Жамалиевтің тоқалы көйлек сатып жүр (фото)

Танымал кәсіпкерлердің қатарынан көрініп жүріп, кейін істі болып, 13 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Жамалиевтің тоқалы Айнұр Исина көйлек сатуға мәжбүр болды. Бұл әрекеті арқылы қатерлі дертке шалдыққан кішкентай ғана Амелия есімді бүлдіршінге көмек беруді көздеген. Ол өзінің инстаграмдағы парақшасында Jovani атты атақты брендтің жұлдызды көйлегін сатылымға шығарды. Сатылым аукцион әдісі бойынша жүргізілген.


«Бұл көйлек аталған брендтің ең танымал көйлектерінің бірі. Көйлектегі торлар Swarovski тастарымен көмкерілген. Оны киген сіз ортаның назарында боласыз. Сондай-ақ, бұл киімді алған сіз оған жұмсаған ақшаға кішкентай ғана Амелияның өмірмен күресіне жұмсағаныңызды білесіз! Бер рет қана киілген. Мөлшері –S. Арнайы сайтта көйлек бағасы 800-900 АҚШ доллары. Сатылымға шығарылған көйлектің құнын өздеріңіз белгілейсіздер. Ол қаржы Амелияға көмек ретінде аударылады. Ақшаны бүлдіршіннің шотына аударыңыздар, сосын маған чекті жіберіңіз. Айырбас ретінде мен көйлекті беремін. Лоттың жарамдылық мерзімі тек бір күн ғана» деп жазған Исина ханым. Осы сәттен соң тоқалдың әрекетіне риза болған оқырмандарының ішінде қымбат тұратын көйлекті 37 мың теңгеге сатып алуға ниет еткен адам табылды. Мұнан соң жазба авторы аукционның жабық екенін ресми түрде жариялаған. Естеріңізге сала кетейік, Айнұр Исинаның есімі астаналық Әліби Жұмағұловты аяусыз ұрып-соғып, ақша бопсалағаны үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Жамалиевтің тоқалы ретінде көпшілікке таныс.
 korrespondent.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста