашаққа көз жүгіртер болсақ, ешқандай атақ-даңқсыз-ақ, еліңе абырой әкелетін, өзіңді табысқа жеткізетін мамандықтар қаншама? Тағы бір айта кетерлік жайт, «ерін ойлайтын елі болмаса, елін ойлайтын ер қайдан болсын» демекші, жоғарыдағы атқамінер азаматтарымыз да жастарды қазіргі заманға сай мамандықтарды игертуге мүдде таныта бермейді.

Бір ғана мысал келтіре кетейік. Айталық, қазақша телеарнаның жоқтығы, заманға сай қазақ киносы мен мультфильмдерінің, театр сахналарындағы жаңа қойылымдардың немесе қазақы сәулет өнері туын­ды­ларының тапшылығы жайлы мәселе қозғала қалса, таяқтың бір ұшы айналып кеп кәсіби мамандардың тапшылығына тиеді. Сондай кезде біріміз-бірімізді кәсіби мамандығы жоқтығына кінәлап шыға келмей, қай-қайсымыз да, заманның ағымына, қалауымыз бен талғамымызға қарай мамандық таңдасақ, мемлекет тапшы мамандарға қолдау көрсетсе құба-кұп болар еді.

Қазіргі заманның әрі тапшы, әрі табысты мамандары:
• Аниматор – суретке жан бітіруші; Мульти­пликатор –мультфильмдерге ар­нал­ған суреттер салушы; 3D-аниматор – үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевиде­ниеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда шетелдік кинолар мен мульт­фильмдер, телеарналар осы­нысымен өтім­ді болып отыр.

• Витражист – көрмедегі және дү­кендердегі заттарды тартымды етіп ор­наластыра білетін мамандар. Яғни сөре­лердің және олардың бөл­­шек­терінің дизай­нын жасап, көрме кешендерін әр­лендіреді.

• Декоратор – түрлі мекемелерді, ғи­мараттардың ішін әсемдеуші. Театр қойы­лымдарына, түсірілімдеріне арнайы сурет, графика, сәулет туындыларын таңдап, техникалар мен жарықтандыру құрыл­ғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік театрлар­дың барлығы заманға сай жарақталып, көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.

• Интерьер дизайнері – үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.

• Импрессарио немесе продюсер – түрлі мерекелік іс-шараларды ұйым­дас­тырушы. Бұларды белгілі бір өнер адамының агенті деуге де болады. Аса бір қабілетті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет ететін мамандық.

• Көркемдік әрлеуші – көшелерде ілінген жарнамаларды, сауда орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсем­деушілер. Мұндай мамандар топ құрып жұмыс істейді.

• Клипмейкер – бейне және дыбыс жазу маманы. Олар жарнама идеяларын ойлап тауып, қысқа бейне хабарламалар жасайды.

• Колорист – түстерді ұтымды қол­данудың маманы.

• Көркемдік суретші – басылым­дарды көркемдік және техникалық жағы­нан әрлеуші маман.

• Грим жасаушы суретші – бұл ма­ман­дықтың құрамына төрт мамандық сиып кетеді. Яғни шығармашылық бір­лес­тік деп атауға болады. Бұл бірлікке қою­шы-режиссер, қоюшы-оператор, қою­­­шы-суретші және сахналық киім таңдау мен грим жасау суретшісі кіреді. Суретші кейіп­керге тән бет-бейнені жасап, режиссермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Өзінің шеберлігімен кез келген адамның бет-бейнесін түрлендіріп, пластикалық грим жасайтын мамандар өте сирек.
Кез келген мамандық, әсіресе, шығар­машылық мамандықтар адамның жан сұлулығын талап етеді. Маман­дығымызға тек қажеттілік немесе міндет ретінде қарамайық.

Қаперге
• Балаңыздың болашақ мамандығын өзі таңдауына мүмкіндік беріңіз.
• Мамандық таңдар кезінде тек ма­териалдық пайданы ғана ойламай, рухани қанағаттануды да естен шы­ғармаңыз.
• Мамандық таңдар кезде ба­ла­ңыздың сол кәсіпке деген жарам­дылығын да байқаңыз.
•Егер балаңыз мамандық таңдауда қателескен болса, ол үшін кінәла­маңыз, оны жөндеуге болады.
• Егер балаңыз қандай да бір мамандыққа ертеден әуестене бас­таса, оны үйірмелерге беріп, әдебиет­тер әперіп, түрлі сабақтардың көме­гімен осы қызығушылығын сақтауға мүмкіншілік беріңіз.
• Балалар өз ата-аналарының ма­мандығына қатысты мамандық таң­дауы да мүмкін екені есіңізде болсын.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста