№2 Балалар музыка мектебі – Қарағанды қаласының ЮНЕСКО клубы – «Ақжелең» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Қазбекұлы Жәнібек) оқушыларының «Ыстықкөл достарын жинайды-2023» ХІІІ халықаралық этно-карнавалындағы жарқын және лайықты жеңісімен құттықтаймыз. .
7-12 шілде аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласындағы «Балажан» республикалық эстетикалық тәрбие беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен этнокарнавалға Қырғызстан, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның барлық облыстарынан 400-ден астам бала қатысты.
Іс-шараның мақсаты – Қырғызстан мен ТМД елдерінің этномәдени ерекшеліктерін зерттеу, жаңғырту және сақтау, көркемдік, музыкалық, вокалдық, хореографиялық таланттарды дамыту.
Шара аясында шығармашылық байқаулар өткізіліп, «Фольклорлық ансамбль» номинациясы бойынша Гран-приді №2 Балалар музыка мектебі – Қарағанды қаласының ЮНЕСКО клубы – «Ақжелең» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Қазбекұлы Жәнібек ) жеңіп алды.
Жеңімпаздарды үлкен жеңістерімен құттықтаймыз және осымен тоқтап қалмауларына тілектеспіз!