Хадиша Бөкеева атындағы дәрісхана ашылды

Хадиша Бөкеева атындағы дәрісхана ашылды

Қоян жылы кірісімен жалған дүниеден жырақ ұшқан аяулы жандарымыздың бірі – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі Хадиша Бөкеева. Қазақтың театр және кино өнеріне сүбелі үлесін қосқан, іргетасын қалаушылардың бірі болған десек те жарасады, сол апамыздың 93-ке қараған шағында дүниеден озуы қазақ мәдениеті үшін қабырға қайыстырар құбылыс болғаны даусыз.
Хадиша Бөкеева өмірінің соңғы 20 жылында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәріс беріп, ұстаздық еткен. Елімізге белгілі деген біршама өнер саңлақтары ол кісінің шәкірті деген бақытқа ие болғаны сол тұс. Осыған орай аталған оқу орны өздерінің шәкірттік парызын өтеудің бір үлгісі ретінде өткен сенбі күні осы оқу орнының  ректоры Арыстан­бек Мұхамедиұлы, Маман Байсер­кенов, Әшірбек Сығай, Рахилям Машурова сынды елге белгілі өнер, қоғам қайрат­керлерінің ұйытқысымен ұстаз табанының ізі қалған дәрісханалардың бірін аяулы актрисаның атымен атауға шешім шығарып, салтанатты жиын өткізді. Жиын барысында қазақ театры мен киносындағы Хадиша апамыз сомдаған кейіпкерлер мен ол кісінің өмір­дегі адами болмысы, барлығы еске алынды.
Дәрісхана сыртына ілінген тақтайшаны осы академияда мүсіншілер бөлімінде дәріс беретін, өзі де елімізге белгілі мүсінші Мәлік Жүнісбеков өз қолымен жасаған болатын. Келешекте Хадиша Бөкеева атына көше, театр атауы берілуі керектігі де осы жиында айтылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста