Ұлттық бұйымдар неге сатылмайды?

Ұлттық бұйымдар неге сатылмайды?

Әрбір тарихи дәуір өзіндік бет-бейнесі мен мұрасын ала келеді. Қазақта да басқа халықтар сияқты ата-бабадан қалған ұлттық қолөнер бұйымдары жетерлік. Қас шеберлердің қолынан шыққан қазақы дүниелеріміз көздің жауын алады. Дегенмен ұлттық бұйымдарымыз ұрпақ мұрасына айнала алмай отырғаны – ащы да болса, шындық. Өйткені сырт елдердің дүниесі баса-көктей еніп, қазақтың көнерген бұйымдары көзден таса қалуда. Таса қалмаса да, ұлттық бұйым тауарлары дүкен сөрелерінен кездесе бермейді. Кездескеннің өзінде өте қымбат тұрады.
Ұлттық бұйымдарымыз қазіргі күні Еуропаның азуын айға білеген елдерінің өзін таң-тамаша қалдырып отыр. Оны Еуропа елдерінде өткен бүкіләлемдік көрмелер кезінде де анық аңғардық. Сол кезде жер-жаһанның сарапшы мамандары қазақтың бай мәдениеті мен дәстүріне ауыздарының суы құрыған еді. Алайда өзгеге таңсық болған ата дәстүріміздің айғағы боларлық дүниелер қолға түсе бермейді. Өйткені дүкен сөрелерінде олар қасқалдақтың қанынан да қат. Болғанымен бірен-саран.
Жарас ЖАЛҒАНБАЕВ, Көкшетау қаласының тұрғыны:
– Көненің көзі болып қазір есімізден тарс шығып бара жатқан бұйымдарды сатып алғым-ақ келеді. Бірақ көңілден шығатындарының бағасы удай. Тамсана қарап қоясың. Алған күннің өзінде қыруар қаражат шығындауға тура келеді. Бір жағынан, қаражатың жетіп жатса да, ондай дүниені табу да оңайға түспейді.

Яғни ұлттық бұйымдар сатылатын дү­кендер жоқ, болса да саусақпен санар­лық. Тіпті бар болған күннің өзінде бағасы қымбат әрі үлкен қалаларда ғана орна­ласқан. Оның өзінде жекелеген жерлерде ғана саудаға шығарылады. Бұл ұлттық бұйымдарды жасайтын он сауса­ғынан өнер тамған шеберлердің азды­ғынан емес, әрине.
Шоқан ЕЛЕМАНОВ, жеке кәсіпкер, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасаушы:
– Басты себеп, бұл жерде әлі бәсе­келестік қалыптаспаған. Шеберлер бірді-екілі таңдаулы бұйымдарын тек тапсырыс берушілерге ғана жасайды. Ал бұл дүние­лер дүкен сөрелерінен еш кездеспейді. Сондықтан оның бағасы да қымбат бо­лады.

Мәселен, көршілес жатқан Өзбекстанда өздерінің ұлттық бұйымдарының емін-еркін сатылуына жағдай жасалған. Яғни қала көшелерінің қай бұрышынан болсын, өзбектің ұлттық дүниелері менмұндалап тұрады. Бұл, біріншіден, тауардың сапасын арттырса, екіншіден, бағасының төмен­деуіне септігін тигізеді. Ал, ең бастысы, ұлт­тық дүниелердің сатылуы ұрпақ жадын­да оның ұмытылмауына септігін тигізбек.
Ұмыт қалудан шығады, қазіргі кезде саудагерлердің 99 пайызы қазақтың өз дүниесін емес, өзгенің дүниесін сау­далайды. Мәселен, баланың бесігінің орнын манеж басқалы қай заман... Сол сияқты, аттың күміспен қапталған ер-тұрманы, сандық, домбыра, қамшы сияқ­ты дүниелерге сұраныс аз.
Жайнагүл ЖАҢБЫРБАЕВА, кәсіпкер саудагер:
– Ұлттық дүниелерге сұраныс аз. Саудаға шығару үшін оның өтімді болуы қажет. Ал халықтан сұраныс болмаса, оны қайтіп сатпақпыз?

Яғни сауда саласының жілігін шағып, майын ішкендер аталған ұлттық бұйым­дарды сатып алушылардың жоқтығын айтады. Яғни «қазақы дүниеге қызығу­шылық төмен» дейді олар. Бірақ тап­сырысқа алып жатқан адамдар баршылық екені рас қой.
Қадыржан ӘБУОВ, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Ұлттық бұйымдарымызды еркін саудаға түсіру қажет. Бұл ең алдымен ұрпақтың тарихын тануына жәрдем болар еді. Қазіргі көпшілік тарихты білмек тұр­мақ, қазақтың ертеден қолданған зат­та­рының не екенін де білмейді. Қала түгіл, ауылдың өзінде келіндеріміз саумал құйып піскен күбінің, сабаның не екенін білмейді. Ал бұл білетін адамға жақсы бизнестің көзі де болар еді.

Бәлкім, шынымен де, елімізде ұлттық бұйымдардың еркін саудаға шығарылуына ықпал ететін заң қажет шығар. Аталған заң Парламенттің қарауына ұсынылып, ұлттық бұйымдар саудасына жәрдем берсек. Не болмаса, әрбір облыс орталығында тек ұлттық бұйымдар сататын дүкендер ашылып, оған мемлекеттік қолдау берілсе де? Бұл да көңілге қонымды сияқты. Жал­пы, ойға салып қарайықшы, ұлттық бұйым бизнесі қаншалықты тиімді болмақ?
Қазір не көп, ауылдық жерде жүрген екі қолға бір күрек таппаған, бірақ қолынан келмейтіні жоқ шебер көп. Бірақ олардың саудаға шығуына кедергі көп.
Ақылбек АЛДАМҰРАТОВ, сатушы:
– Себеп – тұрғылықты жерлерде ар­найы мамандандырылған сауда нүктелері жоқ. Яғни қажеті – олардың басын біріктіріп, ұлттық бұйым сататын дүкен ашу. Сонда неден бастау керек? Ең алдымен сауда жасайтын орын таңдау қажет. Ол үшін ұлттық өнер бұйымдарын сататын орын қажет. Содан шеберлерге бұйым­дарын осы дүкен арқылы саудалауға болатынын хабарлау қажет. Сондай-ақ жарнама да артықтық етпейді. Жалға ала­тын орынға 36 мың теңге жетеді. Яғни артық арнайы жабдықтардың қажеті жоқ. Тек бұйымдарды қоятын сөре-стеллаждар болса, болғаны. Ал табыс жетіп-артылады. Сатқан әр тауардың 25-30 пайызын алған күннің өзінде қыруар қаражат қалтаға түседі.

Яғни, біріншіден, өзіңізге, екіншіден, ұлттық бұйымдардың ұрпаққа жетуіне қызмет етесіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста