Жаһандану бәсекесінде ұлт намысын жыртатын – қазақ басылымдары

Жаһандану бәсекесінде ұлт намысын жыртатын – қазақ басылымдары

Ғабит МҮСІРЕП, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты:

– Аға, тәжірибелі журналист ретінде, басылым басшысы ре­тін­де бүгінде журналистика де­ген «төртінші биліктің» қандай мәселелерге баса мән беруі ке­рек деп ойлайсыз?
– «Төртінші билік» қана емес, билік тар­мағының қай-қайсысы да баса мән беруге тиісті проблемалар қоғамда жетіп-артылады ғой. Дегенмен ұлттық сананы оятуға ықпал ететін де, жаңа өмірге бейім­дейтін де, жаһандану бәсекесінде қазақ ұлтының намысын жыртатын да – БАҚ, оның ішінде қазақ басылымдары. Өйткені олар 70 пайыздың ауылына қарай аяң­да­ған ұлттың сан ғасырлық үмітін аяқасты ете алмайды. Қазақ басылымдары өз бесігін өзі тербетпесе, Алаш ұрпағын ендігі жерде Батыс әлемі болмаса басқалар бауырына басатыны анық. Өзі аз қазақты өз ыңғайына қарай икемдегісі келетін сыртқы күштің ықпалы да назардан түспегені жөн. Бірі – білім беру, екіншісі – дін, үшіншісі эко­но­ми­калық экспансия арқылы қазақ ара­сы­нан өз өкілдерін көгендеп, ен тағып жа­тыр. Сөйтіп, Алаш билігіне әмірін жүргізбек ниетте. Қазақты жарылқаймын деген жат жұрттың түпкі мақсаты – өз қамы. Ендеше, төл қазаны мен санасына өзі иелік еткен жағ­дайда ғана Алаш жұрты өркениет кө­шіне ілесе алады. Халқының қамын ойлайтын БАҚ осындай жықпылы көп мә­се­лелердің бәрін ашып жазып, оқыр­ман­ға объективті ақпаратты жеткізе білуі тиіс.
– Қазақ елі Тәуелсіздігін жария­ла­ға­лы да 20 жылдан асып барады. Әйтсе де әлі күнге шешілмеген қай мәселеге жаныңыз ауырады? Қанша жазылса да, айтылса да, көзге шұқып көрсетілсе де, түгенделе алмай жатқан қай мә­се­лені айта аласыз?
– Жетістігіміз: шекарамызды шегендеп, бе­кітіп алдық. Әлемдегі «тоғызыншы тер­ри­тория» талас тудырмайтын, Алаштың еркін жүріп, ен жайлайтын аумағына айналды. Тәуелсіз елге тән атри­бут­та­ры­мызды да түгендедік. Саны бізден әл­де­қай­да көп ұлттардың төл байрағы, әнұ­ра­ны, елтаңбасы, мемлекеті жоқтығын еске алғанда, бұл – шүкіршілік етуге болатын тірлік. Байтақ даланың төсінен елорданы тұрғызу да Тәуелсіздіктің арқасында мүмкін болды. Астанада айтылған бейбіт бас­та­ма­лар­дың халықаралық деңгейде қолдау тауып отырғандығы – Алаш елінің ең үлкен олжасы. Қол жеткізген жетістіктеріміз тілге тиек ететін деңгейде болса да, атқа­рыл­ма­ған шаруа шаш етектен әлі. Демографиямыз олқы соғып тұр. Онсыз да кең-байтақ ке­ңіс­тікте халық саны селеудей сел­ді­ре­геніне қарамастан, Бейбарыстар шетел асып жатыр. Ал «ұлтан болғысы ке­ле­тіндерді» Атажұртқа оралту, Атажұртқа бет бұрған көш-керуен тоқтап тұр. Мүмкіндік-әлеуе­тіміз нақты тұрмысымызбен қабыспай, байлығымыз халық қажетіне толыққанды жаратылмай келеді. Қазақ жерінің бай­лы­ғын тонағандар ұшақпен көшіп, қаржысын есепшот арқылы шетелге аударып, ізім-қайым жоғалуда...
– Қалай ойлайсыз, қазір бізде сөз бостандығы толығымен көрініс тауып отыр ма, әлде БАҚ-қа цензура бар ма? Жалпы, сол шектеу керек сияқты ма, бір жағынан? Жалпы, шындық деге­ні­міз не?
– Қызық сұрақ екен. Цензурамен шідер­леп ұстаған қоғаммен қош айтыстық па деп жүргенімізде, оның қайта орнығуын кім қоштайды дейсіз?! Жалпы, цензура ақиқатты бүркемелегісі келген қоғамда ғана орнығады. Ал ондай қоғамның түп­тің-түбінде тығырыққа тірелетіні көзі қарақты кісіге түсінікті емес пе?! Ен­деше, өркениетке ұмтылған қоғамда «цензура» атауының өзі құлаққа түрпідей естіледі. «Ашық айтқанның бәрі ақиқат емес». Ақсемсер жазушы Асқар Сүлей­ме­новтің сөзі – бұл. Олай болса, шындықты жеткізудің де сан алуан түрі бар. Міндетті түрде сен­сация іздеп, аттан салу керек емес шығар?..  «Аттан салмаған» мәселені ақиқат емес деп айту да – асылық. Ең бастысы – фак­тінің оқырманға бұрма­лан­бай жет­кі­зі­луі.
