«Ұлттық шоу» бағдарламасы

«Ұлттық шоу» бағдарламасы

«Ұлттық шоу» 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап көрермен жүрегіне жол тартты. Алғашқы хабары аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің шығармашылығына арналды. Жарты ғасырға жуық сахна төрінен түспей, барша жұртты өз өнеріне тәнті еткен досмұқасандықтар өнердегі, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті. Аты аңызға айналған ансамбль репертуарындағы әндерді қазақ эстрадасына қадам басқан әрбір жас сүйсіне орындайтынын осы кеш дәлелдегендей. Мәдина Сәдуақасова, Әсем Көпбаева, Әлішер Кәрімов, Шәкизада сынды өнер жұлдыздары халық игілі­гіне айналған «Туған жер», «Куә бол», «Сағындым сені», «Ләйлім шырақ» әндерін жиылған көпшілікке тарту етті. «Дос-Мұқасан» ансамблі мүшелері де жаңа әннің тұсауын кесіп, өнерлерінің өміршең екендігін «Ұлттық шоу» төрінде тағы бір мойындатты.
Ә дегеннен «Дос-Мұқасандай» қазақ халқының мақтанышымен шымылдығын ашқан «Ұлттық шоу» бағдарламасы келер жұмада да көрерменін бей-жай қалдырған жоқ. Бұл жолы өнерлі отбасы тақырыбы қозғалды. 80-90-шы жылдары елімізде ең танымал болған Дәрібаевтар, Қорғандар, Байырбековтер, Алтаевтар отбасылық ансамбльдерінің мүшелері бас қосты. Аталған отбасылық ансамбльдер өнер жолын біржола тоқтатқан жоқ. Оған бүкіл қазақ көрермені куә. Дәрібаевтар отба­сылық ансамблі толық құраммен әлі де өнер көрсетіп келеді. Қорғандар отбасынан жарқырап шыққан Бейбіт Қорған «Ұлттық шоуда» қызықты әңгімелерімен бөлісіп, отбасы мүшелерінің қазір қай салада жүргендігін тілге тиек етті. Байырбековтер отбасы да өнерден алыс кеткен жоқ. Жазира Жанболатпен отбасын құрып, жұлдызды жұпқа айналған. Бірақ Жазира осы жолы «Ұлттық шоуға» Жанболатты емес, өзінің әпкесі мен інісін, ал Алтаевтар отбасының белді мүшесі Өктем Алтаев ағасы мен інісін ерте келіпті. Бұл кеште тек отбасылық ансамбльдер ғана емес, сонымен бірге қазақ сахнасында жарасым­ды жұп болып өнер көрсетіп жүрген отба­сылық дуэттер де қалыс қалған жоқ. Әсем әндерімен кешке жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
«Жаңа толқын» тақырыбына арналған хабар да өте сәтті шықты. Қазақ эстрада­сына өзіндік леп қосқан Ерболат Құдайбер­ген­ов ата-анасы Айткүл- Қанатпен қосыла шыр­қап, кештің көрігін қыздырды. Зат­тыбек Көпбосынов, Әсем Көпбаева, қобыз үнін эстрадаға қосқан «Асыл» тобының талантты қыздары әсерлі әңгіме өрбітіп, жан жадырататын әнін айтып, биін билеп, хабардың мән-мазмұнын арттыра түсті. Ал «Өмір деген махаббат» атты тақырыпта өрбіген Фариза Оңғарсынованың шығар­ма­шылығына арналған «Ұлттық шоудың» жайы бөлек. Құшағы гүлге толған жыр еркесі Фариза ақын «Ұлттық шоу» студия­сына кірген сәттегі көрерменнің ықыласын сөзбен айтып жеткізу қиын.
«Ұлттық шоудың» апта сайын көрер­менге ұсынар тосын сыйы мол. «Дәстүрлі ән», «Кел, билейік», «Нағыз қазақ – дом­бы­­ра», «Қазақты әлемге танытқан әнші­лер», «Сағыныш сазы», «Естен кетпес әуез­ді әндер» деген тақырыптарға арнал­ған хабарлар да көрермен талабынан шыға білгендігін айта кеткен жөн. Бұл хабарда әншілермен қатар өлеңі әнге айналған ақындар: сонау Ақ Жайықтан Ақұштап Бақты­гереева, киелі Әулиеата өңірінен Күләш Ахметова, Қайырбек Асанов бас қосып, Астанадан Кәкімбек Салықов, жас ақын Қалқаман Сарин көпшілікті өлең әлемінің тереңіне бойлатты. Кеш аясында ақындардың сөзіне жазылған әндер орын­далды. Осы кеште 500-ден астам өлеңіне 60-тан астам композитор ән жазған ақын Кәкімбек Салықовтың келуі де заңдылық еді. Бір өкініштісі, осы хабар Кәкімбек ақын­ның халқымен соңғы рет жүздесуі болып қалғандай. Осы аталған ақындар­дың сөзіне жазылған әндер халық ішіне кең тараған. Сондықтан болар, әлі күнге дейін өз өміршеңдігін жоймай, қазақтың ән қоржынын байытқаны өз алдына бөлек әңгіме. Бұл әндерді тек қазақ жастары ғана емес, өзге ұлт өкілдері де сүйсіне шыр­қай­ды. «Қазақ әнін шырқаған өзге ұлт өкіл­дері» кешінде Лаки Кесоглу, Мұрат Ахма­диев сынды өнер қайраткерлері қазақ әндерінің өмірлерінен ойып тұрып орын алатындығын тебірене айтты. «Ел бірлігі – ән арқауы» тақырыбын қозғаған кеште Тұң­ғыш Президент күніне орай Елбасы сүйе­тін халық әндері, халық композитор­лары­ның әндері, сондай-ақ Елбасының сөзіне жазылған әндер орындалды. «Тәуел­сіздік – айбыным» атты тақырыпта жа­рыққа шыққан «Ұлттық шоуда» елдің рухын асқақтатар патриоттық әндер ай­тылды.
«Ұлттық шоу» бағдарламасының жаңа жылдық кеші кино тақырыбына арналады. «Тақиялы періште» фильмінің негізінде Тана әжей (Бағдат Сәмединова) өзінің немересі Ақтайлаққа (Нұрлан Әміров) қалыңдық іздейді. Оқиға желісі қызықты: Ақтайлақ әнші қыздарды жағалайды («Кешью» тобының қыздары). Бірақ қу қыздар әжесінің соңынан бір елі қалмайтын немересін менсіне қоймайды. Ақтайлақ әке жолын қуып, география пәнінің мұға­лімі болғандығын айтып, ән салып жүрге­нін­де жүрегі қалаған аруына кездеседі (Индира Расылхан). Міне, «Ұлттық шоу» жаңа жылдық хабарын еліміздегі әрбір адам бақытты болуға лайық деген оймен думанды кешке ұластырады. «Ұлттық шоудың» жаңа жылдық төріндегі мерейлі меймандар: ҚР Еңбек сіңірген әртісі Гүлжан Әспетова, Қ.Қуанышбаев атындағы мем­ле­кеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері Қуандық Қыстық­баев, Астана қалалық Жастар театрының актері Әділ Ахметов кино әлеміндегі қызық­ты әңгімелерімен бөлісіп, көрер­менге көтеріңкі көңіл сыйламақ.
«Ұлттық шоудың» келер Жаңа жылға да ұсынар жаңалығы мол. Сондықтан ұлттық арнамен жаны бірге көзі қарақты көрермен мен «Ұлттық шоу» бірге жасай беретіндігі анық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста