"Ұлты - кәріс": "Томирис" көпшілікке әкесін таныстырды
Томиристің рөлін сомдаған актриса Альмира Тұрсын көпшілікке ата-анасын көрсетті. Ол әкесінің кәріс ұлтынан екенін растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алайда актрисаның айтуынша, Юрий Николаевич оның туған әкесі емес.
"Мен 15 жаста болған кезде әкем өмірімізде пайда болды. Ата-анам менің сәби кезімде ажырасып кеткен. Әкем мен анамды бірге көрген емеспін. Есесіне ана да, әке де болуға тырысқан, тәрбие беріп, ақша тапқан, күшті және әлсіз болған, барлығын жалғыз атқарған ананы көрдім. Бірақ барлығы ол пайда болған кезде өзгерді. Әке!
Анам сабырға келіп, терең тыныстап, жиі күле бастады. Әкем анама арнап ән орындады. Содан бері анам бақытты, біз де бақыттымыз. Давид дүниеге келді. Біздің асүйдегі әңгімелер, әкем барлығын айтып, түсіндіріп береді. Ол Құдайдан келген нағыз ұстаз. Мен еркелеп, әкеммен жиі қалжыңдасқанды ұнатамын", – деп жазба қалдырды ол.