Ұлттық біліктілік жүйесі – ұтымды жоба

Соңғы жылдардың беде­рінде елі­міздің білім беру саласы орасан өзге­ріс­терге ұшырап отыр­ғаны белгілі. Маман­дар­ды дайындаудың көпдеңгейлі қа­лы­бы мен тәуелсіз бағалаудың сапалы үрдістері тың түсініктер мен ұғымдарға жаңарып, түбе­гейлі серпін алып жатыр десек артық айт­қандығымыз болмас. Еліміздің тағдыр талайы да білім берудің қарқынды өзгеріс­терімен ғана жарқын болмағы айдан анық. Елбасының білім қоғамын қалып­тас­тыру арқылы адам капиталын құнды­лан­дырудың маңызын мағлұмдап-мәніс­теуі текке емес. Дөңгеленген дүниенің түкпір-түкпірі еліміздің білім беру саласына қы­зыға-қызғана қарап, озық тәжірибесінен тағ­ылым алуға бекінгендер де бар. Әлем­нің озық жоғары оқу орындары өзіміздің от­ан­дық жоғары оқу орында­рымен байла­ны­сын бұрынғыдан да жандандырып, қоян-қолтық жұмыс істеуге бейімді болып отыр.
Осыған байланысты мемлекетіміздің білім және ғылым министрі Бақытжан Жұ­ма­ғұловтың 2012 жылдың 30 қазандағы Үкі­мет отырысында сөйлеген сөзінде «Ма­мандар біліктілігін растау мен білім беру­дің тәуелсіз жүйесін құру туралы» тереңнен толғаған баяндамасында ұлттық біліктілікті арттыруды талқылап-саралауға, қолдап-бағалауға шақырды. Бұл да болса Елба­сы­ның тікелей тапсырмасы болып табылатын бастаманың біздегі білім жүйесі мен биз­нес арасындағы бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі қарым-қатынасты түп-тамы­ры­мен өзгертуге бағытталған бағдарлы бай­лам-ұсыныстарының жүйелі өзегі болды.
Әлемдік тәжірибеден танығанымыз, мамандар біліктілігін арттыратын мұндай жүйелі тәсілдерді мемлекет деңгейінде қол­дану үдерісі ХХ ғасырдың соңында ға­на қолға алынды. Мәселен, кейбір әлем ел­дері біліктілікті растаудың жалпыұлттық біліктілікті арттырудың жүйелерін жасап бақты. Тәуелсіз кәсіби тестілеудің керемет үл­гісін көрсеткен әлгі елдердің бүгінгі ішкі жалпы өнімін 100 есеге дейін өсіріп, тех­ногенді дамыған державалардың қата­ры­нан өз орнын тапты. Біліктілікті арттырудың еуропалық тәсілі мейлінше тиімдірек көрі­неді деп ойлаймыз. Біліктілікке қойылатын жалпыұлттық талаптарды жинақтаған бұл мемлекеттерде ел үшін басым кәсіптер бас­ты назарға ілігіп, мамандарды сұрып­таудың тәуелсіз жүйесі құрылды. Осындай толыққанды талдау-таразылаудың нәти­жесінде Қазақстанның Ұлттық біліктілік жүйесін құру жобасы батыл түрде қолға алы­нып, жоғарыда айтылған еуропалық үлгімен толық үйлесетін сегіз деңгейлі Ұлт­тық біліктілік шеңбері бекітілуі керектігі ай­қын­далды. Осының негізінде салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарт­тарды әзірлеу қазірдің өзінде басталып кеткендігі жария етілді. Расында да, әртүрлі сала бо­йынша 118 кәсіби стандарт жасау­ды қол­ға алып, Еңбек кодексіне, «Білім тура­лы», «Техникалық реттеу туралы», «Сәй­кес­тікті бағалау саласындағы ак­кредиттеу туралы» Заңдарына қажетті өз­герістер ен­гі­зіп, елімізде сертификаттау саласындағы негізгі заңнамалық база толық қалыптасты деп айтуға болады.
Уақыт ілгері озған сайын еліміздің біл­ім қоғамын бәсекеге қабілетті немесе за­манауи жаңа сапалы мамандармен қамта­масыз ету маңызды болмақ. Бұл маман­дар­дың хал-қадерінше қаруланып, білік­тілік деңгейінің ұдайы әрі серпінді адым басуына мүмкіндік береді. Түптеп келген­де мамандарды сертификаттаудың жаңа жүйелі механизмін пысықтау арқылы біз, білім саласының мамандары, білікті­лік­ті растауға бар бейілімізбен қызу қол­дап, мүддеміздің де мейлінше тұтасып, аталған жобаның кеңейіп-дамуына сені­міміз кә­міл. Осынау аумалы-төкпелі заман­да Қа­зақ­станның бәсекелік әлеуетін артты­рып, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосы­луына, әлемдегі технологиясы дамыған ел­дер қатарына қосылуына мүмкіндік бе­ретініне үмітіміз мол.
Жұмахан МЫРХАЛЫҚОВ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымының докторы, профессор

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста