Үнің кетпес құлақтан...

Үнің кетпес құлақтан...

«Азамат ердің баласы, аз сөйлер де көп жортар» дейді Махамбет ақын. Табылды да өзінің аз өлеңдері мен әндері арқылы өз жанашырларына  көп нәрсені айтып кеткен секілді болып көрінеді маған. Оның қай туындысын алсаңыз да, әрбір қазаққа ұғымды әрі ойлануға мұрындық болып, көп толғандырады. Қандай қиын десеңізші, осы сөздердің бәрін өткен шақпен жазып отырғандығымыз. Өлім де – өмір сияқты адамзаттың маңдайына жазылған нәрсенің бірі. Өмірдің ыстығы мен суығын бастан өткізіп, балалары мен немерелерінің қызығын көріп, қуанышына бөленіп жүрер шақта, арсыз ажал арамыздан алып кеткені өзекті өртеп, көңілге мұң ұялатып, жаныңа жара салды. Бірақ аяусыз өлім апталдай азаматты, нағыз көрінер, өзін көрсетер шақта алып кеткені өкініш салмағын  екі есе ауырлатады.
«Келбетіне қарасаң, көрген кісі сүй­сі­нетін, ақыл-парасатымен аз тілдескен адам­ның өзін бас идіретін абзал іні, қа­дір­лі азамат болатын»  дейміз де күрсіне­міз, қолымыздан басқа не келеді, аға­йын.
Қай қызметте жүрсе де, болдым деп аспаған, толдым деп тасымаған, «Баспал­дақ­пен інілер көтерілсе, үзеңгімен ағалар атқа мінсе», – деп атақты Қадыр Мырза Әли жырлағандай, қашанда үлкенге құр­мет, кішіге ізет көрсетіп жүретін жан еді. Ай­на­ласындағыларды ұйымдастырып, оты­рыс­тардың сәнін өз өлеңдері, әндері­мен келтіретін әркез. Сондықтан да осын­дай кездесулерге шақырған кезде өте қуа­нып, Иман­ғали ағасы сый­­ла­ған гитарасын қолына ұстап, томпаңдап  жетіп келетін. «Қолым тимейтін еді, бір жұмыстарым бар еді» деген сөздерін ешқашан да естімеген едік. Мүмкін, осы өмірінде барлық қы­зық­тарды көріп, адам­дармен бір сырласып, шүйір­келесіп қалуға асық­қан да болар. Осын­дай  кездесулерде оның турашыл­ды­ғын жұрттың бәрі білетін еді. Қисығы болса, туғанына дейін бетке айтты. Ал әзіл­де­рінен алдына жан түсе алмайтын. Тіпті бол­маса, күліп отырып, әзілмен аяғың­нан «шалып» қалатын, оған ешкім де рен­жімейтін.
Ат жалындағы азаматтың шыншыл­дығы, турашылдығы, бетің бар, жүзің бар демей, адалын айтып, ақиқатқа тура қарау, тура жолдан таймау азаматтың ардағының ғана қолынан келеді. Осы жолда, ар жолында намысына кір түсірмей өте білді, даналығы мен парасаттылығын аямай, қанша інілеріне қолғабыс жасап, адамның азамат болуына үлес қосты.
«Жайма-шуақ жаны бар, таза сақ­тал­ған ары бар, айналасына жарқыра­тып нұрын шашқан, маңайына ізгіліктің сәу­лесін аямай төгіп жүретін» – Табылды­ны қасында жүретіндер солайша дәріптейтін.
«Өлместік ұлыларға бұйырады» деген сөз бар, қиянатқа қимаймыз да, көңілге жұбаныш іздейміз, енді Табылдының аты тарихқа айналып, Алаштың арыстарының қатарында тұратыны сөзсіз. Сол үшін де біз, тірілер жұмыс  істеуіміз керек. «Ердің бағасы – істелген істер мен істелетін істерде» деген сөз бар халқымызда. Мәңгілік сапарына аттанып, мәңгілік мекеніне қонған, абзал жанға бізден енді ештеңенің де керегі жоқ. Тек уақытында оны еске түсіріп, артында қалған отбасына қамқорлық көрсету – біздің азаматтық борышымыз.
Өмір оны  ерте есейткен болуы керек, өмірден көріп-білгені, санасына түйгені мол еді. Сондықтан да болуы керек,  Табылдымен қай тақырыпта да сөйлесу, пікір таластыруға болатын.   
Ол әрбір айтқан деректерін жан-жағынан дәлелдеп, айналасындағыларға өте түсінікті етіп келтіретін.   
Өмір сүруден ләззат алу – әркімге қона бермейтін ерекше қасиет. Бірақ Табылды осы  өмірден ләззат ала білді.
* * *
Табыл – қазақтың ән жазирасында ерекше құбылыс болып келіп, сол жұмбағы шешілмеген күйі өмірден тым ерте кетіп қалды. Ол өз биігіне ерте көтеріліп, ғұмы­ры­ның соңына дейін сол биіктіктен төмен­деген жоқ. Қарапайым жұртшылық оның шығармасымен жақсы таныс болғанымен, тірі кезінде ол шынайы бағасын ала алма­ды. Бірақ ол өзінің «Биіктік» атты  өлеңімен өз биіктігінде бола алды деп ойлаймын, осы өлеңі арқылы ол өзіне  көзі тірісінде ескерткіш қойып кеткендей көрінеді маған.
Менің тағы да бір байқағаным – өз өлең­дерінде өлім жайлы көп жазғандар­дың көбі қазір арамызда жоқ. Солардың ішінен Төлеген, Жұмекен, Меңдекеш, Жұ­матай, Кеңшілік сынды ақиықтарды бөліп қа­рар болсақ, осы бір топқа 45 жасында дү­ние­ден озған Табылды да қосуға тура келеді.
Естелігімізді де Табылды аузынан тастамайтын ағасы, өмірден ерте кеткен Асқар Сүлейменовтің мына бір сөзімен аяқтағалы отырмын: «Кем талант – мүм­кін­дігінше, шын талант қалағанынша жаза­ды» дегендей, Табылды да қалаға­нын­ша жаза білді, әлі де жаза берер ме еді. Әттең, әттең...

Сұм ажал қайыршы емес тиын сұрар,
Бір күні қу жаныңды бұйымшылар.
Қорқыттар құтылмаған бұл өлімнен,
Табылдың құтылуы қиын шығар.

Бұл дүние айналғанмен сырласыңа,
Мен кепіл мәңгі-бақи тұрмасына.
Бір күні Құдайыңнан хабар келсе,
Шығасың сен де құрбым қыр басына.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста