Ұлттық әуенге ұйытқан үш қыз

Ұлттық әуенге ұйытқан үш қыз

Жақында Ғалымдар үйінде Жетісудың жыр-термесі шырқалды. «Кербез Жетісудың кермарал әуендері» деген кешті өткізген – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында тәлім алып жүрген Әйгерім Нартүйеева, Гүлім Алшынова,  Мақпал Тоқтағанова сынды қазақтың жезтаңдай үш қызы.
Ә, дегеннен кеш тізгінін қолына алған белгілі сатирик Толымбек Әлімбекұлы: «Қазақ қыздары қашан да өжет. Құртқа, Ұлбике, Әлия, Мәншүктерден жалғасқан ержүректік мінезбен бүгін қаршадай ғана үш қыз тырнақалды концерт беруге ниеттеніпті», – деп бастады.
Ақын-жазушылар жер жәннатына ба­лаған Жетісудың табиғаты қандай көр­кем де сұлу болса, бұл өлкенің әндері де сондай әдемі әрі назды. Иірім-қайы­рымы айтуға жеңіл, құлаққа жағымды естілетін кермаралдай керілген сұлу мекен әндері қыздардың санасында бала күн­дерінен сайрап тұр. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерва­ториясының қабыр­ға­сында тәлім алып жүрген Әйгерім, Гүлім, Мақпалдың ән әлеміне қанат қағуы кез­дейсоқ емес. «Жан серігім – домбыра» деп бес-алты жасынан ән айтқан қыз­­­­­дар­дың ауылда туып-өсуі ұлттық өнерді бойына сіңіруіне сеп болған.
Ұлттық музыкаға қолғабыс етіп, әнші қыздардың алғашқы қадамдарына сәттілік тілеген Ғалымдар үйінің директоры, ұлт­тық өнердің жанашыры Ғайникен Биба­тыроваға әншілердің айтар алғысы шексіз. Әділбек Тәшімов пен Жігер Бертісов құр­быларының кешін күй тар­тыспен дүріл­детсе, Ерлан Рысқали әннен шашу шаш­ты. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста