Тұңғыш рет Қазақстанда ұлттық брендті таңдайды. Байқаудың құрылтайшысы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі.
Ұйымдастырушылар осы шараның көмегімен халықаралық аренада Қазақстанның танымалдық имиджін арттыруды көздеп отыр. Басты мақсаттарының бірі – инвесторларды тарту үшін туристік нысандарды насихаттауға қол ұшын созу. Байқау екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде ғаламтор қолданушылары дауыс береді. Алекінші кезеңде сараптау кеңесі үздік жұмыстарды анықтайды. Жеңімпазға тағайындалған жүлдеқоры 5 млн теңге. Толық мағлұмат ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайтында. Арсен Бектасов, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметкері: - Байқаудың қорытындысын қараша айының басында өткізу жоспарлануда. Негізі байқаудың мақсаты – еліміздің имиджін креативті образдар мен ассоциациялар арқылы есте сақталатын символикамен ел ішіндегі және халықаралық деңгейде сауатты түрде ілгерілету.