Ұлттық консерватория орыс жұртын тәнті етпек

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Әйгілі Камиль Сен-Санстың симфониясы, Иоганнес Брамстың фортепиано мен оркестрге арналған концерті, Сергей Рахманиновтің «Паганини тақырыбындағы рапсодиясы», Ақтоты Райым­құлованың «Дала сыры» симфониялық поэмасы, оркестрлер айтысы және «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өнері. Жуырда Қарағанды және Павлодар қалаларында өнер көрсеткен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студент­терінің симфониялық оркестрі осындай бағдарламамен енді Санкт-Петербург пен Мәскеуге сапар шегеді. Ұжым Алматыда симфониялық музыка кешін жолаяқ ретінде өткізді.
Консерваторияның Үлкен залы көрер­менге лық толды. Симфониялық оркестр кешті Брамстың фортепиано мен оркестрге арналған №1 концертімен бастады. Фор­тепианода – Қазақстанның Халық әртісі, консерватория ректоры Жәния Әубәкірова. Дирижер – Қанат Омаров. Брамс шығар­малары қашанда әлдебір тылсым дүниесі­мен ерекше әрі өте күрделі. Музыкатану­шылар Брамстың әуен тіліне, техникасына, дыбыс­тардың үйлесіміне өзгерістер енгізіп, тәжі­рибе жасағанын жақсы біледі. Мұны түсін­діру қиын, дегенмен музыкадағы айрықша драматургияны, жан дүниенің әр алуан күйіне бөлейтін ырғақтарды қара­пайым тыңдарманның өзі анық аңғарады. Кеш бағдарламасындағы тағы бір күрделі туын­ды – композитор, пианист Ақтоты Райым­­құлованың «Дала сыры» симфо­ниялық поэ­масы. Мұнда орган, скрипка, флейта, симфониялық оркестрдің басқа да аспап­тарының үні домбыра, дауылпаз, жетіген, қобыз, сыбызғымен жарасым та­ба­ды. Қазақ даласының қатпарлы тарихын, ерлік пен өрлік, сабыр мен даналық фило­софия­сын елестететін күйді орындауда симфо­ниялық оркестр «Тұран» ансамблін сүйе­мел­дейді. Екі түрлі ұжымның, екі түрлі ба­ғыт­тың синтезі керемет әсерге бөлейді. Бұдан соң К.Сен-Санстың №3 cимфониясы орындалды. Консерваторияның симфония­лық оркестрі қарашаның 10-ында Санкт-Пе­тербургте әйгілі Мариин театрының Концерттік залында, қарашаның 13-інде Мәскеуде П.И.Чайковский атындағы кон­серваторияның Үлкен залында өнер көр­сетеді. Жәния Әубәкірованың айтуын­ша, оркестр екі қалаға екі түрлі бағдарлама апа­­рады. Мариин театрында концерт бе­руге ұжымды әлемге әйгілі дирижер, Лон­дон симфониялық оркестрінің бас дирижері, Мариин театрының көркемдік жетекшісі, Ресей мен Украинаның халық әртісі Валерий Гергиевтің өзі арнайы ша­қырған. Санкт-Петербургте, негізінен, ал­матылық көрермендерге ұсынылған бағ­дарлама орындалса, Мәскеуде солист Сергей Киммен бірге С.Рахманиновтің «Паганини тақырыбындағы рапсодиясы» орындалады, консерватория дәстүрге енгізген әлемдік жаңалық – халық аспап­тары оркестрі мен симфониялық оркестрдің айтысы ұсынылады. «Бұл гастрольдық са­пар­­ға студенттер бас алмай дайындалды. Маған «Жәния Яхияқызы, шығармалар өте ауыр, қысқартайықшы» деген ұсыныс­тар айтылды. Бірақ мен «жоқ, біз бұл шы­ғар­маларды түгел меңгеруіміз керек» деп табандылық таныттым. Студенттердің бір минут та бос отыруға мүмкіндігі бол­мады», – дейді Ж.Әубәкірова. Симфония­лық ор­кестр құрамында консерваторияның бірін­ші курсында оқитын студент көп. Оркестр құрамын жыл сайын 25%-ға жаң­­­ғыртып отыратын ұжым басшылығы әр оқу жылының басында оларды мұқият да­йын­­дайды. Биылғы гастрольдық сапарға таң­далған шығармалардың бәрінің өте жо­ғары деңгейде екенін ескерсек, оркестрдің, шынымен де, асқан кәсібилік танытқанын байқауға болады.
Жәния Әубәкірова, Құрманғазы атын­дағы Қазақ ұлттық консерваториясы­ның ректоры, ҚР Халық әртісі:
– Бұл бағдарлама біздің студенттер үшін өте маңызды әрі қиын да қызықты болып есептеледі. Мен бірге өнер көрсететін бала­ларыммен мақтанамын. Жыл сайын шетел­дерде концерт беріп келеміз. Студент­тер алдағы жауапты концерттерге де са­қадай-сай. Өзге мемлекеттерде біздің ба­ла­ла­рымызға «бұлар нағыз кемеліне келген кә­сіби музыканттар сияқты ойнайды екен» деп таңданып жатады. Жастарымыздың өнер­­мен шұғылдануына, дүниежүзінде өнер көрсетуіне мүмкіншілік жасап жатқан мемлекетімізге, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры сияқты демеушімізге шексіз ризашылық білдіреміз. Студенттеріміз әлем­­­нің ең керемет жерлерінде өнер көр­сетіп, түрлі тың тәжірибелерге барып жүр. Мен әдетте оркестрді көп мақта­май­мын, өйткені олардың алдында жауап­кер­шілігі үлкен талай гастрольдар бар. Кон­церттер өткізу маңызды емес, ең бастысы, жыл бойы бас алмай жұмыс істегенін қа­лай­мын. Олардың әрбір жұмысы өте сал­мақты, сапалы болуы керек.

Сұлужан Елубаева, флейташы, консер­ваторияның 1-курс студенті:
– Дайындығымыз өте керемет. Бұрын мұндай күрделі бағдарлама орындаған емеспіз. Әсіресе Ақтоты Райымқұлованың жаңа шығармасын тұңғыш рет орын­дай­тындықтан көп дайындалдық. Бұл – өте күр­­делі шығарма. Ресейде бізді үлкен қоше­­метпен қабылдайды деп ойлаймын.

Нина Маньшина, консерваторияның 4-курс студенті:
– Ресейде өте салмақты шығармалардан тұратын бағдарлама ұсынамыз. Сондықтан арқаны кеңге салмай, асқан жауапкершілік танытып жатырмыз. Мәскеу тыңдарман­дарын таңғалдырғымыз келеді. Онда халық оркестрі мен симфониялық оркестр болып айтысамыз. Мұндай айтыс Ресейде бұрын-соңды болған емес. Жұртты таң-тамаша қал­дыратынымызға сенімдімін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста