«Жабайы актер» 70 жылдығын тойлады

«Жабайы актер» 70 жылдығын тойлады

Күні кеше ғана дүйім жұрт 70 жылдығын дүркіретіп атап өткен Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржұман Ықтымбаевтың кино саласында тер төгіп жүргеніне де 45 жылдың жүзі болыпты. Ең алғаш А.Қарсақ­баев­тың «Мазасыз таңынан» басталған оның актерлік жолы бүгінде сан тараулы үлкен соқпақ іспетті. Мерейтойына орай ұйымдастырылған «Қазақ­тың Нұржұманы» атты салтанатты кешке жиналған қауым кино тарланының өнермен астасқан тағылымды тағдырына тағы бір рет тәнті болды.
...Әуелде ұстаздық жолды таңдап, педагогикалық училищені бітірген Нұржұман Байжұманұлы киноға кездейсоқ келіпті. Түсіру тобының көзіне ілігіп, аяқас­тынан актер болып кеткен ол әзіл-шыны аралас «мен жабайы актермін» дейді екен. Бір ғажабы, ағамыз сол «жабайылығымен-ақ» күні бүгінге дейін 200-ден астам фильмге түсіп, қайталанбастай небір образдарды жарыққа шығарады. Әсіресе  жас кезінде өте көп рөлдерде ойнаған ол көбінесе сыртта жүреді. Күш-қайраты­ның нағыз тасып тұрған шағында Сверд­ловск, «Мосфильм» киностудия­ларын­да еңбек етіп, сол кездері жоғары бағаланған «Бүркіттің соңғы жылы», «Бас конструктор», «Ай тұтылған күн» сияқты басқа да көпте­ген кинода басты рөлдерде ойнайды. Сол кездерді еске ала отырып, Нұржұман аға­ның өзі: «Қазақтар ол кезде мені «қазақ актері» деп ойламайтын, кейінге дейін басқа бір ұлттың адамы» деп жүрді», – дейді. Бір анығы, ол рөлдердің бәрі ешкім­ге жайдан-жай беріле салмайтын. Одақ­тық, әлемдік деңгейдегі айтулы актерлердің өнерлері қатаң сүзгіден өткізіліп, жан-жақты сарапқа салынып барып, ең таңдаулылары іріктелініп алынатын. Сондай сәттерде ешқашан жеңіліп көрме­геніне бүгінде Нұржұман ағаның өзі де таңғалады. Әйтсе де небір сыннан сүрінбей өтуіне Нұржұман ағаның табиғи таланты мен ішкі даярлығы, рухани тазалығы мен азаматтық тегеуріні себепкер болғаны анық. Мысалы, жас кезінен спортпен шұ­ғыл­данып, бокспен әуестенген ол педучи­ли­щеде тіпті жаттықтырушы да болған. Суда жүзу, атпен шабу тәрізді спорт түрле­рінен де алдына жан салмаған. Сөйтіп, атпен ағып келе жатып бес тиынды жерден іліп алатын шеберлігімен де танылған. Таңдай қақтырарлықтай бірегей өнері­нің арқасында Нұржұман Байжұманұлы кезінде небір күрделі көріністерді каска­дерсіз орындап, кино төрінен өзіндік ор­нын алған да.
Лайықты әріптес, ақылшы аға, талантты актер ретінде бергенінен берері көп Нұржұман ағаны бүгінгі режиссерлердің киноға тартпайтыны кемде-кем. Мысалы, Жәнібек Жетіруовтың «Дүние жарық», С.Құрманбековтің «Секер», Р.Әбдірашевтің «Сталинге хат», «Балалық шағымның аспаны» сияқты соңғы кездері түсірілген кинотуындылардағы Нұржұман аға сом­даған бейнелер өзіндік характерімен дара әрі айшықты. Мерейтойға арналған шығар­машылық кеш барысында актердің кинода сомдаған айтулы образдары мен ондағы оқиға желісін Әуезов театрындағы әріптестері кішігірім сахналық қойылымдар арқылы өзінше өрбітіп, өзінше саралауға тырысты. Сондай-ақ кеш барысында Елбасынан бастап, мәдениет министрінің, Алматы қаласы мен облыс әкімдерінің мерейтой иесіне жолдаған құттықтау хаттары оқылды. Нұржұман Байжұманұлы­ның қашаннан-ақ халық әнінің үлкен жанашыры екендігін білетін өнерпаз іні-қарындастары, замандастары ол кісінің ерекше сүйіп тыңдайтын ән-жырларын әуелетті. Бұл ретте Б.Төлегенова, А.Қораз­баев, С.Жанпейісова және Р.Стам­ғазиев, С.Ибрагимовтардың салған әндері мерей­той сәнін арттыра түсті. Кеш соңында сөз алған Нұржұман аға қаумала­ған хал­қының ыстық ықыласына ризашы­лығын жеткізе отырып, еліне қызмет етуге әрқа­шан дайын екендігін білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста