Ұлтының рухын ұлықтап өткен...

...Осыдан он жыл бұрын дүниеден өткен Алма апай өлімге қимастай аяулы жан еді. Тіл мен әдебиет саласына маманданушы әрбір шәкіртін өзіне ғана тән мейірбан мінезімен баурап, телегей теңіздей терең білімімен тәнті еткен ұлағатты ұстаз, ойшыл ғалым Алма Қыраубаеваның өмірдерегіне ден қоя отырып, оның шыққан тегі, өскен ортасы да ерекше ғибратты екенін аңғарасыз.

Ғалымның әкесі Мүтәліп Қыраубайұлы бойына ақындық пен палуандық қатар біткен дарынды адам екен. Кез келген қис­са-жырларды бір рет оқып шығып, дом­быраға салып қайталағаннан кейін кітап­ты жауып қойып, жатқа айта беретін оның есте сақтау қабілетінің кереметтігіне жұрт таң­дай қаға тамсанатын болған. Ол сон­дай-ақ өз жанынан да терме, жыр, өлең шығарған. Жыр тыңдау, оны дом­бы­ра­ға салып айту, талдау, тарихтан сыр тар­тып, тағылымды әң­гіме қозғау дәстүрге айнал­ған осындай өнегелі отбасында өсіп-жетіл­ген Алма Мү­тә­ліпқызының әдебиетке құмарлығы бала күнінен басталған.
Кішкентай күнінде қолдан қуыршақ жа­сап, оны бесікке жатқызып, тербетіп ойнап отыратын бүлдіршін қыздан әкесі «бұлар кімдер» деп сұраса, ол: «Бұлар – менің інілерім: біреуі – Асылбек, екіншісі – Жақыпбек», – дейтін көрінеді. Сөйтіп, Ал­маның айтқаны айнымай келіп, бес жыл­дан кейін – Асылбек, тоғыз жылдан соң Жақыпбек атты інілері дүниеге келе­ді. Осы жайтты елжірей есіне алған інісі Асыл­бек: «Алманың бойына біткен ерекше қа­­сие­тінің бастамасы, бәлкім, осы шығар», – дей­ді. «Өскенде кім боласың» деген үлкен­дердің сұрағына Алма сол кездің өзінде-ақ: «Ғалым боламын! Алматыға ба­ра­мын», – деп айтып жүреді екен. Қашан інілері туылғанша: «Ер-азаматпын! Әкемнің көмекшісімін!» – деп, шөп орса, шөп оры­сып, мал жайғаса, мал жайғасып, жанынан қал­­майды. Жұмыстан қолы қалт етсе, ет­бе­тінен жатып алып, бас көтермей кітап оқи­тын болған. Онда да тек әдеби шы­ғар­ма­ларға ғана емес, әртүрлі тақырыптағы кітаптарға үлкен зейін қойған, барлық пән сабақтарына тыңғылықты дайындалып отырған. Үздік оқушы ретінде сол кездің бала­лары үшін үлкен арман болған «Артек­ке» барған. Ізденімпаздығы, алғыр­лығы ар­қа­сында мектепті алтын медальмен бітіріп, бірден қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің фило­ло­гия факультетіне түс­ті. Кейін­нен өзі оқып шық­қан осы білім орда­сы­на қызметке қа­был­данды. Алма Қы­рау­бай­қы­зы­ның одан кейінгі өмірі, ұстаздық, ғалымдық бі­тім-бол­мысы сыйлас дос-жа­ра­нының, әріп­тес аға-іні, құрбы-құр­дас­­­та­ры­ның көз ал­дын­да өтті.
Тумысынан еңбек­қор, принципшіл, да­рын­­ды ғалым бірнеше бағытта аянбай жұмыс істеді. Біріншіден, орта ғасыр әде­биетін, шы­ғыс­тық қисса-дас­тан­дар­ды зерт­­теп, ұстазы Бейсенбай Кен­же­баев­тың жолын жал­ғас­тыр­ды. Екіншіден, түр­ко­ло­гия бағытында зерттеу жүргізіп, үш-төрт кі­та­бын шығарды. Үшін­ші­ден, өмірінің соң­ғы жыл­дарында негізінен пе­да­гоги­калық жұ­мыс­қа көбірек ден қойды. Жас­тар­ды тәрбиелеу, ұлттық сезім, бала тәр­биесі жөнінде жазды. «Сана» атты бағ­дар­лама жасап, «Жаным садаға» деген кітабын шығарды. 1993 жылы Алматы облы­сын­дағы Жандосов ауылында ұлттық мектеп ашты. Қас-қағым сәттік ғұмырында өз ұл­ты­на, халқына шексіз қызмет еткен Алма Мү­тәліпқызы, інісі Асылбектің сөзімен айтсақ: «Қазақтың сөзін сөйлейтін 100 бала оқытсам, олар ұлтжанды 100 азамат болып өспей ме?! Шіркін-ай, 100 балама 10 сыныпты бі­тір­тіп, институтқа түсірсем! Солардың ең бол­маса 10-ы ғылым жо­лы­на түссе, 10-ы ми­нистрлікте қызмет істесе, мынау жан-жақтан жебір болып жал­мағандарға тоқтау болар еді ғой! 10 бала тарихымызды зерт­тесе, 10-ы соны ха­лыққа таратса, 100-дің ішінен тым құ­ры­ғанда 20 бала өзіне шәкірт тәрбиелесе, сөйте-сөйте халқымыздың ерек­шелігін сақтап қалар едік...» деп армандаған екен. Өкінішке қарай, қар­жы­лық қиындықтардың салдарынан мектептің ғұмыры ұзаққа бар­ма­ды. «Үлкен арманым – ұлттық бол­мы­сы­мызды сақтап қалуға өз үлесімді қосып үлгерсем...» деп өткен Алма апай өзінше үлгерді, бірақ балалары 10 сынып бітіре алмады... Қалай болғанда да, Алма Қырау­бай­қызының ұлттық санаға сілкініс туғы­зуға жанын салғаны анық. Қазақ­тың әде­биет­тану ғылымына, педа­гогика саласына айтарлықтай үлес қосқан сол Алма апай өзінің аналық борышын да адал атқарып кетті. Жамбыл Жабаевтың Сатыш атты бала­сының ұрпағына тұрмысқа шыққан ол Ұлар, Бұлан, Бағлан есімді ал­тын асықтай үш ұлды өмірге әкеліп, білім-тәрбие берді, аман-есен өсіріп-жеткізді. Өзі айтпақшы, қайда жүрсе де, анасының рухы жүрек тұ­сын­да тұратын Бұланның: «Менің ең бақытты сәттерім – сендерге базардан киім әперу» дейтін еді жарықтық. Соған қарағанда, жаңа киім алғанда біз қатты қуанатын болуымыз керек. Біздің қуанышты жүзіміз ол кісіні шаттыққа бө­лейтін», – деп еске алғаны бар. «Кез келген қайғы, қиын­дық түк емес, бәрін көтеремін, тек баланың қайғысынан сақтасын», – деп тілеген абзал ана, аяулы ұстаз, парасатты ғалым, шыны­мен де, өзі­нің өмір жолында кездескен бүкіл қиын­шы­лықты жеңе білді. Ғылымның ізденіске толы бұралаң жо­лынан өтті, тұр­мыс­тың, өмірлік жардың сергелдеңге салған ауыртпалығын көтеріп, қайыспай, сынбай, еңсесін қайта тіктеді. Соншалықты күш-жігеріне, қайратына қарап, «Ер-аза­мат­пын!» деген сөзді кіш­кентай күнінде періш­те аузына салды ма екен деп те ойлайсың. Тағдырдың ісіне не шара?! Тек ажалға ғана қарсы тұра алған жоқ. Небәрі 54 жасында мәңгілік сағы­нышқа айналып кете барды. Қалай де­генмен де, үлкен­ жү­рек­ті ұстаздың өзіне ғана тән жан жылуы, өмірге ғашық, жақ­сылыққа іңкәр риясыз көңі­лі өзін көрген, біл­ген жандардың жады­нан ешқа­шан өшпек емес...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста