Ұлт тілін өсіретін – мультфильм

Кеше Ұлттық баспасөз клубында «Адал Азамат» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Туған тілдің анимация, тележоба, кинематография және білім беру саласында дамуы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиында аталмыш қор басшылығы өздері қолға алған іс-шаралар мен жобаларды таныстырып, көтерілген тақырып төңірегінде әңгіме өрбітті.

Бүгінгі таңда туған тіліміздің де, балаларға арналған анимациялық фильмнің де жайы көпшілікті толғандыратын, түйткілді мәсе­ле болып отыр. Қазіргі ақпараттық заманда жас ұрпақ әлемді тек визуалды түр­де қабылдайды. Яғни бүгінгі за­ман­ның басты идеологиялық құ­ралы теледидар болып отыр. Ба­ла­ларымыз теледидардан не көрсе, соған еліктейді, жақсы мен жаманды да содан үйренеді. Ал дәл қазір біздің телеарналарда немесе кинотеатрларда балаға ұлттық тәрбие беретін қазақ тілінде бір кино немесе бір мультфильм бар ма? Сондай-ақ мұндай қордаланған мәселелер тек анимация саласында ғана емес, жалпы мәдениет, әдебиет, музыка, спорт саласында да жетерлік. Ал бас қатырарлық мәселелердің шешімін табуға талпынған адалазаматтық­тар «бір-екі жылда болма­са да, он-он бес жылда жас ұрпақ­тың санасын қазақыландырамыз» дей­ді. Әрине, бұл тек бір қордың іс-әрекетімен шешілетін дүние емес, тіпті кейбір жағдайда мемлекеттің өзі дәрменсіздік танытып жатады. Дегенмен тіл, ұрпақ тәрбиесі, мәдениет төңірегіндегі жауапты істі жүрексінбей қолға алған азаматтарға сәттілік тілейміз. «Адал азамат» қоғамдық қорының вице-президенті Ерлан Сержанұлының айтуынша, қорда білім саласында қызмет ететін, бірнеше тілді игерген, түрлі сала бойынша маманданған талапты да, талантты жастардан құралған команда қызмет етеді. Солардың бірі Еркебұлан Беделханұлы дәл қазіргі кезде атқарылып жатқан жоба-шараларымен бөлісті. Аталған азаматтардың сөзінен біздің түсінгеніміз, олар жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу үшін алдымен ділімізге тән анимациялық фильмдердің жарыққа шығуына атсалыспақ. Алайда еліміздегі ең басты киностудия «Қазақфильмнің» өзінде қазақтілді анимациялық жанр мамандары жоқтың қасы. Сондай-ақ қазіргі қаржы дағдарысы кезінде фильм түсіру секілді қымбат жобалардың іске асуы екіталай. Осындай жағдайларды ойлағанда, «Адал Азамат» қорының көтерген мәселелері сөз жүзінде ғана қалып қоя ма деген күдік те жоқ емес. Көкейдегі бұл сауалымызға Ерлан Сержанұлы барынша сенімді жауап беруге тырысты. «Біз тек қызыл сөзбен шектелмей, нақты іс-әрекет етудеміз. Егер маман жоқ, ақша жоқ деп отыра берсек, ештеңе шықпайды. Алаш азаматтары бірігіп, мәселе көтере білсек, оны жүзеге асыруға талпынсақ, алынбайтын асу жоқ. Игілікті іске қаржы да табылады. Бұған жұмыс барысында көз жеткізіп жүрміз. Көп ұзамай қазақ балалары қазақ тіліндегі заманға сай мультфильмдерді тамашалай­тын бо­ла­ды», – дейді ол. Жақсы сөз – жа­рым ырыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста