Ұлттық музейде «National Geographic-тің» үздік 50 суреті» атты көрме ашылды

Ұлттық музейде «National Geographic-тің» үздік 50 суреті» атты көрме ашылды

Астанадағы Ұлттық музейде «National Geographic-тің» үздік 50 суреті» атты фотокөрме өз жұмысын бастады. Көрме Орталық Азия өңірінде тұңғыш рет жарық көрген «National Geographic Қазақстан» журналының тұсаукесері аясында ұйымдастырылып отыр.

Шараға «National Geographic» халықаралық журналының Вашингтоннан келген басшылығы, шетелдік меймандар, ҚР Парламентінің депутаттары, еліміздегі дипломатиялық корпус өкілдері, ғалымдар мен зиялы қауым, бизнес-қауымдастық мүшелері, мемлекеттік орган қызметкерлері және т.б. қатысты. Журналдың тұсаукесер рәсіміне арналған баспасөз мәслихатын ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев құттықтау сөз сөйлеп ашты.

«National Geographic» халықаралық журналының жауапты редакторларының бірі, басылым директорының орынбасары Даррен Смит Қазақстан туралы мұрағаттан алынған мақалаларға тоқталса, журналдың маркетинг директоры Ариель Лор әйгілі брендтің тарихына шолу жасады. Сондай-ақ, «National Geographic Қазақстан» журналының бас редакторы Еркін Жақыпов жергілікті редакцияның ұстанған бағыты мен алдағы жоспарлары туралы айтып өтті.

Айта кетерлік ерекше жайт, шараға бүгінде жасы 80-нен асқан Фазила Жаналтай әже құрметті қонақ ретінде шақырылды. Ол кісінің суреті «National Geographic» журналының 1954 жылы шыққан санында жарияланған екен. Қытайдағы босқын қазақтар туралы мақалада солтүстік Алтайдан бастап, Түркияға табан тіреген жұрттың аянышты өмірі баяндалған. Тағдырдың тауқыметін тартып, тарихтың тірі куәгеріне айналған қарт әжей, бүгінде тарыдай шашылған сол көштің көзі тірі, санаулы өкілінің бірі саналады. Атамекеніне оралған кейуана қазір Астана қаласында тұрады.

Ұлттық музейде екі айға жалғасатын «National Geographic-тің» үздік 50 суреті» атты фотокөрмеде 128 жылдық тарихы бар беделді басылымның әлемді өзгерткен ең үздік фотолары ұсынылған. Онда Стив Маккарридың дүниені шарлаған әйгілі «Ауған қызы» суретінен бастап, Джейн Гудоллдың таңғажайып кадрлары, Томас Аберкромбидің 1965 жылы түсірілген Мекке көрінісі және «National Geographic» тарихындағы басқа да танымал фототуындылар паш етілді. Сондай-ақ, келушілер 10 000 ваттық жарықпен 4 022 метр тереңдікте Эмори Кристоф «тірілткен» Титаниктің суретіне тәнті болып, керемет әсерге бөленді.

Айта кетейік, «National Geographic» - әлемдегі ең беделді қоғамдық ұжымдардың бірі. Негізі ХІХ ғасырда қаланған брендтің меншігіне бірқатар телеарналар, журналдар, баспа үйлері кіреді. «National Geographic-тің» бүгінде әлем бойынша 600 миллион аудиториясы бар. 128 жылда қоғам ғылыми-зерттеу жұмыстарына 11 000 грант бөлді. Басылым бетіндегі мақалалар шынайы әрі түбегейлі ғылыми зерттеулерге негізделген. Басылым әлемнің 38 тілінде, 80-нен астам елге тарайды және ғаламшарды аялауды насихаттап, оны қорғауға үндейді, Жер шарының қайталанбас табиғатының әдемілігін сақтауға шақырады.

ҚазАқпарат 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста