Үздік журналистер анықталды

Үздік журналистер анықталды

Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстан Журналистер одағының басқармасы БАҚ журналистері арасында үлкен байқау жариялаған болатын. Таяуда республикалық шығармашылық конкурстың қорытындылары жарияланды. «Алаш айнасы» осы байқауда анықталған үздік журналистер мен олардың жұмыстарын оқырман назарына ұсынып отыр.
Қазақстан журналистика академиясы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры, профессор Бауыржан Жақыпты марапаттады.
Қазақстан Журналистер одағы мен «Казинпресс» қауымдастығы Амангелді Ахметәлімовтің атындағы сыйлықпен Қазақстанның ақпараттық қызметін дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін қоғам қайраткері Әміржан Қосановты марапаттады.
Халықаралық «Казахстан-ZAMAN» газеті Рақымбай Ханалы атындағы сыйлықпен фотожурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін «Оңтүстік Қазақстан» газетінің фототілшісі Шерім Қайсарды марапаттады.
Бейбіт Құсанбек атындағы жас телепублицистер үшін жеке сыйлығымен «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі Маржан Көкішева марапатталды.
2014 жылғы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығы лауреаттарының атағы БАҚ қызметкерлеріне төмендегі номинациялар бойынша берілді:
1. Репортерлік жұмыс - Амалбеков Бақбергенге, «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі; Кондратова Александраға, Солтүстік Қазақстан облыстық «Неделья СК» газетінің репортері - өңірдегі қоғамдық-саяси оқиғаларды жедел көрсеткені үшін.
2. Экономикалық шолу - Горбунов Сергейге «Казахстанская правда» газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі; Мұсабеков Ерсінге, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары - Қазақстан өңірлерінің экономикалық даму туралы талдау материалдары үшін.
3. Саяси шолу - Жүнісова Жұмабикеге, «Дат-Общественная позиция» және «Новая газета - Казахстан» республикалық газеттерінің шолушысы - Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму жолдары туралы талдамалық шолулары үшін.
4. Журналистік зерттеу - Ассанжи Джулианға, австралиялық журналист-блогер - «WikiLeaks» сайтын құрғаны үшін.
5. Ізденіс материалы - Қайырханов Сабырға, Атыраудың «Ақжайық» газетінің бас редакторы - Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған материалдар сериясы үшін.
6. Телевизиялық жұмыс - Төлепберген Динаға, Шахматов Алексейге, «Коммерциялық телевизиялық арнаның» тележүргізушілері - «Астарлы ақиқат» және «Другая правда» телевизиялық бағдарламаларын ұйымдастырғаны үшін, ПИК телестудиясының ұжымына (жетекшісі Жәнібек Сүлеев) - «Бізге өзгеруге көмектесетін дәрігер-адам» деректі фильмі үшін.
7. Зерттеу жұмысы - Жаппасұлы Еркінге, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары; Тәжиева Гүлнарға, «Айқын» республикалық газетінің бөлім редакторы - еліміздің белгілі мәдениет және әдебиет қайраткерлерінің шығармашылығы туралы очерктер дайындағаны үшін.
8. Ғылыми-көпшілік жұмыс - Әлімханова Мәдинаға, КазТАГ халықаралық ақпарат агенттігінің шолушысы - «Шпаргалка для начинаюших журналистов» оқу құралын жасағаны үшін.
9. Медиа-жоба - «Вечерний Талдыкорган» газетінің ұжымына - Жетісудың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын көрсетудегі шығармашылық ізденістері үшін.
10. Фотожұмыс - Қобланбаев Серікжанға, фоторепортер - газет және журнал беттерінде қазақстандықтардың көркем образын жасағаны үшін.
Сондай-ақ, Қазақстан Журналистер одағының дипломдарымен баспасөзді қолдағаны және журналистермен өзара түсіністігі үшін: Астана және Қазақстан митрополитінің қызметкері Александр, Қазақстан журналистикасы ардагері Айтбаева Африза, А.Н.Сызганов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығы бас директоры Арзықұлов Жеткергеннің, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі ақпарат департаменті директоры орынбасары Байбосынов Жанболат, «Вечерний Алматы» газеті бас редакторы Жоров Николай, Орал қаласы әкімінің бұрынғы баспасөз хатшысы Жүсіпқалиев Ибрагимнің, «Қазақтелеком» АҚ президенті Есекеев Қуанышбек, ҚР Халықаралық баспасөз институты ұлттық комитет төрағасы Ережепов Болатт, Қазақстан баспасөз клубы президенті Қарауылова Әсел, «Каспий банк» АҚ директорлар кеңесі төрағасы Ким Вячеслав, Астанадағы Ұлттық баспасөз клубы вице-президенті Мәженова Құдайберді, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоры Мұтанов Ғалымқайыр, Қазақстан бас редакторлар клубы вице-президенті Тоқтағазин Мұратбек марапатталды.
«Алаш айнасы» интернет-газетінің ұжымы барша әріптестерін, журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста