«ХХ ғасыр» төрт кітапқа арқау болды

«ХХ ғасыр»  төрт кітапқа арқау болды

Өткен ғасырдың 60-жылдары – қызыл империяның қылышы жалаңдап тұрған кезде ұлттық рухты оятуға септескен «Ақ аруана» атты повесін,  «Тау жолы» атты романын жарыққа шығарып, оны С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Т.Әлімқұлов сынды классиктер аса жоғары бағалаған Сәбит Досанов  одан кейін де өнімді еңбек етіп, ондаған көркем шығармалар жазды.

Олардың бірқатары берісі өзбек, қыр­ғыз, тәжік, әрісі француз тілдеріне ауда­рыл­ды. Шығармаларын Ю.Бондарев, Ш.Айт­матов, М.Кәрім, А.Фишлер, М.Қаратаев, С.Қирабаев, А.Алтай т.б. аса көрнекті жазу­шылар мен сыншылар жоғары бағалаған қаламгер М.Шолохов және В.Пикуль атын­дағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды.
Көрнекті қаламгер қазақ әдебиетінің қазынасын тағы бір көркем шығармамен байытты. Ол – тұтас бір ғасырдың көркем су­ре­тін төрт ұрпақтың тағдыры арқылы оқушының көз алдына алып келген төрт кітаптан тұратын «ХХ ғасыр» атты роман-эпопея. Бұл еңбекке Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реа­ты марқұм Әз-аға – Әзілхан Нұршайықов лайықты бағасын беріп, өзінің ағалық пікірін білдіріп, алғысөзін жазған. Кітаптың түйінсөзін белгілі сыншы Жұма-Назар Сом­жүреков жазыпты. Алғашқы екі томы орыс тілінде жарыққа шыққан. Орыс әдебиетінің аса көрнекті өкілі, «Литературная газетаның» бас редакторы Юрий Поляков «ХХ ғасыр» роман-эпопеясы жайлы «Әдеби құбылыс» деп жазды.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста