"Үйге кіргізбей жіберді": Мұрат Қожа бірінші әйелі жайлы өз шындығын айтты
"Хабар" арнасының "Қарақатпен шай" бағдарламасында Мұрат Қожа бірінші әйелі Айман Нұразханның үйіне барып, табалдырықтан қайтқан күнін еске алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің алғашқы жұбайы одан қыздарының жүрегін ауыртпауды сұраған.
"Қыздарымды ойламаған күнім болған емес. Құдайдың құтты күні солардың амандығын тілеймін. Осы уақытқа дейін парақшаларын да білмейді екенмін. Әйгерім "Қыздарға жазылған ба едің?" деп сұрады. "Бар ма еді?" деп сұрап, жазылдым. Лүпіл басып, қызыммен жазысып... Оның алдында да сөйлесіп жүрдім ғой.
Ол кісі (ред: Айман Нұразхан) бүкіл жерде бәріне жақсы болып тұрып, менің абыройым түскенін қалады ғой. Бес-алты жыл өтті ғой, қайдағы ашу болуы мүмкін? Тоқтауы керек қой. Ол елдің бәріне "Мұратқа ештеңе демеймін. Ол балаларын ойлауы керек. Бақытты болсын" деп айтады. Бірақ менің өзім барғанымда, мені үйге кіргізбей жіберген кездері болды. Ол "Қыздардың жүрегін ауыртасың. Үйге кірмей-ақ қойшы" деді.
Мен ешкімді жамандағым, даттағым келмейді. Өз-өзіңді ақтау үшін, біреу туралы айту керек болады. Бірақ мен ақталғым да, жамандағым да келмейді. Мен жаман болып қала берейінші деп ойладым. Бірақ кейде шынымен ашуға тиіп кетеді мысалға. Менің қаншама ағайындарым, інілерім, келіндерім бар. Бәрі қарап отыр", - дейді Мұрат Қожа.
Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Қожа бірінші әйелімен ажырасу себебін және екінші жұбайы жайлы бар шындықты айтып берген болатын.