– Қазіргі қазақ жур­на­лис­ти­касының даму қарқыны қандай, қай бағытқа бет алып барады, осыны бағам­дай ала­сыз ба?
– АҚШ президенттерінің бірі бол­ған Томас Джефферсон кезінде былай деген екен: «Егер де маған газетсіз үкіметті не­ме­се үкіметсіз газетті таңдау мүм­кіндігі берілсе, мен, сөз жоқ, соңғысын таңдар едім». Алып мемлекеттің басшысы басы­лым­­ның қоғамдағы орнына осы­лайша баға берген. Яғни мемлекетті газеттің көме­гі­мен басқаруға әбден болады деген сөз. Алайда қазақ тіліндегі басы­лым­дар белгілі бір мәселеге қатысты билікке сөзін тың­да­тып, айтқанына құлақ түргізе ала ма? БАҚ-тың басты барометрі – осы. Қазақ жур­на­лис­тикасына берілетін бағаны осы төңі­ректен іздеген жөн.
– Ендеше, сұрақты басқа қырынан қоялық. Қазақ басылымдары неге қау­қарсыз?
– Ол үшін ең алдымен қазақ тіліндегі БАҚ-тың еліміздің ақпарат кеңістігіндегі алатын орнына назар аударған абзал. Қазақ тіліндегі барлық басылымның тара­лы­мы орыстілді мықты үш-төрт газеттің тара­лымынан аса алмайды. Бәлкім, саны жағынан алғанда, қазақ тіліндегі басы­лым­дар көп шығар, аймақтағыларды қос­қанда. Ал сапасы жағынан көңілден шығады деп айту қиын. Жасыратыны жоқ, мақаланың «бісмілләсі» Тәуелсіздік алуы­мыз­дың пәленбай жылдығынан бастау алатын жарияланымдар жұртты жалық­тыр­ғалы қашан! Қазақ басылымдарының көпшілігі осы жаттандылықтан әлі арыла алмай жүр. Оған қоса талдау тұрғысында жазылған дүниелер де жеріне жеткізіле зерттеліп, оқырманның көкейіндегі сауал­дарды қанағаттандыратындай жағдайда емес. Бәсекеге түсер тұста олқы соғатын жеріміздің бірі – осы.
 Әрине, қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының жүгі ауып жатқанына алуан түрлі объективті, субъективті себептер бар. Ең бастысы – тілдік ортаның, оның ішінде қазақ тілінің билік тіліне айнала алмай отырғандығы. Жарнаманың қазақ тілінде сөйлемейтіндігі. Қазақтілді журналистердің әлеуметтік жағдайының мәз еместігі. Әйтсе де осындай қырық құрау себептің бәрі қазақ басылымдарының қауқарсыздығын ақтап ала алмайды. Егер ақтайтын болса, жалпы қазақ қоғамының болашағына нүкте қоюға болар еді.
– БАҚ-тың бабы мен бағы жур­на­лис­тиканың жүгін көтеріп жүргендерге де тікелей байланысты ғой. Осы жа­ғы­нан алғанда, ақпарат кеңістігін қыз­дар­дың «жаулап алуына» қалай қарай­сыз?
– Кейде қоғамдағы құбылыстармен жеке басың келіспегенімен, мойынсынуға тура келетін жағдайлар болады. Бұл да сол сияқты. «Журналистика қыздардың қолы емес» деген кешегі ұғым бүгінде біржола өзгерді. Қазір ақпарат кеңістігіне қыздар билігін жүргізе бастады. Тіпті кейбір жур­на­лист қыздардың алғырлығы жігіттерімізге үлгі болатындай деңгейге де көтерілді. Ен­де­ше, қоғамдық өрелі ойды жеткізу ару­лар­дың үлесіне тиіп жатса, оны қорсынуға болмайды. Ең бастысы, жігіт болып, қыз болып, журналистер одағы болып, қоғам­да­ғы олқылықтың орнын толтыруға қызмет етсек, болды емес пе?!
– Жеке өз басыңыз қандай ұста­ным­мен өмір сүресіз?
– «Ұлтына, жұртына қызмет ету — білім­нен емес, мінезден». Әлихан Бөкейханұлы айтқан осы сөз маған азаматтық ұста­ным­ның шоқтығы сияқты көрінеді. Олай дейтініміз, Құдайға шүкір, қазақ жұрты түгелдей дерлік білімді. Білімді болғанда да дүниедегі кез келген ұлттың «оқу өтіп кеткенімен» қарапайым қазақ зиялысы ой салыстыра, ақыл жарыстыра алады. Әлиханша айтар болсақ, қазіргі қазақ жур­налисі білімнің таяздығынан емес, мінездің жоқ­тығынан, болмыстың босаңдығынан божырап жүр. Сол себепті де мен үшін мінезді болудың орны бөлек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста