Хикметшілер сынға түсті

Хикметшілер сынға түсті

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің негізінде құрылған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы Қожа Ахмет Ясауи мұраларын насихаттауға арналған бірнеше дәстүрлі іс-шараларды өткізіп келеді. Солардың ішінде мектеп оқушылары арасында жыл сайын ұйымдастырылатын «Ясауитану» республикалық байқауының шоқтығы биік. Себебі осы шара аясында Қазақстанның әр мектебінің 8-11-сынып оқушылары Ясауидің даналық жауһарларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады. Хикметтерді жаттап, баба сырын жүректерімен ұғынуға талпынады.
Жуырда өткен сайыста еліміздің түкпір-түк­пірінен келген жас өрендер жарыс кө­рігін қыздырды. Қазақстанның он төрт об­лы­сы мен үш қаласынан бас қосқан жет­­кіншектер алғашқы күні Түркістанның та­рихи көрнекті жерлерін аралап, ше­жі­ресіне қанықты. Жалпы саны 80-ге жуық са­йыскер келесі күні өз бақтары мен бап­тарын сынға салды. Байқауға қорық-мұ­ра­жай басшысы Мәулен Садықбеков бас­таған қазылар төрелік етті. Әділқазылар ал­қасы Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін кө­не түркіден қазіргі қазақ тіліне тәржі­ма­ла­ған ақын, «Дарын» сыйлығының иегері Свет­қали Нұржан, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, ясауитанушы Досай Кен­жетай, тарихшы Зікірия Жан­дар­бек жә­не әдебиеттанушы Болат Қорғанбек сияқ­ты танымал ғалымдардан құралды.  Бұл ба­й­қаудың оқушылар арасында өтетін бас­қа байқауларға қарағанда көптеген ерек­шелігі болды. Үш кезеңнен тұратын са­йыстың бірінші кезеңінде шәкірттер хик­мет­терді жатқа айту бойынша бәсекеге түс­ті. Екінші кезең бойынша Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен мұраларына қатысты, кесене мен ондағы жәдігерлерге қатысты, Әзірет Сұлтан өмірі жайлы аңыз-әпсаналар жөнінде сұрақтарға жауап беріп, білімдерін байқатты. Оқушылардың саналарына салмақ салған ең қиын сәт үшінші кезең болды. Бұл кезеңнің ережесі бойынша іріктеу сындарынан өткен сайыскерлер хик­меттер ішіндегі тірек сөздердің қанша рет кездесетіндігін дәл тауып, олар ұшырасатын шумақтарды мүдірмей айтып беруі тиіс еді.
Мәулен САДЫҚБЕКОВ, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры:
– Біз бүгінгі таңда «Ясауитану» бай­қауын өткізу арқылы көптеген табысқа қол жеткізіп отырмыз. Байқаудың өрісі жылдан-жылға кеңейіп келеді. Қа­ты­суға талап білдіріп жатқандардың да қа­расы артып отыр. Бұл жайтты біздің же­ңісіміз деп бағалауға болады. Себебі Әзі­рет Сұлтан мұрасы – қазақ халқының аса қымбат қазынасы. Жас ұрпақтың хик­меттерді жаттап, оған қатысты сұ­рақ­тарға жаңылмай жауап беріп жатуы кім-кімді де болса сүйсіндірмей қой­масы анық. Барлық талапкерлер өмірде өз орнын табатын үлкен азаматтар бо­лады деп сенемін.

Топ жарып шыққандар қатарында Қызылорда облысы Қазалы ауданының түлегі Гүлсана Шарападин бас жүлдемен бірге қомақты ақшалай жүлде – 100 000 теңгеге ие болды. Бірінші орын мен 80 000 теңге Оңтүстік Қазақстан облысы Мақ­та­арал ауданынан келген Шәріп Оңғарбектің қанжығасында кетті. Екінші орынға Со­зақ­тық Төлеген Ергешбайтегі мен Астана қа­ла­сынан арнайы жеткен Аружан Жамбыл ла­йық деп табылды. Үшінші орын ал­ма­тылық Мейрамгүл Абдраманова және Түр­кістан шаһарының түлектері Севара Не­мет­жанова мен Гүлдана Ермекке бұйырды. Жүлдегерлердің барлығының да қаржылай қомақты сыйлықтар иеленгендігін айта кету қажет. Сонымен бірге үздік білім­де­рімен көрермендерді тәнті еткен он оқу­шыға ынталандыру сыйлықтары тап­сы­рылды. Қалған оқушылардың барлығы да ар­найы алғысхаттармен марапатталып, олар­ға да тартулар табыс етілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста