Ұлт діңгегі – ұлттық тәрбиеде

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылған «Балалар үйінде, балабақша және мектеп бүлдіршіндерінің арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс шаралар өткізу» атты жоба жұмысының орындалуын қорытындылау мақсатында кездесу кеші өтті.
Аталмыш шараға БҚМУ ректоры Асхат Иманғалиев бастаған ғылыми кеңес мүшелері, облыстық тілдерді дамыту бас­қармасының бастығы Махамбет Ихсан­ғали мен Жомарт Ерназаров және осы жоба­ны бірлесе атқарған университет ғалым­дары қатысты. Кездесу кешіне ақын, Халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лау­реаты Ақұштап Бақтыгереева мен ақын, аудармашы, тіл жанашыры Қайрат Жұма­ғалиев арнайы шақырылды.
Университет қабырғасында қазақ жас­тарын ұлттық дәстүрді сақтауға, өз елінің тарихын білуге, мемлекеттік тілді игеруге, халық батырларының тарихи ерекшеліктерін түсінуге тәрбиелеу, жас ұрпақтың ұлт­тық тәлім-тәрбиенің ықпалымен рухани жетілуіне әсер ету мақсатымен «Қыз­дар әлемі» порталы ашылған болатын. Атал­ған жоба аясында бірнеше тақырыпта тәрбие сағаттары дайындалып, олардың эл­ектронды нұсқалары шықты. Тәрбие сағат­тары қаладағы мектептермен бірге об­лыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында және әдістемелік құралдар дайындалып, «Қыздар әлемі» порталының жұ­мы­сы толықтай таныстырылды. Осы жоба­ға басшылық жасаған БҚМУ доценті Айгүл Медешова жоба барысынан толықтай мағ­лұмат берді. Жоба жетекшісі алдағы уа­қытта музыкалық этнография, көркем әде­би шығармалар қосу, интерактивтілікті кү­шейту жұмыстары жүргізілетінін айтып өтті.
Ақұштап Бақтыгереева, ақын:
– Мен бұл тақырыпты жырладым, әлі жырлап келемін. Біреулер ақындар үшін ұсақ тақырып деп қарауы мүмкін. Бірақ бұл – тақырыптың ауқымы өте кең, үлкен қоғамдық проблема. Біздер өз өл­еңдеріміз арқылы қыздарымызға ұлт­тық тәрбие беруге тырысамыз. Өйт­кені ұлт діңгегі – ұлттық тәрбиеде. Қазақ қызы тәрбие бастауын ана сүті­нен алады. Қазақ әйелі қазақ қызына өне­гелі тәрбие берсе, қазақ қызы қазақ қоғамының тірегі болары анық. Қыз­дары мықты болмай, қоғам мықты бол­майды деген ойдамын.

Кешті қорытындылаған университет рек­торы Асхат Сәлімұлы бұл жобаның БҚМУ базасында жүргізілуі үлкен мәртебе екенін, өйткені облыстық педагогикалық тәжірибесі мол ғалымдар басшылық етіп отырған шаралар инновациялық тұрғыдан оздырылуы тиістігін, жаңашылдыққа бет бұрып, болашақ педагогтерді тәрбиелеп отырған ұжым үшін маңызы зор екенін ерекше атап өтті.

Рита Сұлтанғалиева, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста