Ұлыларымызды ұлықтай білейік

Ұлыларымызды ұлықтай білейік

Жаңа жыл басталмай жатып-ақ қазақ елі ерекше қадір тұтар талай марқасқа тұлғаларынан айырылды. Қара жер қойнына күні кеше Роза Бағланова, соның алдында ғана Қадыр Мырза-Әлимен қатарлас, қанаттас тұтас бір шоғыр кетті.
Өмір бар жерде өлім бар. Алдыңғы буын­ның ығысып, орнын жаңа толқынның басуы – заңды. Бүгінгі күн – кешегінің, жаңа дүние – ескінің жалғасы. Рас, бақилық бол­ған тұлғалардың да есімін ел есінде қал­ды­ратындай әдеби, мәдени мұралары, жасампаздық еңбегі жетіп-артылады. Бір өкінішті нәрсе – сол айтулы тұл­ға­ла­рымыздың көпшілігінің жанды бейнесін тас­паға түсіріп алып қалуға, әсіресе өмірі, өнері, адами болмысы, аза­мат­тық, қай­раткерлік тұлғасы жөнінде көзі­нің тірісінде әдеби-көркем шығар­ма­лар, деректі дүниелер туғызуға деген талпыныстың жоққа тәндігі.
Негізі, бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде, әсіресе, радио мен теледидар үлкен ықпалдылық күшке ие. Мысалы, Роза Бағланованың қайтыс болған хабары шығысымен, «Қазақстан», «Еларна» теле­арналары бұлбұл әншінің концерттерін, азды-көпті сұхбаттарын күнұзаққа берумен болды. «Ах, Самара, городок» деректі филь­мі көрсетілді. Ал Алматы жұртшылығы әншімен қоштасу рәсімін өткізіп, мар­құм­ның мәйіті салынған қаралы шеру «Кең­сайды» бетке алған тұста «Қазақ ради­о­сы­нан» бір сағатқа жуық Роза Бағланованың орындауындағы әндер әуеледі. Қазақ әні тарихында есімі алтын әріптермен жазы­лу­ғ­а лайық қайталанбас әнші өзінің мәң­гілік мекеніне де аққу-әннің қанатында аттанды. Нендей қазаға тап келгенін, қан­дай асылынан айырылғанын күллі қазақ жұрт­шылығы сол сәттерде анық сезінді. Ақ­ маңдайлы, ақсұңқар әншісінің басқаша ендікте, басқаша сипатта жалғасқан екінші өмірінің қайырлы болуына шын көңілмен бата қылысты. Қарап тұрсақ, әнші жайында жазылғандардан жазушы Оразбек Бо­ды­қов­тың «Жайдарман» деректі повесі мен Ұрқия Иманбаеваның әншінің өз есте­ліктері бойынша құрастырған «Айналайын халқымнан еркелеткен» атты кітабынан өзге салмақты дүние жоқтың қасы. Ал кино атаулыдан бары – телеарналар жарыса көр­­сеткен жалғыз «Ах, Самара, городок» фильмі ғана. Сонда 90 жылға жуық ғұмыр кешіп, 16-17 жасынан еліне өнерімен қыз­мет еткен, қаршадайынан қан майданға да кіріп, оқ пен оттың, өмір мен өлімнің орта­сын­да ән шырқаған, одан кейінгі бейбіт өмірде де көзі жұмылар-жұмылғанша сах­на­дан, қаумалаған халқының ортасынан кетпеген Розадай тұлғаға осы құрметті жеткілікті санағанымыз ба? Әрине, мұның өзі де әншінің талантына бас иетін жеке­ле­ген адамдардың, ынталы топтардың жүзеге асырған шаруасы. Ал шындығында, бізде тұлғаларды, белгілі бір саланың айтулы қайраткерлерін дәріптеп, олар жөнінде сериялы кітаптар, ғұмырнамалық деректі фильмдер түсіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру ескерілмейді. Жалпы, еліміз­дің Мәдениет министрлігі тарапынан осындай шаралардың мақсатты түрде қолға алынғаны абзал.
Телеарналардан ара-тұра «Біздің сүйікті дәрігер» фильмін көріп қала­ты­нымыз бар. Бұдан 54 жыл бұрын түсірілген осы музыкалық комедияда Серке Қо­жам­құловтан бастап, Шәкен Айманов, Шара Жиенқұлова, Мүлік Сүртібаев, Мұхтар Бақтыгереев, Юрий Померанцев, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова сияқты қан­шама жұлдыздардың бейнесі таспа­лан­ған десеңізші! Бір жағынан алғанда, осы фильмді түсіре отырып, Шәкен аға қазақ өнері тарландарының бейнесін бо­лашақ ұрпаққа осылайша таныстырып, осылайша табыстап кетуді мақсат еткен де сияқты. Бізге де қазір осы дәстүрді жал­ғастырған жөн. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан жандардың ғазиз бейнесі келешек ұрпақтың жадына, жанарына, жүрегіне қалайда жетуі тиіс. Ұлт мерейін өсірген ұлыларымызды қашанда ұлықтай білейік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста