Үш Татьяна талантына тәнтіміз

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Сағыныш... Бұл – кешегі күні қазақ ұлтының алақанында жүрген Татьяна Бурмистрова, Татьяна Полтавская, Татьяна Мартыненко есімді үш әнші қыздың сол елге деген сағынышы. Бұл – Қазақ елінің үш қызға деген сағынышы. Осы сағынышты олар Нұрғисаның «Сағынышымен» жеткізді.

Отыздан бері қарайғы жастар үшін бұл есімдер аса таныс емес. Соңғы күндері ба­сылым беттері мен эфирлерден көріне бас­тағанда таңырқағандары да содан болса керек. «Бұлар кім тағы?» деген сұрақ тұрды көбісінің көкейінде. Ал алпысты ал­қым­дап, елуді еңсергендер үшін сар­ғалдақ түстес үш қыздың есімі – өткен күндердің белгісіндей. Көздеріне жылыұшырап сала бергені де содан шығар.
Қала жұрты әртүрлі кештерден кенде емес. «Күлтөбенің басында күнде жиын» де­гендей, Алматының басты сахнасы болып саналатын Республика сарайында әр­түрлі концерттер күнара өтіп тұрады. Бірақ үш қыздың кеше өткен бұл концерті тіпті бөлек сипатта болды. Әр ән кешінің өзінің тыңдарманы бар. Бұл концертке де келушілер аз болмады. «Үш мың адамдық зал тола қояр ма екен» деген ішкі ойы­мыз­дың болғаны да рас. Бірақ ағылып келіп жат­қан адамдарды көргенде, үш Татья­на­ның көзден кетсе де, көңілден кетпегеніне көз жеткізгендей болдық. Қазақ топыра­ғы­нан тамыр тартқан сарғалдақтарға да аға буын­ның ықыласы ерекше екен. Ән ке­шіне келушілердің түгелге жуығы орта жас­тан асқан көрермендер еді. Бұл түсінікті де.
Шымылдық түрілгенде Татьяна Бур­мис­трова шықты. Елдің ішінде ұлттың әнін айтып өсіп, қазақ жігітіне тұрмысқа шық­қан әнші қазақтарды қазақтарға таныс­ты­рып берді.
«Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой».

Әйгілі Қадыр Мырза-Әлінің сөзіне жазыл­­ған термемен бастап, «көкпар тар­тып, қыз қууға» жаралған елдің «жа­тыр­қау­ды біл­мей­тін» көңілін асқақтатып тас­тады. Әр әннің ортасында өткен күндерге ора­лып, тарихты қозғап, сырлы сұхбат құра біл­генде, бұл кешке жүргізушінің қажетінің жоқ екенін түсіндік. Бірер әннің басын қайыр­ғаннан кейін жанына қос Татьянаны шақырды. Үшеуі қосыла Тұманбай Мол­да­ғалиев пен Нұрғиса Тілендиевтің тан­де­мі­нен туған «Сағыныш» әнін шырқағанда жүрек біткеннің бір бүлк ете қалғаны анық. «Өткенін сағынған, көктемін сағынған» жұртты өзіндей көріп, «ауылды сағындым ғой, сағындым ғой, бауырды сағындым ғой, сағындым ғой» деген жолдарды айт­қан­да, шынайы сағынышқа көз жет­кіз­гендей болдық.
Бұдан кейінгі кезек Мәскеуден келген Татьяна Полтавскаяға келді. «Мәриям Жагор­қызының әнін» бұған дейін бірқатар әншілердің орындауында тыңдағанбыз. Әншілердің орындау шеберлігінде мін жоқ болғанымен, қабылдануы осынша бол­ма­ған еді. Бұл әнді Полтавскаяның орын­дауында тыңдау керек екен дедік. Орыс қызының қазаққа деген махаббатын сол ұлттың өкілінің жеткізгені табиғи шығады екен. Бұл әнді ол алғаш «он алты, он жетіге келген кезінде» айтқан. Міне, бүгін араға ширек ғасыр салып барып қайта шыр­қады. Бұл әнді тыңдап отырған жұрт көзін жұмса, Республика сарайынан шығып кетіп, сонау 80-жылдардағы ақ-қара түсті бейнесюжетті көз алдарына елестетер еді.
Үшінші Татьяна Мартыненко сахнаға өзінің «Қызылқұмда ауылымын» айтып шықты. Қазір де Қызылқұмның маңында өмір сүріп жатқан әнші үшін одан артық бақ та, абырой да жоқ па деп қалдық. Ержан Серікбаевтың «Неткен өмірін» де нәшіне келтіріп орындап берді.
Қорыта айтқанда, бұл сағынысып көріс­кен жұрттың көңілінен шыққан кеш болды. Халықты аңсаған әнші де, әншісін іздеген халық та бір жасап қалды. «Көңіл­ден көңіл су ішер» деген осы.
Ұлттың әніне деген құрмет – ұлтқа деген құрмет. Өзіне құрмет көрсеткен адамды ел де алақанына салады. Елдің алақанында жүріп, сол арқылы жүрегінің жылуын сезі­ніп өскен әншілер бұл кеште сол алақанға қызмет етті. Шапалақ арқылы шапағат сезін­ген өнер иелерінің құшағы гүлге толып қайтты.
Татьяна Бурмистрова:
– Мен осы елдің ішінде жүргеннен кейін, бізді халықтың іздейтінін, сағы­натынын сезетінмін. Сұраныстың бар екенін білгеннен кейін, ұсыныс жаса­дық. Дегенмен қалай болар екен деген қорқыныш та болды. Бірақ бүгінгі ықы­лас-пейілді көріп, елдің мұншалықты көп жиналғанына қарап, көңілім орны­на түсті. Өзім осы ұлттың келінімін ғой. Қызымын десем де болады. Елімнің махаббатына рақмет. Мен де өмір бойы осы махаббатқа, осы елдің өне­ріне қызмет етемін.
Татьяна Полтавская:
– Қос Таня елдің ішінде жүр ғой. Олар күн сайын сахнаға шықпағанымен, халықпен араласып тұрады. Ал менің сағынышым тіпті бөлек. Мен сахнаны ғана емес, Алматының әр тасын сағындым. Сол сағынышымды басатын мүмкіндік туғанына қатты қуандым. Сахнада тұрғанда ширек ғасырға шегінгендей болдым.
Татьяна Мартыненко:
– Рас, кезінде халық мені де жақсы қабылдады. Бірақ мен кәсіби музыкант болмағаннан кейін, алыстап кеттім. Алматы, Астана сынды өнер орталық­та­рынан шалғайда өмір сүріп жат­қаннан кейін, тасада қалғандай бол­ға­ным да рас. Менің қазақша ән салуыма қазақы ауылда туғаным, сол ортада өскенім әсер етті. Әйтпесе қалада туып, қалада өссек қазақша сөйлей алға­нымызға қуанатын едік қой. Қазіргі кезде сахнаға шықпағаныммен, достар­дың ортасында, қуаныштарда ән айтып жүрміз. Бүгінгі ән кешіне менімен бірге Шымкенттен бір топ жолдастарым келді. «Сенің концертің өтіп жатқанда, неге бармасқа?» – дегенде қатты қуан­дым.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста